«Сәжде» сүресі, 741-ші бөлім, 15-19 аяттар
«Сәжде» сүресінің 15-19 аяттарының тәпсірі
بسم الله الرحمن الرحیم
«Сәжде» сүресінің 15 аяты:
«انَّمَا یُؤْمِنُ بِآیَاتِنَا الَّذِینَ إِذَا ذُکِّرُوا بِهَا خَرُّوا سُجَّدًا وَسَبَّحُوا بِحَمْدِ رَبِّهِمْ وَهُمْ لَا یَسْتَکْبِرُونَ ۩»
(Сәжде аяты бар.) Шын мәнінде аяттарымызға, өздеріне үгіт берілген кезде сәждеге жығылып, Раббыларын мақтап, пәктейді. Сондай-ақ, тәкаппарланбай иман келтіреді. (15)
Иман туралы уәж айтатын адамдардың әрекеттері мен сөздері айырмашылыққа ие. Олардың істері мен әрекеттері Құранмен сәйкеспейді. Олар не Құдайдың алдында сәждеге жығылмайды, не адамдардың алдында қарапайымдылық танытпайды: һәм Құдайға бағынбаушылық танытады, һәм адамдардың алдында тәкәппарланып, мақтанады.
Бұл аят «тек» сөзімен басталды. Яғни, тек осындай ерекшеліктерге ие адамдар ғана нағыз мүмін. Басқалар иман келтірдік деген өтірікшілер.
Нағыз мүміннің ерекшелігіне Құран мен Құдайдың сөзінің алдында мойынсұну жатады. Олар Құранның сөзін естіген кезде бастарын төмен түсіріп, Құдайды мадақтап, шүкіршілік білдіріп, Алланы пәктеуге кіріседі. Немесе Құран аяттарына сәйкес, оларға ескерту жасалған кезде мойынсұнып қабылдап, тәкәппарлық пен кеудемсоқтыққа салынбайды. Олар бір жағынан Алланың нығметтеріне шүкіршілік айтса, екінші жағынан тұрмыстың қиындықтары мен тауқіметтерін Құдайдың мойнына ілмейді. Оны жаратылыс ісіндегі кез келген мін мен кемшіліктен пәк санайды.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Құдайдың алдында сәжде жасап, оны пәктеп, мадақтау нағыз мүміннің белгілері саналады. Намаз оқымайтын адам шын мәнінде иман келтірмеген.
2. Сәжде жасап жатқан кездегі ең жақсы зікір – Пәруәрдігерді мадақтап, пәктеу.
3. Тәкәппарлық пен менмендік және мақтаншақтықтан ада сәжде құнды.
«Сәжде» сүресінің 16-17 аяттары:
«تَتَجَافَى جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ یَدْعُونَ رَبَّهُمْ خَوْفًا وَطَمَعًا وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ یُنفِقُونَ»، «فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَّا أُخْفِیَ لَهُم مِّن قُرَّةِ أَعْیُنٍ جَزَاءً بِمَا کَانُوا یَعْمَلُونَ»
Олар жамбастары төсектерден ажырап, өздерінің Раббысынан қорқып және үміт етіп тілейді әрі Біз өздеріне ризық етіп бергеннен жұмсайды (16). Ешбір жан істеген амалдары үшін қайтарым сый ретінде өздері көзайым болатын қандай қуаныштың жасырылғанын білмейді (17).
Құдайдың және оның сөзінің алдында мойынсұну қажеттігіне сілтеме жасаған алдыңғы аяттың жалғасында осы аяттар иман адамдарының кейбір ерекшеліктерін санамалап: «Олар уәжіп намаздарды ғана оқымайды. Сонымен қатар түн ортасында жұрт ұйқыда жатқан кезде ұйқыдан оянып, намаз оқып, Құдайға мүнәжат етеді. Құдаймен сырласатын ең жақсы уақыт – түн ортасы. Себебі, ол кезде адам жұмыстың қарбаласы мен ойы тыныш кезде шын жүрегімен өзінің Құдайына мүнәжат етеді. Түн ортасы – адамның өзінің қателіктері үшін кешірім сұрап, Құдайдан кешіретіні туралы үмітке қол жеткізіп, тозаққа түсу қорқынышынан жас төгіп, Алланың рақымы мен мейірімінен үміттену үшін жақсы мүмкіндік.
Құдаймен бұл байланыстың оны Құдайдың пенделерімен де байланыстыратындығы сөзсіз. Ол өзінің мүмкіндігінше мұқтаждардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тырысып, Пәруәрдігер сыйлағанды Құдайдың пенделеріне инфақ етеді.
Аяттардың жалғасы осындай адамдардың сыйы туралы: «Уез келген екіжүзділік пен өзін-өзі көрсетуден алыс адамдар құлшыныспен Құдайға ғибадат етіп, Құдайдың құлдарына да көмектеседі. Олар ешкімнің ойына да кіріп-шықпайтын сыйға ие. Шын мәнінде Құдайдан басқа ешкім оларға қандай маңызды сыйдың берілетінін білмейді» дейді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Нағыз мүмін өзін Алланың қаһарынан аман қаламын деп ойламауымен қатар оның рақымынан да үмітін үзбейді.Ол үнемі қорқыныш пен үміттің ортасында өмір сүреді. Тәкәппарлық пен үмітсіздікке салынбайды.
- Құран оқу үшін ерте тұрып, ұйқыны қию, түн намазын оқып, әлемнің Пәруәрдігерімен сырласу нағыз мүміннің белгілеріне жатады.
- Алланың сансыз сыйына ие болу үшін ерте тұрудың қиыншылығына төзу керек.
«Сәжде» сүресінің 18-19 аяттары:
«أَفَمَن کَانَ مُؤْمِنًا کَمَن کَانَ فَاسِقًا لَّا یَسْتَوُونَ»، «أَمَّا الَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَلَهُمْ جَنَّاتُ الْمَأْوَى نُزُلًا بِمَا کَانُوا یَعْمَلُونَ»
Мүмін болған кісі, бұзық болған кісі сияқты бола ма? Әрине тең болмайды. (18) Өйткені, иман келтіріп, ізгі іс істегендер; олардың істеген ғамалдарына сай қонақ үй түрінде жаннаттарда орын бар. (19)
Алдыңғы аяттардың жалғасында бұл аяттар шыншылдар мен иман келтіргендері туралы өтірік айтатындарды салыстырып: «Екі топтың істерінің соңын қарап, Құдайдың бұйрықтарына мойынсұнатындар мен иман туралы уәж айтатындардың қайда жететіндігін, олардың соңынан қандай болатынын көріңдер. Бұл екеуі Құдайдың қасында бірдей емес» дейді
Аяттардың жалғасы жұмақты Құдай өзінің түзу, ізгі ғамалдар жасаған пенделерін қабылдау үшін дайындаған жер деп атайды. Әр адам өзінің жақсы ғамалдарына сай сол орынға ие болады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Адамдарды иманға шақыру үшін нағыз мүміндердің өмірін күнәһарлар мен бұзықтармен салыстырайық. Сонда адамдар екі топтың оң және теріс тұстарын анық түсінетін болады.
- Иман іс-әрекеттен бөлек емес. Сауап иман туралы айтқан уәждер үшін емес, адамдардың ғамалына сәйкес беріледі.