Қыр 11, 2018 23:51 Asia/Almaty

"Исра" сүресінің бірінші, "Нәжм" сүресінің бесінші аяттары бойынша, Исламның ұлық пайғамбары түндердің бірінде Меккедегі әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне сапар шегіп, сол мешіттен аспанға көтерілген. Бір мекенде Жебірейіл пайғамбардан бөлініп қалып қойған. Сол мекенде Алланың елшісі мен Жаратушы құпия сұхбаттасқан. Кездесудің кейбір сөздері «Миғраж» хадисінде айтылған. «Миғраж» хадисіндегі ғибадатшылар тақырыбы:

«Миғраж» хадисіндегі ғибадатшылар тақырыбы:

Имам Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде Алла елшісінен Алла Тағаланың миғраж түні одан «Уа, Ахмад! Пендемнің қай уақытта ғибадат жасайтынын білесің бе?» деп сұрағаны, хазіреттің «жоқ» деп жауап бергені туралы айтылған. Сол кезде Алла Тағала: «Оның болмысында жеті ерекшелік: біріншіден, оны харамнан қорғайтын тақуалық, екіншіден, бас тартудан тосатын үнсіздік қалыптасуы керек»,- деді. Бұдан бұрын да Жаратушы осы хадисте пайғамбармен үнсіздіктің маңыздылығы және үнсіздіктің оразамен (аз тамақтанумен) бірге адамға хикметтің есіктерін ашып, оның жүрегінің нұрланып, қырағылығының артуына себеп болатыны туралы айтқан болатын. Егер сөздің пайдасы болмаса және Аллаға жақындатпаса, адам үнсіздік танытуы керек. 

Алла Тағала сопылардың үшніші ерекшелігі туралы: «Көзжасты күннен күнге арттыратын қорқыныш»,- деді. Негізінде, ғибадат жасап немесе Құран оқып, илаһи түсініктерге назар аударатын әрбір мүміннің жүрегі толқып, көзі жасқа толады. «Инфал» сүресінің 2-ші аятында:  «Сөзсіз, мүміндер Алла еске алынса, жүректері қобалжиды да оларға Алланың аяттары оқылса,  сенімдері артып, Раббыларына тәуекел етеді»,- деп айтылған. Алладан қорқу, яғни Алланың алдындағы міндеттерін дұрыс орындамаудан  қорқу – шын мәнінде өзінің күнәларынан қорқу. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Сендердің ешбіреуің күнәларынан басқадан қорықпасын»»,- деген болатын. («Наһдж ул-Балағе», 82-ші хикмет). Алла Тағала бұл хадисте ғибадат жасаушылардың төртінші ерекшелігі ретінде  ұятқа назар аударады. Өйткені, бұл ерекшелік адам жалғыз қалғанда Алладан ұялуына себеп болады. Егер адам басқалардың алдында күнә жасауға ұялса, оның себебі Алладан емес, адамнан ұялуы болып табылады. Алайда, адамдардан ұялу басқалардың алдында күнә жасаудан ұялмайтындардан жақсы. Бірақ, Алладан ұялу – құнды. Алла барлық жерде болғандықтан, адам жалғыз қалғанда Алладан ұялатын болса, оның ұяты шынайы. Ұяттың маңыздылығы туралы имам Бақер (ғ.с.): «Адамның болмысы шәһуаты, қалауы, алаңдаушылығы, ашу-ызасы және ләззатымен аралас болады. Бірақ, халықтың арасында болмысын иман мен ұяттың күшімен біріктіретін адамдар бар. Нәпсің сені күнәға итермелесе, аспанға таңырқап қарап, әлемді жаратқан Алладан қорқып, күнә жасаудан аулақ бол. Егер құдыретті Алладан қорықпасаң, жерге қара. Мүмкін, адамдардың үкіметі мен қоғамдық пікірден ұялып, күнә жасамайтын боларсың.  Егер илаһи және адами биліктен қорықпайтын жағдайға жетсең, өзіңді адамдардың сапынан бөлек сана»,- деген болатын.    

 

Ғибадатшының бесінші ерекшелігі өзіне қажет, яғни, қалағанынша емес, ғибадат жасап, міндеттерін орындау үшін қажет мөлшерде ғана тамақтануы болып табылады. Алтыншы ерекшелігі дүниеден алыс болуы, жетінші ерекшелігі жақсылармен дос болуы. Өткен бағдарламада айтқандай, Алла мен әулиелердің дүниеге дұшпандық білдіруі дүниенің нығметтеріне дұшпандық білдіру емес, дүниеқұмарлыққа қарсы болу. Өйткені, дүниеқұмарлық адамды дүниеге қызықтырады. Егер дүниені ақыреттің құралы деп білсе, шын мәнінде ақыретін ойлағаны. Ғибадат жасаушы жақсылық жасайтындар мен Алланың жолында қадам басатын адамдарды жақсы көреді. Имам Бағер (ғ.с.) сөзінің бірінде иман туралы: «Иман – Алланың достарымен дос болып, Алланың дұшпандарымен дұшпан болу»,- деген болатын.