Жетекшілік хадисы 128
Ислам дінінде сәлемдесу әр мұсылманның құқығы және күнәларының кешірілуіне себеп болатын фактордың бірі саналады.
Исламның әйгілі хадисшісі Джабер Джуфи имам Бақер (ғ.с.)-ның мына рауаятын нақыл еткен: «Періштелердің бірі бір үйдің алдында тұрған ер адамның қасынан өтіп бара жатып, одан: «Уа, Алланың пендесі! Бұл жерде неге тұрсың?»- деп сұрағанда ер адам: «Мүмін досыммен сәлемдесейін деп келдім»,- деп жауап береді. Періште: «Екеуіғ доссындар ма, әлде жақындарыңның бірі ме немесе бұл адамда жұмысың бар ма?»- деп сұрағын жалғастырады. Ер адам: «Бұл адам менің жақыным емес, онда жұмысым да жоқ. Ол діндес бауырым. Оған құрмет көрсетуден басқа ісім жоқ. Мен Алланың ризалығы үшін оған келуді қажет санадым»,- дейді. Періште: «Мен сенің қасыңа Алла тарапынан келдім. Ол саған сәлем жолдап: «Уа, пендем! Сен мені ұмытпай, бұл істі мен үшін жасадың. Сондықтан, саған жаннатты сыйлап, азап және тозақ отынан құтқарамын»,- деген жолдауды жіберді»,- деді.
Дүниежүзінің әртүрлі жеріндегі барлық адамдар бір-біріне жеткен кезде достығы мен бауырмалдығын білдіру үшін бір-бірімен сәлемдеседі. Сәлемдесу өте маңызды болғандықтан, мұсылмандардың кездесулерінің ресми ұранына айналды. Алла елшісі бұл туралы: «Сәлемдесу – біздің үмбеттің ұраны»,- деді. Алайда, ислам дініндегі әрбір әдеп-ғұрып сынды сәлемдесудің не артық, не кем болмағаны жөн. Кейбір кезде сәлемдесу жағымпаздануға ұқсас болып, кейде адамның рухани жағдайына сәйкес сәлем берілмейді. Бұл екі жайт та дұрыс емес. Егер сәлемдесу тек сырттай және тілмен ғана айтылған іс болып, мүміннің жүрегінде махаббат болмаса, екіжүзділік саналады. Басқа жақтан, егер сәлемдеспесе, дұрыс іс саналмайды. Имам Әли (ғ.с.): «Діни бауырларыңмен сәлемдесуге немқұрайдылық танытпаңдар»,- деген. («Наһдж ул-Балағе тәпсірі», 20-шы том).
Адам өзінің теңгерімін не жоғары, не төмен санамайды. Ол өзін басқалардан артық санамайды. Мұндай адам халықпен және жақындарымен оңай қарым-қатынас орнатып, оларды көруге барады. Имам Садық (ғ.с.): «Қарапайымдылықтың белгісі – сәлемдесу. Сондықтан, кез келген адаммен кездескен кезде онымен сәлемдес»,- деп айтқан болатын. («Бихар әл-Анвар», 75-ші том). Бауырдың алдында тәкаппарлық білдірме. Тек қарапайымдылық арқылы ғана Жаратушыға жақындап, илаһи кешірімге ие болады. Алланың елшісі бұл туралы: «Сәлемдесу мен жақсы сөз – күналардың кешірілуіне себеп болатын іс»,- деді. Құран аяттары бойынша, сәлемдесу – илаһи ұрандардың бірі. Адам өліп, оның материалдық денесінен жаны бөлінген кезде илаһи періштелер мүмін пенделермен сәлемдеседі. Бұл сәлем олардың жүрегіндегі барлық алаңдаушылықтарды жояды. Жәннәтқа кірген кезде де періштелер мүміндермен амандасып: «Сабыр еткендіктерің үшін Алланың есендігі сендерге болсын! Соңғы жұрт нендей жақсы»,- дейді.(«Рағыд» сүресі, 24-ші аят). Бұл ұран саулық пен қауіпсіздікке себеп болып, Алла Тағала пайғамбарларының тыныштығы мен сенімдері үшін олармен сәлемдесіп: «Елшілерге сәлем!» («Саффат» сүресі, 181-ші аят), «Хазірет Нұхқа бүкіл әлемнен сәлем болсын» («Саффат» сүресі, 79-шы аят), «Хазірет Ыбырайымға сәлем» («Саффат» сүресі 109-шы аят), «Хазірет Мұса және Харұнға сәлем!» («Саффат» сүресі 120-шы аят) дейді. Айта кететін жайт, Алланың өзінің соңғы пайғамбарына жолдаған сәлемі басқа сәлемдерден өзгеше. Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 56-шы аятында барлық мүміндерді сәлем айтуға шақырып: «Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер»,- деді.