Қар 17, 2017 16:22 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 138

Ақыл – ең үлкен нығметтердің бірі. Алла Тағала бұл нығметті білім мен ғылым үйренуге қажет құралдарымен бірге адамның ықтиярына тапсырды.

Хазірет Әли (ғ.с.) нығметке күпірлік білдіруді надандықтың бірі деп атап: «Кәпір надан болмаса, күпірлік білдірмейді»,- деп айтқан болатын.  Ақыл – ең үлкен нығметтердің бірі. Алла Тағала бұл нығметті білім мен ғылым үйренуге қажет құралдарымен бірге адамның ықтиярына тапсырды. Алайда адам бұл нығметке шүкірлік білдірмесе және оны дұрыс пайдаланбаса, нығметтерден айрылып, күннен күнге надандыққа көбірек батып, шындықты толық қабылдамайтын болады. Имам Әли (ғ.с.) надандарды  және олардың шындықты теріске шығаруы туралы: «Расында, надан – білмейтін нәрсеге қатысты өзін дана және бұл мәселе бойынша өз пікірін жеткілікті деп санайтын адам. Надан адам илаһи ғұламалардан алыстап, өзіне қарсы пікір айтатын адамды қателесуші деп атайды. Өзі білмейтін мәліметтермен кезіккен кезде оларды қабылдамай, өтірік деп санайды. Ол надан болғандықтан, «бұл нәрсені танымаймын және оған сенбеймін» дейді. Надан өзінің надандығынан хабарсыз. Сол себепті надандыққа батып, шындықты көрмейді»,- деген болатын.

Ислам мен Құран надандықты жағымсыз деп атап, мұсылмандардан білім үйреніп, оның шығын келтіретін әсерлерінен алыстауды талап етеді. Негізінде надандық адамның дүнияу өміріне зиян келтіруімен бірге ақыретіне көбірек зиян келтіреді. Адамның бақытсыздыққа ұрынбағаны жөн. Алла елшісі бұл туралы: «Дүние мен ақыреттің жақсылығы ақыл мен білімге байланысты, дүние мен ақыреттің бақытсыздығы надандыққа байланысты»,- деп айтқан болатын. Адамның кемелдігі мен бақытты болуы ақыл және біліммен тығыз байланысты. Бұл қарым-қатынас білім мен діни мәселелерден көбірек байқалады. Адам надандықтан шығып, әрбір істің жақсылығы мен жамандығын анықтап, дұрыс жолда қадам баса алады. Сол себепті хазірет Әли (ғ.с.): «Ақыл дұрыс жолға нұсқап, құтқарады, ал надандық адастырып, жояды»,- деген. Ақыл адамды иман мен ахлақтың сұлулықтарына, жақсылық пен кемелдікке шақырады. Ақыл арқылы шындық жалғандықтан, жақсылық жамандықтан және дұрыс жол бұрыс жолдан ажыратылады. Негізінде, ақыл – адамды жаннатқа апаратын құрал. Имам Садық (ғ.с.): «Ақыл – Аллаға ғибадат еткізіп, жаннатқа жеткізетін нығмет»,- деп айтқан. Адамның абыройы оның ақылы мен кемеңгерлігіне сәйкес болады. Керісінше, адамның қорлығына надандығы себеп болады. Кейде  надандық адамды  құндылықтардан алыстатып, қорлыққа итермелейді. Имам Әли (ғ.с.): «Надандығы қорлыққа тіреген адамдар қандай көп»,- деп ескерткен. Сондықтан, қырағылық арқылы надандықпен күресу қажет.  Ислам мәдениетінде адамдардың сыйы олардың ақылы негізінде анықталады. Исламның ұлық пайғамбары хадистерінің бірінде: «Алла Тағала қиямет күні пенделерінің дәрежесін олардың ақылы мен кемеңгерлігіне сай жоғары көтеріп, соған орай өзіне жақындатады»,- деген. Құран Кәрім де ақылдың ерекше құндылығын қуаттап, күнәны тозаққа баратындардың факторы және олардың бақытсыздықтарының себебі деп атайды.  Құран Алланы танып, бақытты болып, құтқарылудың негізін ақыл санап, ойшылдардың сөздеріне құлақ салуға жігерлендіреді. Имам Әли (ғ.с.) «Адам – білмеген нәрсесінің дұшпаны» деген мәліметке тоқталып: «Мен төрт сөз айттым. Алла олардың дұрыстығын кітабында тіркеді. Бұл сөздердің бірі «Бір нәрсені білмеген адам оны дұшпан санайды» деген сөз. Жаратушы «Юнус» сүресінің 39-шы аятында: «...олар білімі жетпеген, сондай-ақ өздеріне мағынасы білдірілмеген нәрсені жасынға шығарды»,- деп айтылған.