Ұлы тұлғаның алдында 86
Шынайы Исламның тағылымдары бірлікті маңызды және үлкен мәселе санап, мұсылмандардан тек бір-бірінің арасында ғана ғана емес, мұсылман еместермен де бірлік сақтауды талап етеді.
Мұсылмандардың бірлігі әрқашан исламдық реформаторлар мен ойшылдардың ең маңызды мәселелерінің бірі болды. Ислам үмбеті бірлігінің мақсаты мұсылмандардың өз мазхабтарын сақтап, таухид, Құран Кәрім, Исламның ұлық пайғамбары, пайғамбардың сүннеті мен тарихы, о дүние мен қияметке иман келтіру сынды ортақ діни мәселелерге қатысты бірлік сақтап, әртүрлі діни, саяси, ұлттық және ислам үмбетінің әлсіреуіне себеп болатын басқа қайшылықтардан алыстату болып табылады.
Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейниді қазіргі заманның әйгілі реформаторлары мен ойшылдарының бірі деп атауға болады. Бірлік тақырыбы имам Хомейнидің саяси және мәдени ой-пікірінде маңызды орынға ие болды. Хазірет мұсылмандардың бірлігінің Исламның күш-қуаты, ғиззаты мен табандылығына себеп болатындығына назар аудартып, исламдық бауырластықты қуаттады. Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеи имам Хомейни сынды бірлік мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Хазіреттің көзқарасы Құранға, ислам заңдары мен негіздеріне сүйенген. Бұл тұлғалардың көзқарастары бойынша бірлік ең кемел қасиетті дінді сақтау үшін өте маңызды. Аятолла Хаменеи мен имам Хомейни мұсылмандардың бірлігін орта дұшпанға қарсы тұру үшін талап етті десек, қателескеніміз. Өйткені, олай ойлайтын болсақ, дұшпан болмаса, мұсылмандар бірлікті қажет етпейді деген нәтижеге жетеміз. Негізінде, ортақ дұшпан мұсылмандар үшін бірліктің маңыздылығын екі есе арттырады.
Шынайы Исламның тағылымдары бірлікті маңызды және үлкен мәселе санап, мұсылмандардан тек бір-бірінің арасында ғана ғана емес, мұсылман еместермен де бірлік сақтауды талап етеді. Мұсылмандар арасындағы бірлік Құран Кәрімде қуатталған. Құран Кәрім өзінің нұрлы аяттарында мұсылмандарды қайшылықтардан алыстап, бірлікке шақырады, еш уақытта мұсылмандар арасындағы қайшылықты қабылдамайды. «Әл-Имран» сүресінің 64-ші аятында: «...бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық...»,- деп айтылған.
Алла елшісі, пәк имамдар мен діни басшылардың тәсілдері бірлікті сақтау мен ортақ жайттарға сүйенді. Аятолла Хаменеи мұсылмандардың бірлігін шынайы Ислам тағылымдарынан шыққан міндеттердің бірі деп атап: «Мұсылмандардың арасындағы бірлік пен бауырластық – біздің діни негіздеріміз»,- деген болатын.
Ислам революциясы жетекшісінің ой-пікірлерінде мұсылмандардың қайшылықтардан алыстап, бірлік сақтауы билеп-төстеуші жүйелердің зорлық-зомбылықтарына қарсы ұжымдық табандылық білдіруге және ислам әлемінің мүдделері мен құқықтарын қорғауға жағдай тудырады.
Ислам революциясының жетекшісі Құран тағылымдарының негіздеріне сүйеніп: «Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар. Бұл мұсылмандардың міндеттерінің бірі. Бірақ Құран біздің дінге жабысуымызбен шектелмейді. Ол бізге бұл істі қоғам деңгейінде орындауды бұйырады. Яғни, барлығымыздың дінді ұстауымызды талап етеді. Бұл – келесі уәжіп. Сондықтан біз басқа мұсылмандармен бірге болуға міндеттіміз. Құранның келесі аятында: «Дінде зорлау жоқ. Расында туралық, азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаға иман келтірсе, сонда ол рас үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады...» («Бақаре» сүресі, 256-шы аят). Бұл аят бізге Алланың жібіне қалай жабысуымыз керек екендігін көрсетеді. Яғни, біз Аллаға иман келтіріп, керісінше тағұтқа күпірлік білдіру арқылы жақындаймыз. Қазіргі дүниедегі ең үлкен тағұт – АҚШ»,- деді.
