Илаһи жетекшілер (19)
Өткен бағдарламамызда Пайғамбардың (с.ғ.с) Меккеден Мәдинеге көшкені және тарихта "ләйләт ул-мәбит" деген атпен танымал Әлидің (ғ.с) пайғамбардың төсегіне ұйықтағаны жайлы оқиғаларды баяндаған болатынбыз. Бүгінгі бөлімде Бәдр шайқасы, бауырластық келісімі және имам Әли (ғ.с) мен пайғамбардың (с.ғ.с) жалғыз қызымен үйленуі секілді оқиғаларға тоқталамыз.
Назарларыңызды Әлидің (ғ.с) шарықтау мен құлдырауға толы, өнегелі және жігерлендіруші өмірінің басқа бөлігіне аударамыз. Өткен бағдарламамызда Пайғамбардың (с.ғ.с) Меккеден Мәдинеге көшкені және тарих бетінде "ләйләт ул-мәбит" деген атпен танымал Әлидің (ғ.с) пайғамбардың төсегіне ұйықтағаны жайлы оқиғаларды баяндадық. Бағдарламамыздың жалғасында имам Әлидің өмірін баяндауды жалғастырамыз.
Дұшпанның оның өміріне қастандық жоспарын құрғанынан хабардар болып, олардың тұзақ құрып, оның әрекеттерін аңдып жүргенін білген Пайғамбар (с.ғ.с) өз жақындарының ішінен бір топ адамды, соның ішінде Фатима Заһраны (ғ.с) Меккеде қалдырып, өзі Мәдинеге көшіп кетуге мәжбүр болады. Әрине өзі Мәдинеге кетердің алдында Әлиге (ғ.с) арнайы істі тапсырады және оған бірқатар аманаттарды иелеріне қайтарғаннан кейін өз туыстарымен бірге Мәдинеге келіп, Пайғамбарға (с.ғ.с) қосылуын сұрайды. Сол себепті, Әли (ғ.с) арасында хазірет Заһра (ғ.с) мен хазіреттің анасы Фатима бинт Асад болған пайғамбар әулетінің бірқатар мүшесімен бірге (Аһле бейт) және сол күнге дейін Меккеден Мәдинеге көше алмаған бір топ мұсылмандармен бірге түн ортасында Мәдинеге жол тартады.
Басқа жағынан құрайыш тайпасының тыңшылары Әли (ғ.с) бастаған мұхаджирлер ("коныс аударушылар") керуенінің көшкелі жатқанынан хабардар болып, олардың ізіне түседі. Көшіп кеткен мұсылмандарды қуып жеткенде Әли (ғ.с) мен олардың арасында қоқан-лоққыға толы қатты сөздер айтылады. Нәтижесінде қауіпті кеңістік пайда болып, Әли (ғ.с) оның жанында болған исламнң ар-намысы мен мұсылмандарды қорғаудан басқа шара жоқ екендігін сезіп, тыңшылар мен олардың қосындарына бет бұрып: "Егер өмірлеріңе әбден тойсаңдар, алға бір адым қадам басыңдар!",- деп айтады. Олар Әлидің (ғ.с) жүзінен қайнаған ашу мен ызаны көргенде артқа шегініп, келген жолымен қайтып кетеді.
Пайғамбардың (с.ғ.с) Мәдинеге келгеннен кейін алғашқы тарихи әрекеті ретінде Құба мешітін салады. Хазіреттің өзі мұсылмандармен бірге ол мешітті салуға ат салысады. Мешіт құрылысы аяқталғаннан соң пайғамбар (с.ғ.с) мен Меккеден көшіп келген мұхаджирлер мешіттің айналасынан өздеріне кішігірім үйлер салып, олардың әрқайсысы намаз оқу және қажетті жағдайда келіп тұру үшін өз үйлерінен мешітке қаратып есік жасайды. Біраз уақыт өткеннен кейін пайғамбардың (с.ғ.с) тарапынан "Әли үйінің есігінен басқа барлық есіктер жабылсын" деген дәстүр айтылады. Пайғамбардың (с.ғ.с) илаһи әмірсіз ешнәрсе жасамайтынын жақсы білген сахабалар: "Неге бізге өз үйлеріміздің есіктерін жабуға бұйрық бердің. Ал Әли үйінің есігін ашық қалдырдың?", -деп наразылықтарын айтады. Пайғамбар оларға: "Мен өзімнен-өзім сендердің есіктеріңді жауып, Әлидің есігін ашық қалдыруға шешім қабылдаған жоқпын. Алла Тағаланың әмірімен Әлидің үйінің есігі ашық қалып, сендердің үйлеріңнің есіктері жабылуы тиіс болды",- деп жауап береді.
