Қаз 28, 2017 18:06 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 23

мешіттер ежелден Аллаға құлшылық етіп, қоғамдық мәселелерді шешетін, әйелдер мен ерлер жиналып, әртүрлі мәліметтермен алмасып, мұсылмандардың ахуалынан хабардар болуына мүмкіндік беретін, сондай-ақ мүміндер дін мен құлшылық ету тұрғысынан өздері сияқты адамдармен танысып, қоғамдық топтар құруға мұрсат беретін мекен.

Адамның ең маңызды қоғамдық қарым-қатынасы достық қарым-қатынасы саналады. Ешбір адам қоғамдық өмірінде жақсы достарды қажет етпей өмір сүре алмайды.

Рас әл-Хусейн мешітіндегі жамағат намаз

Жақсы дос – адамның бақытқа жету жолындағы серігі әрі  қиындықтармен кезіккен кездегі жанашыр қамқоршысы. Жақсы достар адамдардың рухани саулығына себеп болады. Жақсы дос табылатын мекендердің бірі мешіт саналады. Сол себепті мешіттің қоғамдық ерекшеліктерінің біріне намазхандардың адал адамдармен қарым-қатынас орнататыны жатады. Жақсы дос адамның бақытқа жетуінде маңызды рөл  атқарады. Мешіт қоғамның адал адамдары мен мүміндерінің бір-бірімен танысып, байланыс орнатып, адамның тәлім-тәрбиесі және рухы мен ахлағын тәрбиелеуге жағдай жасайды. Мешіт – мүмін намазхандар бір-бірімен қарым-қатынас орнататын діни-мәдени орталықтардың бірі. Мешіт туралы рауаяттар мен хадистерде бұл діни мекеннің қоғамдық тұрғысы ерекше қуатталған.  Мешіт –  мүміндер бір-бірімен танысып, бір-бірінің жағдайынан хабардар болып, қиындықтарды шешу үшін діни бауырларына көмектесетін жер.

Каирдегі Рас әл-Хусейн мешіті

Имам Әли (ғ.с.) рауаяттарының бірінде мешітпен байланыс орнату туралы айтып, оның сегіз пайдасына тоқталып, біріншісін адамды иманға қарай нұсқайтын діни бауырын табуына тоқталды. Жақсылармен қарым-қатынас орнатқан адам кемелдікке жетпегенімен, Алладан қорқып, күнә жасамайды.

Каирдегі Сейеде Зейнаб мешіті

Имам Садық (ғ.с.): «Мешітке баратын адамдар мешітте кемінде үш жетістіксіз бұл мекеннен оралмайды. Оның бірі – Алланың достық  жолынан пайдалануы.

  *************************************

Каирдың  Рас әл-Хусейн мешіті деп танымал болған үлкен мешіті және «Сеиде Зейнаб» мешіті:

Рас әл-Хусейн мешіті
Сейеде Зейнаб мешіті

Тарихшылардың көбі Язид бен Муавие әскерінің жеңісін көрсетіп, халықтың арасында үрей мен қорқыныш тудыру үшін Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасиетті басын әртүрлі қалаларда көрсетуді бұйырғанын жазады. Имамның басын көрсеткен соңғы қала Мысыр мен Шамның арасында орналасқан Асқалан қаласы болды. Асқалан қаласының әмірі имамның басын  жерледі. Кейін Мысырда билік басына Фатемиундер келген кезде Асқаланды зерттеп, арнайы шара өткізіп, имамның басын Каирге апарып, ғалымдар, әйгілі тұлғалар мен әскерилердің қатысуымен өткен рәсімде әд-Дилам зиратында жерледі. Аталмыш мешіт миллиондаған шиіт және сүннит мұсылмандардың  зиярат жасайтын мекеніне айналды. 

Рас әл-Хусейн мешіті

Бұл мешіт Фатеми халифалары кезеңі аяқталған соң әртүрлі кезеңдерде қайта құрылып, көптеген жерлерге таралды. 1303 жылы ақ және қызыл тастардан қазіргі михрабы салынды. Мешіттің батыс жағындағы  мұнарасы османиялық мұнараға ұқсайды. Рас әл-Хусейн мешітінің үш дарбазасы бар: олардың бірі батыс жағында, келесісі құбыла жақта, басқасы вузу алатын жақта орналасқан.

