Қаз 03, 2018 16:19 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 164

«Исра» сүресінің бірінші, «Нәжм» сүресінің бесінші аяттары бойынша Исламның ұлық пайғамбары түндердің бірінде Меккедегі әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне сапар шегіп, сол мешіттен аспанға көтерілген. Бір мекенде Жебірейіл пайғамбардан бөлініп қалып қойған. Сол мекенде Алланың елшісі мен Жаратушы құпия сұхбаттасқан. Кездесудің кейбір сөздері «Миғраж» хадисінде айтылған.

Миғраж – көптеген ғылыми пікірталастарға себеп болған шиеленісті  мәселелердің бірі. Алла Тағала бұл оқиғаға Құран Кәрімде екі рет, яғни, "Исра" мен "Нәжім" сүрелерінде назар аудартты. Рауаяттарда да бұл оқиға туралы көп айтылды. Солардың арасында "Миғраж" хадисі танымал болды. (Дилими. – "Эршад әл-Құлуб". – 1-ші том). Бұл құжат бойынша Исламның ұлық пайғамбары ғажайып түрде әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне жетіп, сол жерден аспандарға көтеріліп, ешбір періште кездеспейтін мекенде Жаратушымен сөйлескен. Бұл қасиетті хадис  көптеген зерттелмеген мәліметтерге ие.

"Исра" сүресі, 1-ші аят

Исламның  ұлық пайғамбарынан Миғраж түні Алланың хазіретке: «Уа, Ахмад! Егер кімде-кім аспандағылар мен жерліктердің мөлшеріндей намаз оқып, аспан пен жерліктердің мөлшеріндей ораза тұтып,  періштелер сияқты тамақтан бас тартып, ең қарапайым киімді қанағат тұтқанымен сәл де болса дүниені жақсы көріп немесе билік пен атақ-даңқ туралы ойласа, менің сарайымда маған көрші болмайды. Махаббатымды оның жүрегінен алып, мені ұмытатындай жүрегін тас қараңғы етемін",- деп айтқаны жеткен болатын. 

Егер адамның жүрегіне илаһи махаббат қонса, оның барлық қуанышы мен уайымы осы махаббатпен байланысты болады. Мұндай махаббат көп жылдар бойы, тіпті соқыр болып қалғанша хазірет Шуайбтың көз жасын тыйғызбады. Алла Тағала оның көзін сауықтырып, жанарын қайтарса да хазірет Шуайб қайтадан соқыр болғанша  жылады. Бұл жолы да Алла Тағала хазіретті көргізді. Хазірет Шуайб жылауын жалғастырып, үшінші рет зағип болды. Бұл жолы Жебірейіл Алланың: "Уа, Шуайб! Сенің көз жасыңның себебі не? Егер тозақ отынан қорықсаң, тозақты сен үшін харам еттік. Егер жаннаттың нығметтеріне жеткің келсе, жаннаттың есігін саған ашық қалдырдық",-  деген жолдауын жеткізді. Хазірет Шуайб: "Жаратушым менің тозақ отынан қорықпайтынымды және жаннат туралы армандамайтынымды біледі. Менің жүрегім Аллаға ғашық. Мен оны білемін. Сондықтан мен не болатыным үшін алаңдамаймын",- деп жауап береді. Сонда Алла Тағала оған: "Уа, Шуайб! Егер шынымен солай болса, мен сені мадақтаймын. Сондықтан сұхбаттасым Мұса бен Имранды саған қызметші болады",- деді. ("Мизан әл-Хикмат", 11-ші том).

Жүрегінде дүниеге деген махаббаттың кішкентай ұшқыны байқалған адам Аллаға жақындай алмайды. Өйткені, адамның  жүрегінде екі нәрсеге ғашық болуға орын табылмайды. "Миғраж" хадисі бойынша атақ пен билік туралы ойлайтын адамды Жаратушы өз махаббатынан айырып, жүрегін тұмшалайды. Сол себепті рауаяттарда ең жаман адамдар деп билік пен мансап талап етушілер аталған. Имам Садықтың (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: "Сендердің араларыңдағы ең жамандарың – билікті және халықтың өздерінің соңынан еріп жүргенін жақсы көретіндер. Бұл адам өтірік айтуға мәжбүр болады немесе халықтың сұрақтары мен талаптарына жауап бере алмайды",- деп айтылған. ("Усул Кафи", 2-ші том, 5-ші хадис).

 

Бұл рауаятта билікті жақсы көретіндіктерін жасыру үшін сырт көзге иманды көрінетін, бірақ негізінде көзбояушылық жасап, істерін шариғатпен ақтағысы келетін адамдар таныстырылды. Олар халықтың мадақтауын, сондай-ақ, құрметтеп, артынан жүргенін жақсы көретіндер. Бұл адамдар шынайы құдырет пен ғиззатқа ие болмағандықтан және халықты тартатын қадір-қасиеттері болмағандықтан адамдарды қызықтыру үшін өтірік айтуға мәжбүр болады. Сонымен қатар сараптама жасау мүмкіндіктерінен кенде болғанымен өздерін сарапшы көрсетуге талпынады. Имам Реза (ғ.с.) да дүниені жақсы көріп, билік пен мансапқа ие болғысы келетін адамдарға ескерту жасайды. Өйткені, рауаяттардың бірінде бір адамның имам Реза (ғ.с.)-ның қасына барып: "Пәлен адам билікті жақсы көреді",- дегені және имам Резаның (ғ.с.): "Егер екі қасқыр қойшысы жоқ бір табын қойға шабуыл жасаса, билікқұмар адамның мұсылмандар дініне тигізетін шығынынан азырақ шығын келтіреді",- деп жауап бергені айтылған. ("Усул Кафи", 3-ші том).