Қаз 18, 2017 15:17 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 13

Тәкфиршіл ағымдардың көзқарасы бойынша пайғамбар кезеңі мен Исламдағы беғсаттан кейінгі бірінші үш ғасырда орын алмаған кез келген жаңа іс бедғат және харам саналады.

ДАИШ-тың уәждеріндегі халифат  мемлекеттер арасындағы шекараларды ресми қабылдамайды. Олардың Исламға деген көзқарасы «исламдық үкімет» – ДАИШ-тың шекараларын белгіледі. Сондықтан, олар белгілеген шекарада орналасып, кәпірлерді өлтіруді рұқсат деп санайды. Сөнымен, ДАИШ-тың халифат үшін белгілеген саяси картасына Қытайдың батысынан Андалузияға дейін орналасқан барлық исламдық жерлер кіреді. ДАИШ дұшпандық білдіретін мазхабтық жақтастардың бірі шиіттердің жақтастары болып табылады. ДАИШ-тың тәкфиршіл ой-пікірі шиіттерге қарсы көптеген күдік-күмән тудырып, оларды Исламнан тыс санап, шиіттерді Ислам дініне бедғат енгізді деп айыптайды. 

ДАИШ

ДАИШ-тың идеологиясы ваххабизмнен тамырланып, бедғаттың не екені туралы нақты түсініктеме бермей, шиіттерді  Ислам дінінен тыс етіп көрсетуге талпынуда. Басқа да көптеген түсініктер сынды бедғаттың шегі мен шекарасы анықталған. "Дінді басып алу" – «бедғат» түсінігін анықтайтын ең маңызды факторлардың бірі. "Жазбаның жоқтығы" мен "қағиданың жоқтығы" – бедғатқа жол ашатын  себептер. "Жазбаның болмауы", яғни күмән туған мәселеге қатысты аят пен Исламның ұлық пайғамбары мен діни басшылардың рауаяттарының болмауы. Оны растайтын құжаттың болмауынан аталмыш мәселеге сай әрекет жасау бедғат саналады. Егер,  мәселе шариғатта тікелей көрсетілмегенімен, шариғат негіздерінде қалыптасқан болса, бедғат саналмайды. Іс-әрекетті бедғаттың қатарынан  шығару үшін арнайы жазба қажет емес. Мәселен, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның есімін айтқан кезде тұру немесе құрмет көрсетіп, ата-ананың қолын сүю туралы жазба болмағанымен, бірақ бұл істің заңдылығы мүмінге немесе Алланың елшісін құрметтеу керек деген сөздермен дәлелденеді. 

Тәкфиршіл ағымдардың әдістемелік және трансформациялық негіздерінің бедғат туралы ұсынылған сараптамалары толығымен экстремистік және исламдық тағылымдарға қарсы болды. Олар шариғатта үкімі тікелей анықталмаған, бірақ исламның ұлық пайғамбарының тағылымдарында  жалпы айтылған және Исламның алғашқы үш ғасырында кездеспеген мәселелерді бедғат әрі шариғаттан тыс санайды. Басқаша айтқанда, Құран мен сүннетте ескерілген істерді ғана заңды, оларда айтылмаған пікірлер мен істерді заңсыз деп санайды.

