Аптаның экономикалық журналы (112)
Осы аптада үкімет апталығы өтті. Бүгінгі бағдарламамызда Ислам революциясы жетекшісінің Иран президенті және министрлер кабинетінің мүшелерін қабылдауында осы апталыққа орай жасаған баяндамасы және хазіреттің үкімет қайраткерлеріне экономика мәселелеріне қатысты берген кеңестеріне тоқталамыз.
Ислам революциясының жетекшісі сенбі күні ИИР президенті мен министрлер кабинетінің мүшелерін қабылдауында үкімет апталығын ұлықтаумен қатар, басшылардың бар талпыныстарының халықтың ауқаттылығына қатысты мәселелерді шешуге бағытталуы қажеттігін қуаттады. Хазірет қоғамдық мәселелерді, соның ішінде, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуді күн тәртібінде тұрған басты мәселе деп атап: «Экономиканы мұнайға тәуелділіктен арылту керек. Бұл маңызды мақсат Иран көптеген мүмкіндіктер мен адам күшіне ие болғандықтан, қолжетімді болып табылады» деді.
Халықтың мәселелерін шешу, джиһадтық рухқа ие болу, дамылсыз талпыныс жасау, халықпен байланыс бөлімінің мықты болуы, ұлттық рухты сақтап, нығайту, атаққұмарлықтан ада болу хазіреттің үкімет қайраткерлеріне берген кеңестерінің қатарын құрады.
Қымбатшылық және тоқырау сияқты экономикалық мәселелерді шешу Иран сияқты тәуелсіз әрі революцияық армандарға ие ел үшін жұмсақ қауіп-қатер саналады. Осы осал тұстардың бір бөлігі шетелдік санкциялар мен қысымдардың салдарлары болуы мүмкін. Алайда,әлемдік мұнай бағасы күрт төмендеген сайын экономикаға зарар келтіретін мұнайға тәуелділік шынайы мәселе болып табылады.
Дәл осы мәселеге байланысты Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи баяндамаларында табыс көздеріне өзгеріс енгізу және мұнайға тәуелді экономикадан алшақтау қажеттігін бірнеше рет ескертті.
Мұнайды экономиканың қозғаушы күшіне айналдыруға болады. Бұл мақсат Иранның мүмкіндіктері мен жұмыс күштеріне байланысты қолжетімді болып табылады. Осы аяда ішкі өндірісті нығайту, технологиялар мен білімді экспорттап, импорттау және экономиканың маңызды әрі сезімтал бөлімдерін іргелі ғылымдарға негіздеу хазірет аятолла Хаменеидің бірнеше рет қуаттаған мәселелердің қатарын құрайды.
Хазірет бұл жайында былай дейді: «Дұшпандықтар мен жағдайға, қажеттіліктерге, біздің алдымызда тұрған биік мақсаттарға байланысты жаңа кеңістік қалыптастыруымыз керек. Бұл жаңа кеңістік ынтымақтастық және бір ортақ мақсат үшін жұмыс пен талпыныс жасау кеңістігі болуы керек. Бұл мақсат – елді дамытып, Ислам республикасының жүйесін ілгерілету. Барша осы іске атсалысуы қажет».
Табысты елдердің тәжірибелері тұрақтылық пен үкіметтердің бейімділігі мен экономикалық үлгінің қаржы-экономикалық дағдарыстармен күресудің басты алғышарттары екенін көрсетеді. Қарсыласу экономикасы алаңында өзінің ішкі мүмкіндіктері мен алғышарттарын басқа экономикалармен байланыстарда пайдалана алатын мемлекет табысқа жетеді.
Әлемдік өзгерістерді бастаушылардың бірі саналатын америкалық жазушы Элвин Тоффлер осы мақсатқа жету үшін қажет басты құрал ретінде білім мен технологияны атады. Тоффлер өзінің атақты үш кітабында, атап айтқанда, «Болашақтағы шок» (1970), «Үшінші толқын» (1980) және «Биліктің өзгеруі» (1990) атты еңбектерінде біздің төңірегімізде орын алып жатқан өзгерістердің жүйесіз кездесейсоқтық емес, оларда белгілі бір үлгілер мен факторлардың бар екенін айтады. Осылайша, бұл үлгілер мен факторлар біздіңөзгерістермен стратегиялық түрде күресіп, алдымызда кездесетін оқиғаларға қауіпті реакция көрсетуден алшақтауымызға көмектеседі.