Діни жетекші сөзінің жалғасында ислам әлемінің бүгінгі қиындықтарын әлемдік үстемдік пен отаршылық деп атап, өткен екі ғасырда олардың мұсылман халықтардың арасына іріткі салып, қайшылық тудырып, ислам елдерінің байлықтарын талан-таражға салып, оларды даму құқықтарынан айыру болғандығына тоқталды. Аятолла Хаменеидің пікірінше, әлемдік алпауыт елдер ғылым мен технологияның арқасында және шығарған қаруларын қолданып, ислам елдерін өздерінің отарына айналдыруды мақсат етті. Хазірет сөзінің жалғасында ислам елдерінің әлемдегі табиғи ресурстары мен стратегиялық жағдайларына сілтеме жасап: «Қазіргі таңда мұсылмандардың географиялық аймағы әлемнің ең маңызды аймақтары болып табылады. Олар табиғи байлықтары тұрғысынан әлемнің ең бай мемлекеттері саналады. Бүгінде Азияның Еуропаға қарай дарбазасы, Еуропаның Азия мен Африкаға, Африканың Еуропа мен Азияға қарай дарбазасы мұсылмандардың қолында. Бүгінде мұсылмандардың берекеге толы жерлері мен мұнай мен газ және басқа байлықтары адамзат үшін қажет»,- деді.
Мұндай мүмкіндіктер әлемдік үстемшілердің ислам елдеріне көз тігуіне себеп болуда. Олар мұсылмандардың арасына іріткі салып, оларды бір-бірімен соғыстырып, ислам елдерін билеп-төстеуді мақсат етеді.
Өзінің қырағылығымен Ислам дұшпандарының әрекеттерін бақылап отырған аятолла Хаменеи баршаға АҚШ-тың саясаткерлерінің өткен бірнеше жылғы сөздерін еске салды. Олар «Жаңа Таяу Шығыс» туралы әңгіме қозғаған кезде ешкім үстемшілердің Таяу Шығыс аймағында қандай мақсаты бар екенін, олардың бұл аймақта не істегісі және олардың сөздерінің мағынасының не екені туралы білмеді. Аятолла Хаменеи: «Таяу Шығыстың қазіргі жағдайын көріп, дұшпанның мақсаттары әшкереленді. Жаңа Таяу Шығыс – яғни, соғыс, лаңкестік, ырымшылдық, бейберекеттік. Сирияда, Иракта, Ливияда соғыс жүріп жатыр. Бұл елдердің барлығында лаңкестік таралды. Түркияда лаңкестік, басқа жерлерде де лаңкестік. «Жаңа Таяу Шығыс – осы. Бұл аймақтағы қазіргі жағдай – олардың мақсаты. Олар теріске шығарады, бірақ адамның көзі мен ақылы бар. Олар шиіттер мен сүнниттерді бір-біріне қарсы соғысқа итермелеп, бұл елдердің ішкі элементтерін қаруландырып, халықтар мен үкіметтерге қарсы қояды. Бұл – олардың «Жаңа Таяу Шығысы». АҚШ-ты таныған жөн» деді. Дұшпандар Таяу Шығыста тынышсыздық пен қақтығыс тудыруды көздейді. Сондықтан дұшпандар мен олардың қастықтарын танып біліп, бірлікті сақтау – әр мұсылманның міндеті»,- деп қуаттады.
Ислам революциясы жетекшісінің пікірі бойынша, мұсылмандардың бірлігі үшін көптеген ортақ мәселелер бар. Ислам дінінің негізі, Исламның ұлық пайғамбары мен Құран Кәрім – мұсылмандардың ең маңызды ортақ тақырыптары. Ислам революциясының жетекшісінің айтуы бойынша дұшпандар хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк исламын жою үшін дәл осы ортақ жайттарды нысанаға алуда. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, дұшпан Исламға соққы беру үшін әртүрлі құралдарды пайдаланады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы мұсылмандардың арасында қайшылық тудырып, олардың арасында күдік-күмән қалыптастыру болып табылады. Мұсылмандар – әлемдік үстемшілдіктің, яғни АҚШ пен сионистер мен олардың одақтастарының негізгі нысаны. Сондықтан мұсылмандар қырағылығы және хабардарлығымен барлық салаларда бірлік сақтап, дұшпанның сұм жобаларын залалсыздандыруы керек. Ислам революциясының жетекшісі қазір ислам әлемінің өз-өзіне келіп, Исламды илаһи тура жол ретінде таңдап, ортақ дұшпанға, нақты айтқанда әлемдік үстемшілдік пен сионизмге қарсы бірігіп, бір ауыздан ұран тастап, қарсы тұтатын уақыты келді деп санайды.
Діни жетекші: «Егер мұсылман халықтар өздерінің үлкен мүмкіндіктері және ерекшеліктерімен біріксе, ислам үмбеті кепілге ие болады. Сол кезде ислам әлемінің бірлігі Исламның ұлық пайғамбарының абыройы мен айбынының мизанына айналады»,- деді.