Рас әл-Хусейн мешітінің батыс мұнарасы

 *************************************** 

 Каирдегі әл-Сеиеде Зейнаб мешіті 

Хазірет Зейнаб имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болып, өзі тұтқыннан босағаннан кейін көп өмір сүрмеді. Хазірет Зейнаб қамаридың 62 жылы, яғни Ашура оқиғасынан бір жылдан кейін дүниеден озды. Хазірет Зейнабтың қасиетті қабірінің қай жерде екені туралы әртүрлі пікірлерді кездестіруге болды. Кейбір тарихшылардың айтуынша ағасы имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін хазірет Зейнабтың Мединеде болуы Кербала шәһидтеріне қатысты азаларды арттырып,  халықты залым Амави үкіметіне қарсы көтерді. Сол себепті Медине басшысы Язидке хат жазып, Мединенің жағдайы мен халықтың сезімдерін көтеру саласындағы хазірет Зейнабтың рөліне тоқталды. Язид хатқа жазған жауабында хазірет Зейнабты Мединеден шығарып жіберуді бұйырды. Сондықтан, хазірет Зейнаб пайғамбар әулетіне достығымен танымал болған Мысырға аттанып, қамаридың 62 жылының режеп айында дүниеден озғанша сол елде өмір сүрді. Бұл тарихи мәлімет бойынша, хазірет Зейнаб осы кезде «Сеиде Зейнаб» деп аталатын мешіттің мекенінде жерленді. Кейбір тарихшылар хиджри қамаридың 85 жылы, сәйкесінше миладидың 703 жылы хазірет Зейнабтың қабірі үшін бірінші ғимараттың салынғанын жазады. Хиджридың алтыншы ғасырында сол кезеңнің ақсүйектерінің Каир басшысы Фахреддин Саалаб Джафари бұл мекенде ғимарат салды. Мешіт хиджри жыл санағы бойынша 10 ғасырда османдық патша Салим Қануни сұлтанның билігі кезінде Мысыр басшысы тарапынан жөндеуден өткізілді. Содан соң қамаридың 1174 жылы, сәйкесінше миладидың 1760 жылы Сеиде Зейнаб мешіті діни-мәдени мекендерді жөндеп-жаңартуға қатысатын Мысыр әмірлерінің бірі Абдолрахман Катходаның қолымен жаңартылды. Қамаридың 1210 жылы, сәйкесінше миладидың 1795 жылы оның ішкі зарихы мыстан жасалған зарихпен өзгертілді.

Каирдегі хазірет Зейнаб мешітінің зархы

Қамаридың 1294 жылы, сәйкесінше миладидың 1877 жылы хазірет Зейнабтың мақамы күмбезіне қарсы есікті Мұхаммад Тоуфиқ паша мысырлық және стамбулдық мәрмәрмен қаптатты. Үш жылдан кейін хазірет Зейнаб мақамының күмбезі мен мешіті және мұнарасында жөндеу-жаңарту жұмыстары басталып, қамаридың 1320 жылы, сәйкесінше миладидың 1902 жылы аяқталды.

Хазірет Зейнаб мешіті

Осыған дейін айтқанымыздай, хазірет Зейнабтың жерленген мекені туралы үш түрлі пікір бар: «Модафен» деп аталған пікір бойынша хазірет Зейнаб Шамда Дамаск қаласының оңтүстігінде жерленді. Кейбір тарихшылар хазіреттің қабірінің Мысырдың астанасы Каирдегі Сеидет әл-Зейнаб аймағында  деп санайды. Үшінші пікір бойынша, Мединедегі Бақи қабірстаны хазірет Зейнаб жерленген жер саналады. Бұл – Алланың аты еске алынатын және пайғамбар әулетінің жақтастары хазірет пен әулетіне адал екендіктерін білдіретін мекен. Әйгілі ғалым Мұхаммад Бехор әл-Улюм «Фи Рахаб әл-Сеиеде Зейнаб» кітабында: «Хазірет Зейнабтың сапарының соңының Дамаскте немесе Мысырда болғанының айырмашылығы жоқ. Күннің қай жақта батқанының айырмашылығы жоқ. Уақыт өткенімен, күннің  жарығы маңызды. Сенім аспанында естілген дауыс маңызды. Хазірет Зейнабтан мәңгілікке қалған сөздер Бани Умайе үкіметі мен жалғандық үшін қауіп-қатер тудырды. Оның даусы жер құрлығына таралып, хазірет өлгенімен өшпеді. Хазірет Зейнаб Язидке: «Бізге Құранның уәһиі мен набаватты сыйлаған Жаратушымен ант етемін. Сен не істесең де біздің атымыз бен белгімізді ұмыттыра алмайсың, абыройсыздықты (Ашура апатын) өздеріңнен кетіре алмайсың. Сенің үнің әлсіз, өмірің қысқа»,- деді.