Абдолазиз бен Боз

Сауд Арабиясының үлкен уаһабшы мүфтиі Абдолазиз бен Боз бедғат туралы: «Бедғат – бұрын кездеспеген жаңа нәрсе»,- деді. Олар Алла елшісінің: «Жаңа дін мен жаңа хадистен абай болыңдар. Өйткені, діндегі әрбір жаңа нәрсе – бедғат. Діндегі әрбір бедғат – адасу» деген сөзіне сүйенді. Кейде уаһабшылардың пәтуаларының арасынан құнсыз пікірлер байқалады. Олардың құжаттары болып белгілі ғамал мен нәрсенің сахбалары, табаиндер немесе табаиндердің жақтастары кезінде орындалғаны немесе орындалмағаны саналады. Мұндай пәтуалардың мысалдарының қатарына желдеткіш, көлік, телеграфты пайдаланудың харам екендігі; пайғамбардың туған күнін еске алу мен азаннан кейін хазірет үшін дұға оқу, радио мен ұялы телефондарға, ағылшын тілінде сөйлеуге тыйым салу, шетелдерде білім алуға студенттерді жібермеу, футбол мен әскери парадқа тыйым салу және әйелдерге жақын адамдарынсыз ғаламторды пайдалануға рұқсат етпеу, футболистке  қол бұлғау, ақпарат құралдарына мақала жазу, иыққа абаны тастау, әйелдерге юбка киюге тыйым салу және тағы да басқа мәселелер жатады.  Тәкфиршіл ағымдардың көзқарасы бойынша пайғамбар кезеңі мен Исламдағы беғсаттан кейінгі бірінші үш ғасырда орын алмаған кез келген жаңа іс бедғат және харам саналады. Сондықтан, оларды  іске асырушы адамдардың қанын төгуге рұқсат. Олар тіпті адамзаттың білімін де бедғат санап, бедғаттың сылтауымен Мосулдың ғылыми кітапханасындағы құнды кітаптардың 4000 томын жағып жіберді. Қайтыс болған адамдар үшін қатым рәсімін өткізу, Фитр намазы, Алланың үйін тәуәп ету, пайғамбар қабірінің қасында дұға оқу сынды әрекеттер ДАИШ идеологиясы бойынша бедғат саналады. Олар өз бақылауына алған аймақтарда айтылған әрекеттерді іске асырғандарды жазалайды. ДАИШ мүшелері намазға дейін және одан кейін Құран оқуды да бедғат санайды. Діни мәселелермен бірге ДАИШ тәкфиршіл тобы демократия мен сайлау сынды саясаттағы істердің көбін де бедғат санап, күпірлікке теңейді.

Мұхаммад әл-Аднани

ДАИШ-тың бұрынғы баспасөз хатшысы Мұхаммад әл-Аднани Абумосааб Зарқавидің пікіріне сүйеніп: «Зұлым демократия – жалған наным-сенім. Сайлауды ұйымдастырушылар құдайшылық туралы уәж айтқанымен, Құдайдан басқаны сайлайды. Алланың дінінің үкімі бойынша, бұл – күпірлік. Олар Исламнан шығады»,- деді. Құран Кәрім мен Исламның ұлық пайғамбарының рауаяттарына жан-жақты көңіл бөлмеу және негізсіз айыптаудың өзі Алланың дініндегі бедғат саналады. Тәкфиршіл ағымның өзі үлкен бедғат. Өйткені, олардың әрекеттерінің көбі тіпті адал салафтардың пікірлерінше бедғат саналмайды. Алла елшісі мен басқа адал тұлғалардың қасында тавасул оқу мен шапағат сұрау немесе Алла елшісінің вузу суының тамшылары мен шашын тәбәрік етіп алу сүнниттердің хадистері кітабында, соның ішінде «Сахих Мүслім» мен «Бухари» кітабында көрсетілген. Сондай-ақ, тәкфиршілердің қабірлерді зиярат етушілер туралы пәтуалары ұлық пайғамбар мен салафтардың өмірбаяндарына сай келмейді. «Сахих Бухари» кітабінда: «Алла елшісі Айша ұйқыға кеткен кезде, яғни, түн ортасында қабірдегілерді  зиярат ету үшін Бақи қабіріне баратын»,- деп жазылған. 

 Ваххабизмнің қасында бедғат пен тәкфиршілдіктің және ДАИШ сынды тәкфиршіл ағымдардың таралуының себептерінің біріне шиітер мен сүнниттер растаған «эбахе» негіздеріне қарсылық білдіруі жатады. «Эбахенің» лексикалық мағынасы – рұқсат ету. Ал құқықтық және азаматтық құқық бойынша иемдену немесе бір нәрсені алып, пайдалану болып табылады. «Эбахе» негізі бойынша шариғат тарапынан жақсылыққа жігерлендіру мен жамандықтан жирендіру, санкция енгізу немесе тыйым салу үкімі шығарылғанға дейін кез келген іске рұқсат саналады. «Анғам» сүресінің 119-шы аяты бойынша, рұқсат етілген нәрселерді емес, харам етілген нәрселеді баяндаған жөн. «Анғам» сүресінің 145-ші аятында да харам нәрселер туралы баяндау  және бұл үшін уаһи мен  пайғамбардың сөзіне сүйенудің қажеттігі  қуатталды. Түсініктемелері мен діни негіздеріне назар аудармай, кез келген жаңа істі бедғат деп ойлаудың өзі бедғат саналады.