Қаз 13, 2017 14:47 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 133

Исламның ұлық пайғамбарының: «Алланың алдында тәубе еткен ер мен әйелден сүйікті ешкім жоқ».

Адамға сыйға тартылған Алланың үлкен нығметтерінің бірі – тәубе. Ол қараңғыдан жарыққа қарай оралу мүмкіндігін беретін нығмет болып табылады. Алла Тағала пенделеріне деген рақымдылығы және мейірімділігіне байланысты тәубені күнәләрді өтейтін, бұзақылықтардан алыстап, адасқан жолдан шығып, жарық жолға түсуге мүмкіндік беретін мұрсат ретінде қалыптастырды. Тәубе –Алланың мейірім құшағына оралып, адамның тағдырын бақытсыздықтан бақытқа қарай бұратын алтын мұрсат. Алайда адам бұл мұрсатты қанша уақытқа дейін пайдаланып, бұл дүние мен ақыреттегі өмірін дұрыс өзгерте алады?

Имам Бақер (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде: «Хазірет Адам хазірет  Хаққа: «Уа, Жаратушы! Шайтаннан маған қарай жолды ашық қойып, оны  қан сынды бүкіл ағзаымызға тараттың. Енді оған қарсы тұратын нәрсе бере гөр»,- дегенде: «Сен үшін егер перзенттеріңнің бірі күнә жасауға тек ниет етсе, ол тіркелмейді, ал егер оны жасаса, тек бір күнә ғана тіркелетіндей шараны ойластырамын. Сондай-ақ, егер перзенттеріңнің бірі жақсылық жасауды ниет еткенімен, оны жасамаса да соның атына тіркелетін болады»,- деген дауыс естілді.  Хазірет Адам: «Уа, Жаратушы! Маған тағы жеңілдік бере гөр»,- дейді. Жаратушы оған тәубені сыйлап, уақыт беретінін айтады. Хазірет Адам: «Бұл мен және менің перзенттерім үшін жеткілікті»,- деді»,- деп айтылған. («Усул Кафи», 2-ші том).

Кейбіреулер тәубені тілмен айтуды жеткілікті деп санап, тілімен кешірім сұрап, «Астағфралла» деп зікір айтады. Негізінде тәубе тек тілмен кешірім сұрау емес. Біріншіден, жасаған күнәсына шын жүректен өкініп, содан кейін тілімен күнә жасамайтыны туралы айтып, дене мүшелерін күнә және жамандық жасаудың орнына жақсылық жасауға пайдаланғаны жөн. Сөйтіп, жамандық, күнә жасамау және жүректі ластамау туралы шешім қабылдауы керек. Өйткені, тәубе сыртқы іс емес, терең әрі ішкі іс-қимыл. Шынайы тәубе еткен адамдар адал түрде әрі ақ ниеттерімен Аллаға қарай оралады. Рауаяттардың бірінде: «Тәубені тілімен айтып, кешірім сұрай беретін, бірақ шынайы тәубе туралы білімі жоқ адам имам Әли (ғ.с.)-ның қасына келіп: «Астағфралла! Алладан кешіруін сұраймын»,- дегенде имам: «Кешірім сұраудың не екенін білесіңдер ме?»- деп сұрады. Содан кейін тәубе мен кешірім сұрау туралы түсіндіріп: «Шынайы кешірім сұрау – жоғары дәрежеге ие. Сондықтан тілмен кешірім сұраудан бұрын оның алты кезеңін орындау керек: біріншіден, жасаған күнәға шынайы өкіну қажет; екіншіден, күнәні қайталамау туралы шынайы шешім қабылдау керек; үшіншіден, егер жасаған күнә мен жамандығы адамға шығын келтірген болса, оны өтеу керек; төртіншіден, орындамаған әрбір уәжіптің қазасын орындау керек; бесіншіден, харам іс-қимыл салдарынан денеңе біткен етті күнә үшін уайымдап, оны кетіруге талпыну керек; алтыншыда, күнәнің дәмін татып, ләззат алғандай төзімділіктің ауыртпалығының да дәмін тату кепек. Содан соң «Астағфралла» деп айта аласың»,- дегені туралы айтылған. («Наһдж ул-Балағе» 417-ші хикмет).

Көптеген жайттарда абайлап, аздап төзімділік білдіріп, күнәдан бойды аулақ салуға болады. Бірақ, егер күнә кішкентай әрі аса маңызды емес деп ойлап, күнә жасайтын болса, сырт көзге кішкентай күнә  көптеген салдарларға себеп болады. Сол себепті исламда тәубе жараны емдейтін хирургиялық жәрдем сынды. Денсаулық мәселесінде аурудың алдын алу оны емдеуден артығырақ саналғанындай күнәның да алдын алған дұрыс. Яғни, біріншіден күнәға денеге енетін ауру сынды енуге мүмкіндік бермеген жөн. Имам Әли (ғ.с.): «Күнә жасамаудан тәубе ету қиынырақ»,- деген. («Усул Кафи», 2-ші том).

Тәубе ету күнә жасамаудан қиынырақ

Хазірет Иса да: «Халыққа қарызын дер кезінде қайтаратын қарыздар адаммен салыстырғанда қарыздар емес адам  тыныштыққа бөленіп, оның мәселелері де азырақ болады. Сондай-ақ, тәубе етіп, Аллаға қарай оралған адамнан гөрі күнә жасамаған адамның көңілі тыныш болады»,- деген.

****************************