Илаһи жетекшілер (15)
Өткен екі бағдарламада Пайғамбардың (с.ғ.с) қызы Фатима Заһраның (ғ.с) өміріндегі шарықтау кезеңдерін баяндадық. Бүгінгі бағдарлама барысында осы тақырыпты одан әрі жалғастырамыз.
Алла Тағала хазірет Фатима (ғ.с) мен хазірет Әлиге (ғ.с) Меккеден Мединеге көшкен жылдан кейінгі үшінші жылдың рамазан айының ортасында Хасанды, Меккеден Мединеге көшкен жылдан кейінгі төртінші жылдың шағбан айында Хусейнді, Мединеге көшкеннен кейінгі бесінші жылы Зейнепті, Меккеге көшкеннен кейінгі алтыншы жылы Умм Кулсум есімді төрт перзент сыйлады. Осылайша Фатима үй тұрмысындағы жұмыстармен айналысумен қатар, перзент тәрбиесі атты маңызды міндетте барлығын жоспарлауы тиіс болды. Перзенттер пәк әулеттің сәні мен мақтанышы, Әли мен Заһра секілді барлық ахлақтық және адами қасиеттер мен құндылықтардың көрінісі болуы тиіс еді. Әсіресе, баршаның назары осы отбасында болғандықтан, олардың барлық амал-әрекеттері мен жүріс-тұрысы мұсылман қоғамының назарына алынып, олардың өмір сүру салты мен тәсілі басқаларды рухтандырып, жігерлендіруі тиіс еді. Пайғамбарлық пен велаяттың қайнар бұлағынан сусындаған Фатима Заһра (ғ.с) осы ауыр жауапкершілік міндетін жақсы әрі абыроймен атқарып, Ислам тарихының өте маңызды әрі тағдырды шешуші кезеңдерінде исламның болмысы мен ислам үмбетін өте жақсы қорғап, имамат пен қоғамға жетекшілік етіп, ең маңызды рөл мен қызметті атқарған перзенттер тәрбиеледі.
Фатима (ғ.с) әулетіне тән қасиеттердің бірі илаһи ерік-жігерді жүзеге асырған адамдардың пәк болуы саналады. Ибн Аббас былай дейді: "Бір күні Әли, Фатима және Хасан мен Хусейн Пайғамбардың қабылдауында болды. Пайғамбар оларға: "Құдайым, бұлардың менің әулетімнің мүшелері және ең құрметті адамдар екенін білесің. Олардың достарын жақсы көріп, олардың дұшпандарымен дұшпан бол. Оларға көмектескендерге жар болып, барлық пәле-жаладан сақтап, барлық күнәлардан өзің сақтай гөр. Қасиетті рух Жебірейіл арқылы оларды сендір",- деді. Осылайша ерекше илаһи қалаумен Фатиманың (ғ.с) әулеті олардың өмірінің толығымен илаһи сипат алуына және олардың өміріндегі шарықтаулар мен құлдырауларының барлығы: айқайы мен үнсіздігі, бейбітшілігі мен соғысы, көтерілісі мен отырысы, қысқасы олардың жеке және қоғамдық ұстанымдарының барлығы таза илаһи ықыластан пайда болуына себеп болды. Олар тек илаһи разылық пен қанағатты ғана мақсат ететін бағытта қадам басты. Сол себепті Пайғамбар (с.ғ.с) Фатимаға (ғ.с): "Құдай әлемге назар аударып, барлық адамдардың ішінен мені артық санады. Содан кейін басқаларға қарағанда сенің жұбайың Әлиге (ғ.с) артықшылық берді. Сосын әлем әйелдерінің ішінен сені артық көріп, Хасан мен Хусейнді жаннаттағы жастардың ішінен артық көріп, таңдады",- деді.
