Жел 05, 2017 16:21 Asia/Almaty
  •  Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 26

Мешіт – діни міндеттерді орындайтын, сондай-ақ имамат пен діни басшылық жасалатын мекен.

Исламның ұлық пайғамбары Мединеде болған кезде ән-Наби мешітінің істерін өзі жүргізген болатын. Исламның басында мешіттің саяси жұмыстары ғибадаттан кейін мешіттің ең маңызды тұрғыларының бірі болған. Айта кететін жайт, ислам пайда болғанға дейін де Қағба діни орталық ретінде ерекше орынға ие болды. Алла елшісінің беғсатынан бұрын әл-Харам мешіті Хиджаздың сол кездегі қоғамының саяси орталығы саналды. Осыған орай Меккенің саяси топтары мен тайпалары Қағба мен әл-Харам мешітінің істерін басқару үшін бір-бірімен  бәсекелесіп, кейде қақтығыстарға жол беретін болған.

Әл-Харам мешіті хиджридың 13-ші ғасырының басында

Исламның басында мешіт дін мен саясат бірігетін мекен болды. Дін мен саясаттың бір-бірінен бөлінбейтіндігі бірінші рет ән-Наби мешітінде байқалды. Алла елшісінің Мединенің қарапайым мешітінде имам әрі қоғамның басшысы ретінде тұрақты орналасуы баршаны қызықтырды. Исламның ұлық пайғамбары халық жиналатын мекенде, яғни мешітте өз жақтастарына халық басшысының оларға қызмет көрсетуші екенін үйретті. Пайғамбар жұмысын Алла үшін орындады. Хазіреттің мақсаты байлық пен билікке ие болу болған жоқ. Хазірет Ислам мен мұсылмандар қоғамына қатысты уәжіп істі тек ақыреттегі сый үшін ғана орындады.

Исламның басында мешіт саяси орталық ретінде діни басшы мен халық бият еткен  және үкіметтік бағдарламалар жарияланатын мекен болды. Мединеде ән-Наби мешіті салынған соң жаңадан мұсылман болғандар пайғамбарға бият етіп, хазіреттің діни басшылығын қабылдады. Бірінші халифа Абу Бакрдің кезінде бірінші бият Сақифе Бани Саеде мекенінде орын алғанымен, қоғамдық бият келесі күні мешітте өтті. Абу Бакр мінберге шығып, Алла елшісінің орнынан бір баспалдақ төмен отырып, Алланы мадақтап: «Мен сендерден артық болмағаныммен, сендерге билік етемін. Егер адал болсам, мені қолдаңдар, егер бұрыс жолға түссем, дұрыс жолға салыңдар»,- деді.

Әл-Нәби мешіті

Имам Әли (ғ.с.) да халықтың сұрауынан кейін халифатты қабылдап, мешітке барып, қоамдық бияттан кейін сөз сөйлеп, өз үкіметінің бағдарламаларын баяндады.

    *************************

 Марокко мемлекетінің Хассан мешіті мен Хассан Сани (Хассан ІІ) мешіттері  

Марокконың Рабат қаласындағы Хассан мешіті Мовахеди әулетінің үшінші сұлтаны Яқуб Мансур Мовахеди хиджридың 592 жылы, сәйкесінше миладидың 1184 жылы салынған бұл елдің тарихи ғимараттарының бірі саналады.

Рабат және Хассан мешіті

Ол Кастилия Королі Альфонсо VIII соғысын жеңгеннен кейін Испаниядағы Кордово мешітінен салтанатты әрі мұсылман әскерилері жиналатын база болған мешітті салуға кірісті. Яқуб Мансур Мовахеди бұл мешіт үшін көптеген жоба ұсынды. 1199 жылы ол қайтыс болған соң жобалар тоқтатылды. Бұл мешіттің ғимараты келесі кезеңдерде де аяқталмай, осы уақытқа дейін сол жағдайда қалды.

Жартылай салынған Хассан мешіті

Хассан орталық мешіті Ирак еліндегі Самарра мешітінен кейін ислам әлемінің ең үлкен мешіті саналады. Бұл мешіттің мұнаралары Африка елдері арасындағы ең үлкен мұнаралар. Мешіт жартылай салынып, аяқталмай қалғаны мен әртүрлі кезеңдерде кейбір бөлімдерінен айырылғанына қарамастан, шығыс және Андалузия өнерлері және көптеген жазбаларымен қызықтырады. Мешіттің салыну жобасын Яқуб Мансурдың атасы ұсынған. Оны салудағы мақсаты өзін қорғау және әскерилерінің дұшпанға қарсы шабуыл жасайтын мықты қамалға айналдыру болды.