Шын мәнінде,көптеген елдер бағдарлама жасау, ішкі ресурстарға сүйену және ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру арқылы әлемдік экономикада жақсы орынға жете алды. Бұл әрекет екі факторға, бірі – экономикалық алаңдағы ішкі мүмкіндіктерге, екіншісі – шекарадан тыс жердегі сыртқы мүмкіндіктерге байланысты. Осындай жағдайда революция жетекшісі атқарушы билік басшыларына экономика бөлімінің әлеуеттеріне негіздеп, макро экономикалық саясаттарға қатысты басқа мәселелерді күшпен ілгерілету үшін бағдарлама жасап, білікті күштерді пайдалану мен талпыныс жасауды қуаттап келеді.
Бүгінде атом өнеркәсібі экономика мен дамудың қозғаушы күшіне айналған. Экономикалық журналымыздың жалғасында осы мәселеге тоқтламыз.
Жаңа технологияларды дамыту ғылым мен жаңа технологияларды қайта қарастыру қажеттігін екі есе арттырып отыр.
Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи сенбі күні Иран Телерадио ұйымына берген сұхбатында: «Тұрақты изотроптарға қатысты жобалар мен Фордодағы зерттеу орталықтарының кешені алдағы екі апта ішінде бастапқы қолданысқа беріледі. Оның ашылу салтанаты 2018 жылдың сәуір айында өтеді» деді.
Салехи Иран мен Ресейдің серіктестігімен жасалған тұрақты изотроптар жобасының ілгеріліп жатқанын айтып: «Оған қатысты келісімшарттарға қол қойылды. Келісім жасау үшін техникалық келіссөздер де өткізілді. Мамандар келісімнің барлық қырларын назарға алды» деді.
Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Арак ауыр су реакторы туралы айтқан сөзінде осы жобаны қайта жасау жұмыстары аяқталғаннан кейін Арак реакторының әлемнің дамыған реакторларының қатарына кіретінін мәлімдеді.
ИИР-ның Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы Беһруз Камалванди «Хандаб ауыр су реакторы» деп аталған Арак ауыр су реакторы жобасының жұмыстарының жақсы ілгерілеп жатқанын, жобалауға қатысты бастапқы әрі маңызды жұмыстарды Иранның орындағанын айтты.
Бұл жобалар Иранның атом өнеркәсібінің жақсы қарқынмен ілгерілеп жатқанын көрсетеді. Осы аяда Теһранда осы аптада кванттық технология бойынша алғашқы конференция өтті.
Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы осы ғылыми конференцияда сөйлеген сөзінде: «Жастардың идеяларына тәуекел етіп, инвестиция салуымыз керек» деді. Ол кванттық технология саласының тарихына шолу жасап, ғалымдардың назарын осы технологияға аударып, түрлі салалардағы зерттеушілер мен ғалымдарды осы бөлімде зерттеу жұмыстарын жасауға шақырды.
Адамзат қоғамы үшінші мыңжылдыққа аяқ басқаннан кейін дамыған елдердің жаңа технологияларға қарай бет бұруы әлемде түбегейлі өзгерістер енгізді. Иранның Атом қуаты ұйымы осы мақсатты діттеп, алаңға аяқ басып, кванттық технология саласында жаңа бағдарлама жасап, өз бағдарламасында лайықты инфрақұрылымдар ұсынумен қатар, фотондық және кванттық технологиялар ғылыми-зерттеу орталығын құру жолында әрекет етуде.
Қазір көптеген алдыңғы қатарлы компаниялар жаңа технологиларға, әсіресе, кванттық технологияларға ауқымды инвестиция салып жатыр. Сондай-ақ, өз өндірістерінің бағдарламарында түрлі датчиктер құруды көздеп отыр. Осы аяда Иранның да жоспарлары бар.
Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі зерттеу институтының «Санкциялардан кейінгі кезеңде қарсыласу экономикасы саясатын жалғастыру» атты есебінде Иранның қарсыласу экономикасы стартегиясының осы уақытқа дейін санкциялардан құтылуымен қатар, халық пен экономиканың түрлі бөлімдерінде туындаған ауыр қиындықтардың салдарларын да азайта алғаны қуатталды.
Иран маңызды көршілес ел ретінде Ауғанстанның ұзақ мерзімді бағдарламаларында басты серіктестерінің бірі бола алады.
East West атты америкалық институт Иран мен Ауғанстанның қарым-қатынастары туралы сараптамасында: «Иранның қайтадан әлемдік алаңға аяқ басуы Ауғанстанның алдағы жылдары дамуы үшін теңдессіз мүмкіндіктер тудырады. Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің аймақтық экономикалық ынтымақтастықтарды нығайтуға бағытталған стратегиясы осы елдегі ұзақ мерзімді тұрақтылық пен даму үшін негіз, ирандықтардың серіктестігі үшін түрткі бола алады» деп жазды.
Иран Ауғанстанның солтүстігіндегі Герат қаласы арқылы өтетін сауда жолдары мен ұзындығы 936 шақырымды құрайтын ортақ шекараға, сондай-ақ, Гильменд өзенінде ортақ сулар мен ресурстарды кеңейту үшін өзара мүмкіндіктерге ие болғандықтан, Ауғанстанның даму жолының ажырамас бөлігі болып табылады. Үндістанның қолдауымен Иранда Чабаһар портының салынуы Иранның теңіздің маңызды жерлеріне шығуы үшін маңызды қадам болды. Екі ел арасындағы сауда келіспеушіліктерін шешу үшін де мүмкіндіктер бар.
Чабаһар порты мұхитта жүзетін алып кемелерді қабылдауға әзір. Жақында бұл порт Иранның жүк тиеп, қабылдайтын маңызды порттарының біріне айналады. Үндістанның Ирандағы елшісі Саураб Кумар да біраз бұрын Чабаһар еркін сауда аймағы инфрақұрылымдарының кеңейтіліп жатқанына, әсіресе, солтүстік-оңтүстік дәлізді қосу аясында Чабаһар-Захедан темір жол желісі жобасының аяқталғанына тоқталып: «Жаңа Дели Чабаһар еркін сауда аймағындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, басқа елдермен лайықты байланыс орнатуды көздеп отыр» деді.
Шығысқа бет бұру саясаты шеңберінде Иран мен Индонезияның байланыстары жақсы дамып келеді. Иран мен Индонезияның тауар айналымының мөлшері 2016 жылғы 340 миллион доллар деңгейінен 600 миллион долларға дейін көтерілді.
Индонезияның Теһрандағы елшісі Катвино Алимудин жексенбі күні Йезд облысының өнеркәсіп иелерімен кездесуінде 2017 жылы екі елдің сауда айналымы деңгейінің 27 пайызға артқанын тілге тиек етіп: «Иран мен Индонезияның экономикалық айналымы өткен 2 айда 2016 жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 7 есе артып, осы мерзімде екі ел арасында айына 70 миллион доллар көлемінде тауар алмасылды» деді.
Біраз бұрын Иран мен Малайзияның сауда мүмкіндіктерін қарастыру отырысы екі елдің өнеркәсіп иелері мен сауда компанияларының қатысуымен Куала-Лумпурде өтті.
Малайзияның Сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы Вира Джалилабаба осы отырыстаМалайзияның Иран Ислам Республикасымен сауда айналымын арттыру үшін әріптестік жасауға әзірлігін жариялады.
Иранның 13 мың шақырымға созылып жатқан темір жолдары мен солтүстігі мен оңтүстігінде орналасқан еркін сауда аймақтары азиялық экспорттаушылар үшін ерекше жағдай тудырып отыр. Осындай сауда байланыстарында Армения да ИИР мен Еуразиялық одақты байланыстаратын көпір болып табылады.
Жуырда еркін сауда аймақтарында ынтымақтастық жасау туралы келісімге қол қойған Иран мен Армения экономикалық аймақтардың көмегімен Еуразиялық одақпен әріптестік жасай алады.