Хазірет Заһраның (ғ.с) өзі де илаһи нұрдың көрінісі болған. Сол себепті кезінде имам Бағерден (ғ.с) "Неліктен Фатиманы Заһра деп атаған" деп сұрағанда: "Себебі, Құдай оны өзінің ұлылығының нұрынан жаратқан. Ұлы бану шашқан нұрдың арқасында аспан мен жер бетіне жарық түсіп, нұралана түскен. Сонда періштелер әлгі нұрға таңырқап, Құдайға сәжде етіп: "Құдайым, бұл қандай нұр?", деп сұраған. Сонда Алла Тағала: "Бұл – өз ұлылығымның нұрынан жаратып, аспандарға таратқан сәуле. Оны пайғамбарлардың ең игі тұқымынан жараттым. Осы нұрдан халықты ақиқатқа жетелейтін діни жетекшілерді жаратамын. Олар менің таңдаулы пайғамбарымның ізбасарлары болады",- деген",- деп жауап берген.
Ерлі-зайыптының, әсіресе аналардың мойнына артылатын ең ауыр жауапкершіліктердің бірі отбасында рухани кеңістік құру саналады, яғни күнделікті ағзаға қажет тағамды әзірлеумен қатар, перзенттерінің рухани қажеттіліктерін де қамтамасыз етуге көп көңіл бөлу қажет. Осы салада шешуші рөл атқаратын әдістердің бірі Алланың алдында ғибадат ету саналады. Дәл сол себепті Пайғамбар (с.ғ.с) мен Әлидің (ғ.с) түн ортасындағы сүйіспеншілік пен руханилыққа толы намаздарына куә болған Заһра (ғ.с) бәрінен бұрын ғибадатты аса маңызды санаған. Алланың елшісі (с.ғ.с) қызының осындай қасиетіне байланысты: "Құдайға деген иманның Заһраның (ғ.с) жүрегі мен жанының тереңдігіне дейін әсер еткені соншалықты, Құдайға ғибадат ету үшін ол өзін барлық нәрседен босататын",- деп айтқан. Заһраның (ғ.с) қаншалықты Құдайдың қасиетілігіне сүйіспеншілік танытатынын білген Ислам пайғамбары (с.ғ.с): "Қызым Фатима – әлемдегі ең игі әйел. Ол – менің бауыр етім, менің жүрегімнің жемісі, менің жаным. Ол – адам кейпіндегі жұмақтың хор қызы. Миһрабта ғибадат етіп тұрғанда оның нұры аспан періштелері үшін жарқырап тұрады. Құдай оларға: "Менің құлымның менің алдымда намазға қалай тұрғанын, денесінің әрбір мүшесінің менің ұлылығымнан дірілдеп, ғибадатта толқып тұрғанын қараңдаршы. Фатиманың (ғ.с) нағыз жолын қуушыларды тозақтың отынан аман сақтап қалатыныма куә болыңдар",- деген.
Фатима Заһра (ғ.с) тәбиеленген пайғамбардың таза Ислам мәдениетінде барлық нәрсенің Жаратушысымен байланыс қаншалықты ерекше орын мен көптеген құндылықтарға ие болғанымен жаратқан тіршілік иесіне көңіл бөлу ұмытылмаған жағдайда ол толығып, маңыздылығы арта түседі. Бәлкім, сол себепті де Құранда намаз бен зекет немесе намаз бен қайырымдылық жасау мәселесі қатар көтерілген болар. Хазірет Фатима осындай мектепте тәрбиеленген. Оның өмірі өте қарапайым, кейде өте ауыр экономикалық жағдайда өткеніне қарамастан, ол ешқашан мақұрым және аш адамдарды есінен шығармай, үнемі оларға көмектесуге асық болған. Джабер Абдулла Ансари: "Бір күні кешкі намазды оқып болғаннан кейін мешітке үстіне ескі киім киген, жағдайы нашар бір қария кірді. Пайғамбар (с.ғ.