Аптаның экономикалық журналы (127)
АҚШ Иранның зымырандық күшіне қатысты алаңдаушылықты сылтауратып, жаңадан санкция салу және банктік санкцияларды жоюға кедергі тудыру арқылы Иранның «Ортақ қадам» келісімінен кейінгі кезеңдегі экономикалық мүдделеріне қатер төндіруді көздеп отыр.
Алайда Қытай, Ресей мен Еуропа одағы «Ортақ қадам» келісімінің басқа тараптары ретінде АҚШ-тың келісімге қарсы саясаттарынан еш пайда көрмейді. Сол себепті, «Ортақ қадам» келісімінің кез келген тарауына өзгеріс енгізуге қарсы. Бұл елдер барлық тараптардың келісімдегі міндеттеріне берік болу қажеттігін қуаттауда.
Қытайдың экономикалық саясаттары «Бір белдеу – бір жол» жобасына негізделген. Онда жаңа нарықтарға жол ашу, халықаралық ынтымақтастықтарды кеңейту, өндірісті арттыру және әлемдік сауда мен экономиканы қалыптастыру сияқты мақсаттар қойылған.
Қытай осы стратегиялық жоспары аясында санкциялар кезінде де, «Ортақ қадам» келісімінен кейінгі кезеңде де Иранмен байланыстарында әрдайым сенімді серіктес ретінде бағаланды. Осы шеңберде Иран мен Қытай барлық аймақтық және әлемдік мәселелер мен АҚШ-тың қысымдарына қарамастан, әрдайым мықты әрі дамуға бет алған қарым-қатынасқа ие. Қытай қазіргі кезде инфрақұрылымдық бөлімдерде Иранмен жақсы әріптестік жасап жатыр. Қытайдың Ұлттық мұнай компаниясының Оңтүстік Парс газ алаңының 11-ші фазасын кеңейту жобасындағы құны 4 миллиард 800 миллион долларды құрайтын 30 пайыздық үлесі, сондай-ақ, Теһран-Мешхед темір жол желісін электрлендіру жобасы екі елдің ең басты ынтымақтастық жобаларының қатарын құрайды.
Иран мен Қытайдың Ортақ сауда палатасы төрағасының пікірінше, Теһранның Бейжіңмен қатынастарды кеңейтуге бетбұрысы ұзақ мерзімді әрі стратегиялық сипатта.
Иран мен Қытайдың Ортақ сауда палатасының төрағасы Асадолла Асгар Оулади Теһран мен Бейжіңнің сауда-экономикалық айналымы құнының 2017 жылдың соңында 45 миллиард долларға жететінін болжап отыр.
Екі елдің алдағы он жылға арналған мақсаты – тауар айналымының көлемін жылына 60 миллиард долларға дейін жеткізу. Қазіргі уақытта мұнай, газ бен мұнай-химия өнімдері Теһранның Қытайға экспортының басты тауарлары болып табылады.
Өткен аптада Иранның Өнеркәсіпті дамыту және жаңарту ұйымы мен Қытайдың Сауда палатасының арасында Иранның Өнеркәсіп министрі Мұхаммад Шариатмадари мен Қытайдың жеке сеткорының Сауда палатасының басшысы Ванг Янгтың қатысуымен экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықтарды кеңейту туралы жаңа келісімге қол қойылды.
Дегенмен, даму жолында әлі де кедергілер бар. Иран мен Қытайдың сауда, өндірістік және экономикалық мүмкіндіктерін пайдалану үшін қажет инфрақұрылымдарды, соның ішінде, екі ел арасындағы банктік қатынастарды қамтамасыз ету керек.
Иранның Орталық банкінің төрағасы Валиолла Сейф осы аптада Теһранда Қытай Парламенті төрағасының орынбасарымен кездесуінде Иранның екіжақты банктік алмасуларды жеңілдету үшін қытайлық тараптармен қаржылық келісім жасауға әзір екенідігін қуаттады.
Ереван ирандық тауарларды 200 миллион адамдық нарыққа ие еуразиялық елдерге экспорттау үшін байланыс көпірі бола алады.
Армения президенті Серж Саргсян өткен айда Ереванда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесуінде: «Иранмен экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту үшін ешқандай кедергі жоқ. Екі елдің терең байланыстарын назарға ала отырып, Теһран-Ереван қатынастарының болашағын жобалауға болады» деді.