Пайғамбардың стратегиялық саясаттарының бірі сенімдік, ахлақтық, мәдени-экономикалық тұрғылардан бірлігі мықты қоғам құра алатындай бір-бірінің алдында жауапкершілік алып, өмірдің барлық құлдырау мен шарықтауларында бір-бірінің жанына табылып, көмектесетіндей мұсылмандардың арасындағы қатынастарды нығайту болды. Сондықтан Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с) бір мұхаджир мен ансардың арасында бауырластық байланыс орнату келісіміне дәстүр береді. Бұл келісім жай ресімді және үстіртін келісім болмады. Бұл міндет пен жауапкершілікті жүктейтін келісім саналды. Бұл келісімге сәйкес, олар барлық салаларда бір-біріне көмектесіп, қайғы-қасірет мен шаттықпен бөлісуге міндетті еді. Пайғамбар (с.ғ.с) өзінің осындай бағалы шарасы кезінде көзі жасқа толы Әли (ғ.с) оның жанына келіп: "Өз серіктеріңізді бір-бірімен бауыр еттіңіз. Бірақ маған ешкіммен бауыр болуға бұйырмадыңыз. Мені жалғыз қалдырдыңыз",- деген екен. Сол кезде Пайғамбар (с.ғ.с) Әлиге қаратып: "Сен – дүние мен ақыретте менің бауырым саналасың",- депті.
Сүнниттік ханафи мазхабы ғалымдарының бірі Қандузи Ханафи бұл оқиғаны толығырақ баяндап: "Пайғамбар (с.ғ.с) Әлиге қарап: "Мені пайғабарлыққа таңдаған Алланың атымен ант етемін, соңында өзім сенімен бауыр атану үшін сенің бауырластық келісімін кейінге қалдырдым. Сен - мен үшін Һарунның Мұсаға бауыр болғаны секілді жақынымсың. Тек бір айырмашылық - мен соңғы пайғамбармын, менен кейін пайғамбар келмейді. Сен – менің бауырым әрі мұрагерімсің",- депті",- деп жазған.
Пайғамбардың (с.ғ.с) Меккеден Мәдинеге көшкенінен көп уақыт өтпей, ислам дінінің күннен-күнге етек жайып, ықпалының артып жатқанын көре алмаған исламның дұшпандары мен кәпір әрі ширк басшылар Меккеден Мәдинеге көшкеннен кейінгі екінші жылы Бәдр деген мекенде алғашқы соғыс отын өрбітіп, өздерінің барлық әскери және қару-жарақтық қуатымен шайқас майданына келеді. Мұсылмандар адами күштер саны тұрғысынан болсын, әскери мүмкіндіктері тұрғысынан болсын мүлдем дұшпан әскерімен салыстыруға келмейтіндей еді. Егер илаһи көмек болмағанда, мұсылмандар ешқашан жеңіске жетпейтіні күмәнсіз. Құран Кәрімде осы оқиға сипатталған: "Әрине Алла сендерге Бәдірде де жәрдем етті. Онда сендер тағы нашар едіңдер. Алладан қорқыңдар, әлбетте шүкір еткен боласыңдар.
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта (Бәдірде) мүміндерге: «Раббыларың сендерге періштелерден үш мың түсіріп жәрдем етсе, жетпей ме?»,- деуде едің. (Әли Имран сүресі, 123-124 аят).
Бәдр шайқасының басында араб ерлерінен 3000 адам майданға келіп, шайқасуды талап етеді. Сол сәтте Пайғамбар (с.ғ.с) үш адамды, соның ішінде Хамза мен Әлиді жекпе-жек шайқасқа таңдайды. Олар келісіп, олардың үшеуі де күресті талап етіп айқай салған қарсыластарын шайқас майданында аяқтарынан жығып салды. Алайда Әлидің (ғ.с) атқарған рөлі оның жас болуына қарамастан басқаларға қарағанда қатты сезілді. Ол хазірет илаһи медеттің арқасында Пайғамбардың (с.ғ.с) екі қас жауын аяқтарынан жықты. Олардың біреуі Пайғамбардың (с.ғ.с) қарғыс айтып, Алладан оның жамандығынан құтылуды тілеген Ибн Ноуфаль еді. Пайғамбар (с.ғ.с) Ибн Ноуфальдің Әлидің қолынан өлгенін естігенде былай деп дұға еткен: "Менің қарғысымды қабыл алғаның үшін Аллаға шүкір етемін". Жалпы алғанда, дұшпанның әскері басымдырақ болуына қарамастан, олардан 70 адам қаза, 70 адамы тұтқын болып, дұшпандар Бәдр шайқасында жеңіліс тауып, мұсылмандар Құдайдың жар болуымен жеңіске жетеді.
