Жел 24, 2017 21:19 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 85

Жастық шақ – күш-қуат кезеңі. Бұл кезең адамның өзін тәрбиелеп, білім алып, үйренуі үшін қолайлы мұрсат.

 Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеидің пікірі бойынша жастар білім алу, таза нәпсі мен иманын тәрбиелеу, спортпен айналысу және физикалық күштерін нығайту арқылы өз мүмкіндіктері мен күшін арттыруы қажет. Аятолла Хаменеи былай дейді: "Егер менен бір қысқа сөйлеммен "Сіз жастардан не күтесіз?" деп сұраса, олардан білім алып, тәрбие көріп, спортпен айналысқанын күтетінімді айтамын. Өйткені, менің пікірімше жастар осы үш нәрсеге жетуі керек». Хазірет студенттер мен үздік жастарға: «Ғылым – адамзат қоғамы үшін илаһи нығметтердің бірі. Ғылымдардың барлығы адамдарға Алланың таңғалырарлық жаратылысында қалыптастырған  қорларды жақсырақ пайдалануға көмектеседі. Адам жаратылғаннан бері табиғаттың сырын түсініп, бұл үлкен жүйенің құпиялары мен қалтарыстарын зерттеуге талпынды. Ислам мен басқа діндер мұны растайды»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи

Иран Ислам революциясының жетекшісі елдің көрнекті жастарымен сөйлесуінде мемлекеттің ғылыми қозғалыстарын қолдайтынын айтып, білімге шынайы назар аудартып: «Дүниеде зорлық-зомбылық көп кездеседі. Зорлық-зомбылық көрсетушілер құдыреттеріне сүйенеді. Олардың құдыреті, байлығы мен мүмкіндіктері білімдерінің нәтижесі. Білімсіз қарсыласу мүмкін емес... Мен: «Ғылым – сұлтан» деген хадис оқыдым. Ғылым – күш-қуат. Бұл күш-қуатқа ие адам алға ілгерілейді. Білімсіз адам, халық пен қоғам басқалардың күш-қуатын пайдалануға мәжбүр»,- деді.

Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, білім күш-құдірет береді. Білімді студент жастар  елдің құдыретін арттыруда маңызды рөл атқарады. Діни жетекші нәпсіні тазартып, адамды тәрбиелейтін білімді жақсы білім деп атап, мүмін алған білімін басқа адамдардың дамуы жолында пайдалануы керек деп санайды. Бірақ, өздерін тәрбиелемеген адамдар білімді адамзатқа қарсы пайдаланады. Аятолла Хаменеи осыған орай ғылым үйренудің екі мақсаты, нақтырақ айтқанда, таза және таза емес мақсаты бар деп санайды.

Хазірет жастарға: «Батыстың ғылыми дамуының шындығы өте ащы әрі өте өкінішті шындық. Шын мәнінде, адам олардың бағытына қарай қадам басқысы келмейді. Батыс әлеміндегі ғылыми даму он алтыншы ғасырдағы Италия мен Англиядағы және Еуропаның басқа елдеріндегі ғылыми қозғалыспен басталған кезде болсын, он сегізінші ғасырда Англияда басталған өнеркәсіптік революцияның нәтижесінде бірнеше онжылдықта үлкен зауыттар салынып, үлкен машиналар жасалған, содан кейін олардың арқасында байлық өндірілген кезеңдерде болсын, қаншама адамдардың құқықтарын бұзып, қаншама кедей құрбан болды. Халықтарға қаншама зұлымдық жасалды. Содан соң ғылым мен технология басқа еуропалық мемлекеттерге таралып көптеген халықтар азаттығынан айырылып, көптеген халықтардың болмысы  қауіп-қатермен кезігіп, оларға зорлық-зомбылық көрсетілді. Олар шикізатты қажет ететіндерін сезді, олар өнімдерін сататын нарықтың қажет екенін сезді. Мұндай жағдай басқа мемлекеттерде де сезілді. Сондықтан олар білімді пайдаланып, семсер  мен найзаға қарсы тұрып, артиллериясын дайындады. Англиялықтар, голландиялықтар, португалдықтар, франциялықтар және басқа еуропалық үкіметтер әлемнің жер-жеріне жетіп, ғылым мен технологияны пайдаланып, дүниені апатқа тіреді. Бұл апаттардың барлығын бір жерге тіркейтін болсақ, үлкен энциклопедия жинақталады. Кейін оларға АҚШ қосылды»,- деді. Діни жетекші сөзінің жалғасында сол кездегі білімнің мақсатын ахлақ, иман және рухани  құндылықтарға мән бермей, байлыққа жету болған деп: «Еуропалықтар дәл сол кезде өздерін өркениет деп атады. Бірақ іс-әрекеттері өте қорқынышты болды. Менің айтып отырғаным ұран емес. Мұның барлығына қатысты құжаттар бар. Азияның шығысында, Африкада және  тағы басқа жерлерде еуропалықтар мен батыстықтардың білімінің салдарынан қандай оқиғалардың орын алғанын түсінер едіңіздер. Мақсат тек байлық болғандықтан ондай қоғамдарда ахлақ, дін, Құдай болмайды»,- деп қосты.