Иран мен Арменияның қарым-қатынасы 2016 жылдың желтоқсан айында ИИР президенті Хасан Руханидің Ереван сапарынан кейін түрлі сауда-экономикалық және тауар алмасу деңгейін арттыру бағытындағы бағдарламалар жүзеге асырылған соң екі ел жаңа кезеңге аяқ басты.
Екі елдің қайраткерлері де осы ынтымақтастықтың үдерісін жеңілдетіп, қарқындатуға бар күштерін салуда.
Осы аяда Иранның Армениядағы елшісі сейіт Казем Саджади Арменияның мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Вартан Арутюнянмен жуырдағы кездесуінде кедендік кедергілерді жою, ирандық және армениялық кәсіпкерлердің мәселелерін қарастырудың маңыздылығын қуаттады.
Арменияның Ирандағы елшісі Арташес Туманянның пікірінше, Арменияның 3 миллиондық нарығы аса тартымды көрінбегенімен, бұл елдің географиялық жағдайы еуразиялық елдердің 180 миллион адамдық нарығын Иранға тарту үшін жақсы мүмкіндік тудыра алады.
Қазіргі кезде еркін сауда аймақтарында энергетика, ауылшаруашылығы, туризм, тасымал, технология, ғылым мен инвестиция бөлімдеріндегі ынтымақтастық жөніндегі келісімдерді жүзеге асыру қарқыны жылдамдаған. Осы шеңберде түрлі бөлімдер бойынша экспорт жасайтын Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысында орналасқан Арас еркін сауда аймағы мен Арменияның Сюник облысындағы Мегри еркін сауда аймағын атауға болады. Энергетика бөлімінде биылғы жылдың алғашқы сегіз айында Арменияға 25 миллион текше метр газ экспортталған. Иран Нурдуз шекарасы арқылы күніне шамамен 1 миллион текше метр газды Арменияға жөнелтеді.
Иран мен Армения 2004 жылы 30 жылға арналған газ және электр алмасу келісіміне қол қойған болатын. Сол келісімге сәйкес, Иранның экспортқа арналған газы Армениядағы электр стансаларына жеткізіледі. Оның орнына Иран Армениядан электр қуатын импорттайды. Иран бір текше метр газдың орнына Армениядан 3,2 киловатт электр қуатын импорттайды.
Осы келісімдер мен үдерістердің бағыттары Армениямен қатынастың мөлшерін көрсетті. Қазір Иран мен Арменияның жоғарғы сауда кеңесін құру сияқты идеялар туындап жатыр. Осындай идеяларды іске асыру және сауда жолындағы кедергілерді бейтараптандыру арқылы екі елдің қарым-қатынасы үшін жарқын көкжиек болжауға болады.
Иранның Хоррамшахр порты мен Оманның Сухар порты арасындағы кеме жолы ағымдағы жылдың желтоқсан айының отызы күні Хоррамшахр портында іске қосылады.
Иран мен Оманның ортақ сауда палатасының төрағасы Мохсен Зарраби осы хабарды жариялап: «Иранның Хоррамшахр порты мен Оманның Сухар порты арасында кеме жолы ашылғаннан кейін кәсіпкерлер мен өнеркәсіп иелері тауарларын Хоррамшахр порты арқылы өздері мақсат еткен жерлерге жеткізу үшін Сухар портына жөнелтіп, өздері тапсырыс берген тауарларды Хоррамшахрға қарай жөнелте алады» деді.
Ол сонымен қатар жақын болашақта Чабаһар портын Оманның Сухар портына қосатын кеме жолының ашылатынын мәлімдеді.
Сухар сауда-саттық порты Оманның солтүстігінде орналасқан осы елдің ең маңызды порттарының бірі ретінде Үндістан, Пәкістан, Африка мен Оекания елдері үшін транзит және байланыс нүктесі болып табылады.
2013 жылы Иран мен Оманның ортақ сауда палатасы құрылғаннан кейін Оманмен сауданы дамыту инфрақұрылымдарын нығайту, банктік қатынастар орнату, компанияларды тіркеу, виза беруді жеңілдету және екі ел арасында кеме жолдарын ашу жобалары күн тәртібіне енгізілді.
Осы жобаларды жүзеге асырумен бір мезгілде Чабаһар порты қолайлы географиялық және транзиттік жағдайға ие әрі Иранның теңізде орналасқан жалғыз порты ретінде аймақтық елдер мен экономика белсенділерінің назарын өзіне аударып отыр. Бұл порттың еркін суларға шығуы Орталқ Азия, Үндістан, Қытай, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак және Еуропа елдерінің өз тауарларын тасымалдау үшін осы портты пайдалануға қызығушылық танытуына себеп болды.
