Қыр 26, 2017 16:20 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 132

Тәубе – яғни, өкіну және күнә жасаудан бас тартып, Хақ жолына оралу.

Адам өміріндегі мәселелердің бірі Алланы ұмытуы немесе оны еске алуға немқұрайдылық танытуы саналады. Алланы ұмытатын адам оңай түрде күнә жасайды. Бірақ, Алла Тағала өте мейірімді. Сондықтан, адамдарға қайтып оралу жолын, яғни тәубені ұсынып: «Тәубе ететін күнәһарды жақсы көремін және оның күнәларын кешіремін»,- деді.

Тәубе, Аллаға жолына оралу

Тәубе – яғни, өкіну және күнә жасаудан бас тартып, Хақ жолына оралу. Құран Кәрімде пенденің және Алланың тәубесі туралы айтылған. Пенденің тәубесі күнә жасаған адам күнәсі үшін өкініп, оларды қайталамай, илаһи жолға түскен кезде орын алады. Күнәһарлар күнә жасап, Алланың бұйрығына бағынбай, одан теріс айналады. Сондай-ақ, Алла да одан теріс айналады. Алайда Жаратушының тәубеге келуді насихаттауы Оның мейірімділігі, махаббаты және рақымдылығымен адамға қайта бұрылатынын білдіреді. Сол себепті, күнәһар адамның тәубесі Алланың екі тәубесінің ортасында орналасады. Басында Алла Тағала күнәһар адамға бет бұрады. Алланың дәл осы бет бұруы күнәһар адамды өзгертіп, оның күнә жасағанына өкініп, тәубаға келуіне себеп болады. Адам өкініп, тәубе еткеннен кейін Алла екінші рет пендесіне оралып, оның тәубесін қабылдап, күнәларын кешіреді. Бұл – Алланың тәубе ететін пенделерін жақсы көретіндігінің белгісі. «Шәксіз, Алла тәубе етушілерді жақсы көреді». («Бақара» сүресі, 222-ші аят).

Алла Тағаланың  тәубе еткен және илаһи жолға оралған күнәһар пендесіне деген махаббатының деңгейін имам Бақер (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінен көруге болады. Бұл рауаятта: «Сапарға шыққан ер адам қараңғы түнде түйесі мен оған артқан жүгін жоғалтып, кейін тауып алғанда қалай қуанады. Алла Тағала тәубеге одан да көбірек қуанады",- деп айтылған. ("Усул Кафи", 4-ші том). Келесі хадистің бірінде: «Алланың алдында тәубе еткен ер мен әйелден сүйікті ешкім жоқ»,- деп қуатталды. («Мизан әл-Хикмат», 1-ші том). Имам Садық (ғ.с.) сөздерінің бірінде: «Пендесі шынайы тәубе еткен кезде Алла оны жақсы көреді. Дүние мен ақыретте күнәларын жасырады. Ол пенденің күнәләрі  тіркелген  періштенің тізімін ұмытып, дене мүшелерінің куәліктерін жасырып, күнә жасалған жерлерге күнәларды жасыруды бұйырады»,- деген. («Усул Кафи», 2-ші том). Күнә жасау мен Аллаға бағынбау адамды тұңғиыққа тартады. Бірақ, адамның күнә жасамау туралы шынайы шешімі мен тәубесі  адамның алдынан илаһи рақым есіктерін ашатын қауіпсіз жағалауға қарай алға ілгерілеу болып табылады. Алайда, тәубенің негіздері бар. Тәубенің маңызды негіздерінің бірі – күнәні өтеуде. Тәубе жасаушы күнә жасаудан алыстап, өзін ластықтың барлық түрінен тазартқан соң, жақсылық жасап, күнәларын өтеуге талпынуы қажет. Яғни, емделу үшін қажет дәрілерді ішкен науқас ауруы салдарынан әлсіреп, енді ағзасын күшейтетін дәрілерді ішетіні сынды, тәубе еткен адам да күнәға қайтып оралмау туралы шешім қабылдаған соң, өз ісін бұрынғы күнәләрынан тазартып, жарқыраған жақсылықтарға айналдыруы керек. Мәселен, ата-анасын қорлаған адам тәубе еткен соң өзінің азаптарының күнәсын өтеу үшін ата-анасына мейірім білдіруі тиіс.  Имам Бақер (ғ.с.) күнәнің салдарынан құқықтары бұзылған адамдардың құқықтарын қайтаруды тәубе етуші адамның міндеті деп атап: «Тәубе етуші адамның тәубе еткендігінің белгілері анық көрінбесе, оның тәубесі шынайы саналмайды. Тәубенің айқын белгілеріне құқықтарын бұзған адамдарды разы етуі, қаза намаздарын өтеуі, мүміндердің алдында қарапайым болуы және өзін нәпсілік тілектерінен сақтау. жатады. («Бихар әл-Анвар», 71-ші том).

Күнәні жақсы жұмыстар, қаржылай көмектер, Алла жолындағы жиһад, ораза тұту, түнді ғибадат жасап ояу өткізу және басқа да түрде өтеуге болады. Бірақ, маңыздысы – бұрынғы істерден өзгеше амал етуде. Мәселен, зұлымдық пен рақымсыздықты езілген адамдарға жақсылық жасап, мұқтаждарға көмектесумен, сондай-ақ көзбен жасалған күнәларды Құран мен ғалымға және ата-анаға қараумен өтеуге болады. Имам Бақер (ғ.с.) халыққа жақсылық жасап, Аллаға ғибадат етіп, түнді ояу өткізуді күнәны өтейтін жолдар ретінде насихаттайды. («Васаел әл-Шие», 15-ші том).