Ғылымды дұрыс пайдаланбаудын салдары

Аятолла Хаменеи жастарға: «Біз мұндай ғылымды мақсат етпейміз. Өйткені мұндай ғылымдардың салдары атом бомбасы мен Хиросима апаты және  басқа оқиғалар болды. Мұндай ғылымнан зорлық-зомбылық туындайды. Бүгінде демократия туралы басқалардан көп уәж айтатын, бай әрі дамыған мемлекет саналатын АҚШ таптық алшақтықтарға тіреліп, бұл елдің миллииондаған азаматы панасыз қалып, кедейшілік сызығынан төмен деңгейде өмір сүруде. Діни жетекші бұл мәселені олардың ұжданды танымайтын, адамға қызмет етпейтін, сонымен бірге илаһи пайғамбарлардың тағылымдарынан алыс ғылыми дамудың салдары санайды.

Аятолла Хаменеи студент жастар мен жоғары оқу орындары ұстаздарының ой-пікірлерін ағарту үшін: «Исламның көзқарасы бойынша, ғылым тазарып тұрмаса, дұрыс жолынан бұрмаланады. Олай болса қару қылмыскер, жаман адамның қолына түсуі мүмкін. Ал егер қару адал адамның қолына түссе, жеке адамдарды, олардың отбасылары мен құқықтарын қорғайтын құралға айналады. Ғылым саласында белсенділік танытатын студенттер мен оқушылар өздерін елді басқаруға дайындап, негізінде халық пен қоғамның келешегінің үміті болып табылады. Яғни, мемлекет пен халық және жүйе өз келешегі үшін жастарды қажет етеді. Әр елдің  ғиззаты мен әр елдің келешегінің негізгі факторының бірі осы кезде білім алып жатқан жастар саналады. Олардың білім алуы, тәрбиесі мен еңбектері, мінез-құлықтары мен діни көзқарастары артқан сайын елдің келешегі де барлық тұрғылардан қамтамсыз етілетін болады.

 

Аятолла Хаменеи дарынды жастар мен студенттерді ғылыми даму жолындағы елдің үміті санайды. Ислам революциясы жетекшісінің ғылым саласындағы маңызды талаптарының бірі ғылыми цикл қалыптастыру болды. Ол бұл мәселені түсіндіріп: "Елге қажет әрі елдің ғылыми орнын көрсете алатын факторлардың бірі – ғылыми цикл. Барлық бөлімдерде елге қажет әртүрлі ғылымдар дамып, олар бір бірімен байланысты болып, бір-біріне көмек көрсетуі керек. Яғни, елдің ішінде ғылым  даму керек. Бұл бір-біріне қатысты және біртұтас, бір-біріне көмектесіп, бір-бірін алға ілгерілететін, мәселелерді көтеріп, оларға жауап беретін жүйе болады. Мұның барлығы қажет",- деп баса айтты.

Жастармен кездесу

Діни жетекшінің келесі талабы ғылыми айналым қалыптастырумен бірге жаңа ғылыми идеяларды қолдап, соларды іске асыруға талпыну болды. Яғни, өнеркәсіп пен технология саласындағы белсенділер аталмыш идеяны іске асыру үшін  күш салуы керек. Сөйтіп, ұсынылған идея ғылыми бағдарға айналып, нәтижесінде елді байытатын өнім шығаруға себеп болар.

Ислам революциясының жетекшісі ғылымды импорттауды өте маңызды деп атап, ғылым мен өнеркәсіп саласындағы жетістіктердің елде байлық шығаруға себеп бола алатынын қуаттады.