Қазір 8,5 миллион сыйымдылыққа ие бұл порт сауда мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр. Чабаһар портында темір жол және күре жол жобалары іске асырылуда. Алдағы үш жылда Чабаһар темір жол желісі арқылы Захедан мен Иранның жалпы темір жол желісіне қосылатын болады.
Бұл басымдылықтар көптеген жылдардан бері аймақтық елдердің назарына іліккен. Осы аяда Чабаһарға қатысты үшжақты транзиттік келісімге 2016 жылдың мамыр айында Теһранда ИИР президенті Хасан Рухани, Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди мен Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің қатысуымен өткен отырыста үш елдің Жол министрлері қол қойды.
Үндістан транзиттік дәліздердің бәсекелестікке сай басымдылықтары мен Иранның үндістандық тауарларға беріп отырған 50 пайыздық жеңілдігін пайдаланып, өз тауарларын Чабаһар порты арқылы Орталық Азия, Кавказ елдері, әсіресе, Әзірбайжан, Ресей мен сол жерден Литва, Эстония мен Беларусь елдеріне жеткізе алады.
Үндістан Орталық Азия елдері және Ауғанстанмен 17 миллиард 500 миллион доллар көлемінде тауар алмасады.
Осы мүмкіндіктерді таныстыру мақсатында өткен аптада Герат қаласында Иран мен Ауғанстанның кәсіптік қатынастарының жаңа кезеңін бастау үшін екі елдің 12-ші ортақ көрмесі өтті.
2020 жылға дейін Үндістаннан Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне 16 милион тоннадан астам тауар экспортталады деп болжануда. Сол себепті Чабаһар портының осы үдерістердегі рөлі мен орны Үндістанның инвестицияларын қабылдау үшін ең басты дәлел болып табылады.
Көршлілес елдермен сауда байланыстарын кеңейту Иранның экономикалық дипломатиясының басты бағдары болып табылады. Қазір Иранның Парсы шығанағының оңтүстік жағалауындағы елдермен, соның ішінде, Оман және Катармен байланысы дамуға бет алды. Аймақтағы басқа елдермен де, соның ішінде, Иракпен байланыстар жаңа кезеңге аяқ басты. Осы аптада Бағдадта ИИР мен Ирактың сауда-кәсіптік белсенділерінің ортақ отырысы өтті.
Иракта өткен отырысқа Сауда палаталары одағының төрағасы, Өнрекәсіп одағы мен инвестиция комитетінің басшысы, Ирак облыстары сауда палаталарының басшылары, ирактық инвесторлар мен кәсіпкерлер және ирандық команиялардың өкілдері қатысты.
Теһран мен Бағдадтың қарым-қатынастарын кеңейту үшін жағдай тудыру екі елдің ортақ мақсаты болып табылады. Алайда бұл мақсатқа жету соңғы бірнеше жылда Иракта пайда болған қиындықтарға байланысты көп уақыт пен талпынысты қажет етеді.
ИИР-ның Ирактағы елшісі Ирадж Масджеди осы жайында: «Иран біраз уақыт бұрын Ирак үкіметіне екі елдің азаматтары, соның ішінде, инвесторлар мен кәсіпкерлердің шекаралардан еркін өтіп-шығуына жағдай жасап, визаны толығымен алып тастауға әзірлігін мәлімдеген болатын. Алайда, осы уақытқа дейін Ирак үкіметі бұл мәселе бойынша шешім қабылдаған жоқ» деді.
Иран жуырда елдің оңтүстік-батысындағы Хоррамшахр мен Абаданда еркін сауда аймағын құруға талпыныс жасады. Бұл мәселе ирактық инвесторлар үшін қолайлы мүмкіндік болып табылады. Иран мен Ирактың сауда-экономикалық белсенділері қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, байланыстарды кеңейте алуы үшін қолдау көріп, олардың жолындағы кедергілерді бейтараптандыру үшін шара қолдану қажет.
Иран мен Ирактың мұнайдан тыс саудасының мөлшері қазіргі кезде жылына 8 миллиард долларды құрайды. Қолда бар мүмкіндіктер мен тасымал шығынының аз болуына байланысты бұл көрсеткіш болашақта 20 миллиард долларға жетеді деп күтілуде.