Меккеден Мәдинеге көшіп келгеннен кейінгі екінші жылы орын алған маңызды оқиғалардың бірі хазірет Әлидің (ғ.с) хазірет Заһрамен (ғ.с) үйленуі болды. Хазірет Фатиманың (ғ.с) өмірін баяндаған кезде Омар және Абу Бакр секілді текті әрі танымал тұлғалардың басым бөлігі Фатимаға құда түсіп, бірақ пайғамбардың (с.ғ.с) олардың барлығына теріс жауап бергенін айтқан едік. Барлығы Әли Фатимаға құда түсетін болса, Пайғамбардың бұл ұсынысты қабылдайтынын сезген. Сол себепті, Ұлақ пайғамбардың бір топ сахабалары мен жақын серіктері Әлимен сөйлесіп, оны Заһраға құда түсуге ынталандырады. Олардың талабы мен қысымының нәтижесінде Әли (ғ.с) сол мақсатта Пайғамбарға (с.ғ.с) барады. Сол күні Пайғамбар (с.ғ.с) Умму Сәләманың үйінде болған еді. Әли есікті қағады. Сонда пайғамбар (с.ғ.с) өз жұбайына: "Есікті аш, есікті Құдай мен Пайғамбар (с.ғ.с) сүйетін адам қағып тұр. Ол да Құдай мен пайғамбарды (с.ғ.с) сүйеді",-депті. Сонда Умму Сәләма: "Ей, Алланың пайғамбары, менің әкем мен анам сенің құрбаның болсын. Көрмей жатып бұлай айтатындай бұл қандай адам?",- деп сұрайды. Пайғамбар (с.ғ.с): "Умму Сәләма, аздап сабыр етіп, күте тұр. Ол – батыл әрі ержүрек адам, менің бауырым, немере інім әрі менің ең сүйікті адамым",- деп жауап беріпті. Умму Сәләма Пайғамбардың (с.ғ.с) өзі мақтайтындай қандай адам екенін, көру үшін кідірместен орынан тұрып, есікті ашады. Есікті ашқан сәтте Әлидің (ғ.с) нұрлы жүзін көреді. Ол хазіреттен үйге кіруге рұқсат сұрайды. Үйге кіргеннен кейін Әли (ғ.с) амандасып, пайғамбардың (с.ғ.с) жанына отырады. Ұялғаннан басын төмен қаратып өзінің келген жайын айта алмай, кішкене уақытқа екеуі де үнсіз отырады.
Ұлық пайғамбар (с.ғ.с) үнсіздікті бұзып: "Ей, Әли, маған айтуға ұялатындай мақсатпен келіп тұрғандайсың. Қысылмастан, жөніңді айт. Сенің айтқан барлық өтініштерің орындалатынына сенімді бол",- деп айтады. Осындай сәтті күткен Әли (ғ.с): "Пайғамбар, менің әкем мен анам құрбаның болсын. Мен сіздің үйіңізде өсіп, ер жетіп, өзіңіздің ілтипатыңызға бөлендім. Сіз мені тәрбиелеуде менің ата-анамнан көбірек еңбек еттіңіз. Сіздің арқаңызда бала кезімнен жетекшілігіңізге ердім. Алланың елшісі, Құдайдың атымен ант етейін, менің дүние мен ақыреттегі жиған-тергенім (байлығым) сізсіз. Енді менің өзіме жар таңдап, онымен сырымды ашып, тыныштық тауып, отбасы құратын кезім келіп жетті. Егер дұрыс деп санап, қызыңыз Фатиманың менімен үйленуіне рұқсат берсеңіз, мені үлкен бақытқа кенелтесіз",- деп айтты. Пайғамбар (с.ғ.с) осы күн мен сәтті күткендей қатты қуаныпты. Содан кейін Фатиманың жанына барып: "Қызым, Әли ибн Абу Талибты жақсы танисың. Ол саған құда түсіп келді. Оған тұрмысқа шығуға келісесің бе?",- деп сұрапты. Фатима ұялғаннан басын төменге қаратып, үнсіз қалыпты. Пайғамбар мұны келісімнің белгісі деп түсініпті. Содан соң Әлиге барып: "Саған қуанышты хабарды айтып, саған бір сырымды ашқанымды қалайсың ба?",- деп сұрапты. Әли: "Ия, Алланың елшісі, сіз әрдайым жақсы мінез танытып, қуанышты хабар айтасыз",- депті. Пайғамбар (с.ғ.с): "Сен маған келердің алдында маған Жәбірейіл түсіп: "Ей, Мұхаммад, Құдай сені жаратқандарының ішінен таңдап, пайғамбарлық міндетті жүктеді. Әлиді таңдап, сенің бауырың әрі уәзірің етті. Оны қызың Фатимамен үйлендір. Олдардың үйлену тойы жоғарғы әлемде періштелердің қатысуымен өтеді. Құдай оларға пәк әрі ізгі перзенттер сыйлайды. Әли, Жебірейіл ғайып болмай жатып, сен біздің үйдің есігін қағып, Фатимаға құда түсіп келдің",- деген.