Хассан мешітінің намазханасының көлемі 1932 метрден артық. Бұл намазхана Т түрінде салынды. Аталмыш мешіт басқа мешіттерге керісінше бірнеше сахнадан тұратын бір сахнаға ие. Мұнараға жақын оның үлкен сахнасы көптеген тіректері бары қосалқы екі сахнамен бірге ортасында орналасқан. Бұл тіректер дөңгелек пішінде салынған. Төбесіз қалған Хассан мешіті өте әдемі түрде әшекейленген мәрмәр тіректерге ие. Бұл мешіттің шамамен 400 тірегі, 16 есігі бар. Алты есік батыста, төртеуі шығыста, екеуі оңтүстікте, төртеуі солтүстік бөлімдерінде орналасқан. Мешттің михрабының ұзындығы 3 метр. Ол мұнарасының алдында орналасқан.

Мешіттің солтүстік жағынан тастан салынған төртбұрышты мұнараны көруге болады. Мұнараның қазіргі биіктігі шамамен 40 метр, бірақ оның биіктігі кезінде 70 метрден биік болған. Аталмыш мұнара сол кезеңде салынған басқа мұнаралар сынды ортасында төртбұрышты кеңістікке ие. Кеңістіктен әртүрлі алты бөлмені көруге болады. Мұнараның ең маңызды ерекшелігі, нақты айтқанда мәрмәр мен піл сүйегінен салынуы оның табиғи апаттар кезінде қирамауына себеп болды. Мұнараның жан-жағындағы безендірулердің ешбіреуі бір-біріне ұқсамайды. Мұнараның төменгі жағынан өсімдіктердің суреттерін байқауға болады.

      *******************

Марокконың келесі мешіті Хассан Сани (Хассан ІІ) мешіті

Хассан ІІ мешітінің құрылысы 1980 жылы Касабланка қаласының жағалауында басталып, 1993 жылы аяқталды. Бұл мешіт өзінің 20 000 текше метр көлемімен әлемнің әл-Харам мен ән-Наби мешіттерінен кейінгі   ең үлкен мешіт саналады. Оның бір бөлімі Касабланка жағалауында судың үстінде орналасқан.

 Хассан ІІ мешіті

Хассан ІІ мешітінің қабырғалары бетон мен мәрмәрден салынып, ішкі бөлімі гипспен көркем безендірілген. Гипспен жабыстыру –  әр аймақта әр кезеңде ерекше дамыған сәулет өнерінің  бір түрі. Бұл өнерде қолданылатын негізгі материал гипс болып табылады. Гипс икемділігі, оңай жабыстырылтуы, арзан болуы мен әртүрлі түстерге боялуына байланысты безендіру өнерінде көп қолданылады. Хассан ІІ мешітінен ағашты қашау өнерін де көруге болады. Оның күмбезі ағашты қашап өрнектеу өнерінің көрінісі.

25000 намазхан сыятын Хассан ІІ  мешіті Атлант мұхиты жағалауында орналасқан. Бұл мешіт заманауи құралдармен жабдықталған. Мәселен, өздері ашылып-жабылатын есіктер мен түнде Қыблаға жарық түсіретін Меккеге қарай 30 километр қашықтықтан жіберілетін лазер нұрын және әлемдегі ең биік діни мұнараларды осы мешіттен көруге болады. Сонымен қатар оның қасында Құран оқытатын медресе орналасқан. Бұл жерде дін саласының шәкірттері дәстүрлі  және заманауи тәсілдермен сабақ оқиды.

Хассан ІІ мешіті қасиетті рамазан айында

Хасан ІІ мешіті Марокконың екінші Хассан патшасының алпыс жасқа толу құрметіне орай салынды.  Бұл мешіт тек мешіт қана емес, Касабланканың туристік мекеніне айналды. Мәліметтер бойынша мешітті салу үшін 2500 сәулетші мен 10 000 жұмысшы тәулік бойы еңбек еткен. Оның құрылысына 400-700 миллион доллар қаржы жұмсалған. Әрине, аталмыш мешіт пайғамбардың қарапайым мешітінен мүлдем өзгеше. Бұл көрнекілік үшін салынған мешіт.