с) оған қарап, хал-жағдайын сұрады. Ол кісі: "Қарным аш, маған тамақ беріңізші. Маған киім де керек",- дейді. Пайғамбар Білалға қарттың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қызы Фатиманың үйіне алып баруды бұйырады. Олар Заһраның үйіне барады. Қария қажеттіліктерінің барлығын айтып шығады. Хазірет Фатима немере апасы сыйлаған алқасын сыйлап: "Осыны сатып, өзіңізге қажет нәрсеңізді алыңыз",- дейді. Бұл сөзді естігеннен кейін Омар кідірместен алқаны жақсы бағаға сатып алып, әлгі кісінің қажеттіліктерінің барлығын қамтамасыз етіпті. Содан кейін әлгі қайыр сұрап келген кісі Пайғамбарға (с.ғ.с) қайта барыпты. Сол кезде хазірет одан: "Қажеттіліктерің қамтамасыз етілді ме?",- деп сұрағанда: "Фатиманың берекелі сыйының арқасында енді ешнәрсеге мұқтаж емеспін. Құдайдан Фатимаға көзбен көрінбейтін, құлаққа естілмейтін сый беруді тілеймін",- дейді. Алланың елшісі (с.ғ.с) өз сахабасына: "Құдай дәл осы дүниеде Фатимаға үлкен сый берді. Себебі, Алла Фатимаға мендей әке, Әлидей (ғ.с) күйеу және Хасан мен Хусейндей перзенттер сыйлады",- жауап беріпті"-деп айтқан.
Фатима (ғ.с) жолдасы мен перзенттерін тек әдеттегі жағдайда ғана емес, тіпті ең ауыр жағдайларда да өзінен де маңызды әрі артық көріп, өзінің негізгі қажеттіліктеріне көзжұма қараған. Ибн Аббас: "Бір күні Хасан мен Хусейн (ғ.с) ауырып қалды. Пайғамбар бірнеше серігімен бірге олардың хал-жағдайын білуге келіп, Әлиге (ғ.с): "Абулхасан, перзенттерің сауығып кетуі үшін нәзір жаса",- деп кеңес берген. Әли (ғ.с), Фатима және кейбір рауаяттарға сәйкес, Хасан мен Хусейн (ғ.с) де нәзір жасап, ораза ұстауға ниет еткен. Біраз уақыттан кейін олар сауығып кетеді. Фатима ауызашарға азғантай арпа нанын пісіреді. Ауызашар кезінде олардың үйіне бір қайыршы келіп: "Пайғамбар (с.ғ.с) әулетіне сәлемім болсын! Менің қарным аш, маған тамақ беріңіздерші",- деп сұрайды. Олардың барлығы әлгі қайыршы адамды өздерінен артық көріп, өздеріне тиесілі нанды сол кісіге беріп, өздері құр сумен ауыз ашады. Екінші күні ниет еткен нәзірлеріне сәйкес, ораза ұстап, ауыз бекітеді. Ауызашарға арнап пісірген арпа нанын жегісі келгенде үйлерінің алдына бір жетім келіп, көмек сұрайды. Бұл жолы да жанашырлықпен садақа жасап, өздерінің асын жетімге ұсынып, тағы да құр сумен ауыз ашады. Үшінші күні күн батып, енді ауыз ашайын деген кезде олардың үйіне бір құл келіп, көмектесуді сұрайды. Қатты ашыққан олар осы жолы да арпа нанын құлға беріп, өздері үш күн қатарынан тамақ жемеген күйде әлгі көмек сұрап келген құлдың қажеттілігін қамтамасыз етіп, сол адамды өздерінен артық көреді. Дәл сол кезде Пайғамбарға Жебірейіл түсіп, "هل اتی", яғни «Инсан» сүресін, нақтырақ айтқанда бұл сүренің 1-8 аяттарын оқып: "Құдай сені осындай отбасың болғаныңмен құттықтайды",- дейді. Бұл сөздерді 7 және 9 аяттар растайды: "Ол Алланың құлдары “нәзірін” орындайды әрі апаты етек алатын бір күннен қорқады. Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді. Олар: “Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз.” (Инсан сүресі, 7-9 аят)",- деді.