Ұлы тұлғаның алдында 81
Адамзат тарихының басынан-ақ мәдени алмасулардың орын алғаны барлығымызға белгілі. Тарих бізге халықтардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатып, өмір сүру тәсілдері, дарындары, ғылым мен технологиялары, салт-дәстүрлері, тілі, білімі және діндерімен алмасқанын көрсетті.
Тарихтың ғибратқа толы беттерінен бұл қарым-қатынастардың арқасында бір мазхабтың орнына басқа мазхабтың қалыптасқаны туралы да оқимыз. Сонымен қатар мәдени алмасудың бір елдің мазхабын өзгерткені туралы жайттарды да кездестіреміз.
Иран Ислам революциясының жетекшісі бұл салада Индонезияны мысал ретінде еске алып: «Исламның Индонезия, Малайзия, тіпті құрлықтың маңызды бөлімдеріне таралуына үгіт-насихат жүргізушілердің шақыруы емес, Иран халқының қарым-қатынастары себеп болды. Ирандық саудагерлер мен саяхатшылардың сапарлары мен қарым-қатынастары Азиядағы ең үлкен исламдық ел саналатын Индонезияның мұсылман болуына себеп болды»,- деді.
Иран елі де басқа халықтармен қарым-қатынас орнатуының арқасындағы мәдени байланыстардан көптеген нәрсе үйренді. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, бұл мәдени алмасу мен басқалардан үйренген нәрселер әлемнің түкпір-түкпіріндегі мәдени тұрмыс пен білімнің өміршең қалуы үшін қажет үдеріс болып табылады.
Жанды мәдениет өзін жетілдіру үшін басқа мәдениеттермен алмасып, оның оң элементтерін өзіне қызықтыру қабілетіне ие болуы керек. Сондықтан, барлық мәдениеттер бір-бірімен алмасып, адамзаттың алға ілгерілеуі үшін жағдай жасауды білуі керек. Керісінше, мәдени шабуыл улы азық-түлік сияқты ұлттық болмыс пен ұлттық мәдениетті жояды.
Мәдени шабуыл көбінесе үстемшілер тарапынан жасалады. Олардың мақсаты – халықтарды өздеріне ұқсастырып, оларға оңай түрде билік жасау. Бұл туралы Теһран университеті ұстаздарының бірі доктор Рухәламини: «Қазіргі таңда әскери жол арқылы әсер етіп, биліп-төстеп, бір елді отарға айналдыру мүмкін емес. Тіпті, бұл жол пайдаланылған жағдайда да қомақты қаржыны қажет етеді. Сол себепті, бір ғасырдан астам уақыттан бері отаршылар мемлекеттерге әсер етудің жолдарын өзгертті. Олар көбінесе өз мақсаттарына діни үгіт-насихат, технологияны тарату, тіл үйрету, қайырымдылық қорлары, медициналық қызмет көрсету, сауатсыздықпен күресу, басқаша айтқанда мәдени саясаттар арқылы жетуді көздеуде. Бұл жұмыстарға достық пен адамгершілік тұрғысынан күмәндануға болмағанымен, мұндай қарым-қатынастар мен қызметтердің тарихы нақты жоспарланған мұндай жобалардың мемлекеттердің дамуы мен мәдениетін көтеруді мақсат етпегенін, керісінше бұл елдерді мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси қамауға алуды көздегендерін көрсетті.
Мәдени шабуылдың мақсаты бір халықты тұтқынға алу. Бір халықты тұтқынға алу оның ұлттық мәдениетін өзгерткен кезде мүмкін болады. Аятолла Хаменеи мәдени шабуыл туралы: «Мәдени шабуыл – бір үстемшіл елдің өзінің саяси мақсатына жетуі үшін саяси немесе экономикалық жобалар топтамасы арқылы келесі бір халықтың мәдени негіздеріне шабуыл жасауы. Мұндай жобалар елге жаңа нәрселер енгізеді, бірақ күш арқылы. Олардың мақсаты – ұлттық мәдениет пен наным-сенімдерді өзгерту. Мұның аты – шабуыл»,- деді. Хазірет мәдени байланыстарды тиімді және қажет іс әрі оның мақсатын ұлттық мәдениетті кемелдікке жеткізу санайды. Аятолла Хаменеи мәдени шабуылды ұлттық мәдениетті тамырынан отап, оны жою санайды. Хазірет сондай-ақ, мәдени байланысты бір халық үшін басқа мәдениеттен өзіне ұнайтын, жүрекке қонымды және жақсы нәрселерді алу үшін мұрсат деп біледі. Мәселен, бір халық басқа бір елден білім мен күрделі технологияны үйренеді. Суды тұтыну, қоршаған ортаны қорғау сынды салалар бойынша басқалардан үлгі алады.
Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Мәселен, Иран халқы Еуропаға барып, олардың еңбекқор әрі тәуекелшіл адамдар екенін көріп, соны үйренсе, өте жақсы. Шығыс Азияға барып, олардың ұжданмен еңбектенетін, істерін жақсы көретін адамдар екенін көріп, олардың бұл қасиетін үйренсе өте жақсы. Тағы бір елге барып, сол ел халқының уақытты құрметтеп, тәртіп, махаббат, әдеп-ғұрып пен құрмет сезіміне ие екендігін көріп, соларды үйренсе, ол да жақсы. Мәдени байланыс деген осы. Ақылды халық мәдениетін толықтыратын дұрыс істерді басқалардан үйренеді»,- деді.
Аятолла Хаменеидің пікірінше, еуропалықтар Пехлеви режимі кезінде Иранға қарсы мәдени шабуылды бастағанымен, еш уақытта уақытпен санасу, батыл рух пен мәселелерде тәуекел етуді немесе ғылыми зерттеу сынды нәрселерді ирандықтардың арасында таратуға талпыныс жасаған жоқ. Сондай-ақ, үгіт-насихаттары мен зерттеулері арқылы Иран халқын еңбек немесе ғылым ұжданына иелендіргісі келмеді. Керісінше, Иранға араласуға талпыныс жасады. Иран халқы мыңдаған жылдар бойы жыныстық тұрғыдағы мәселеге ерекше көңіл бөлді. Барлық исламдық кезеңдерде әйел мен ердің қатысы жыныстық бұзақылықтардан алыс болды. Бұзақылық пен ахлақсыздық бір елдің жастарының дарыны мен серпінінің тамырын құрғатып, оларды жауапсыз адамдар етіп тәрбиелейді. Бұл мәдени шабуыл. Бұл әрқашан кедергі жасайтын қатерлі у. Ол әсерін тигізген кезде бұзақылық байқала бастайды. Мәдени шабуыл туралы артығырақ айтатын болсақ, мәдени шабуыл – саяси, қоғамдық, тіпті әскери мақсаттарға ие біржақты, еріксіз және билеп-төстеуді көздейтін іс. Мәдени шабуыл кезінде білім және құндылықтармен алмасу ерікті түрде орын алмайды. Оның мақсаты халықтардың мәдениеттерін тамырымен жою. Мәдени байланыс алмасу мәдени шабуылға қарсы ағым.
Аятолла Хаменеи: «Үстемшілік майданы әлемнің барлық елдеріне қарсы мәдени шабуылдарын кеңейтті. Бірақ бұл шабуылдардың ең маңызы нысаны – Ислам республикасы жүйесі. Өйткені, исламдық жүйе билеп-төстеуші жүйеге қарсы тұрып, бұл қарсылығының табанды және күш-қуат пен жетістіктерге ие екенін дәлелдейді. ИИР Ислам революциясының басынан үстемшілердің жарияланбаған жан-жақты мәдени, идеологиялық және саяси шабуылдармен кезікті. Дұшпанның саяси және мәдени әскерилері қолдарында бар барлық құралдарымен Иранның мұсылман халқының діни наным-сенімін әлсірету үшін шабуыл жасады. Олар АҚШ-тың басқаруымен Иран халқының наным-сенімдерін, мәдениеті мен өзіне деген сенімділігін әлсіретуді көздеді. Олар елдің ішінде наразылықтарды арттырып, белсенді жастарды өздеріне тартып, әртүрлі салаларға әсер етіп, өз мақсаттарына жетпек. Біздің жастарымызға қарсы шабуылдар тоқтатылмай, аудио және видео құралдары және ғаламтор арқылы жалғасуда. Бірақ, дәл осы жастардың ондаған миллионы Ислам революциясы Пехлеви үкіметін жеңген баһман айының 22 күні елдің жер-жерінде шерулерге шығып, ұран айтып, имам Хомейни мен Ислам және Исламдық жүйеге табанды екендіктерін көрсетеді. Бұл кішкентай мәселе емес, бұл үлкен мұрсат»,- деді.