Сәу 02, 2016 17:58 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы

Ислам Революциясының жетекшісі х.ш.ж.с.б. 1395 жылдың басталуына байланысты жолдауында жаңа жылды «Қарсыласу экономикасы: іс-әрекет» жылы деп атады.

Ислам Революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өткен жексенбі күні ирандық жаңа жылдың басталуына байланысты жолдауында жаңа жылдағы мақсаттар, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді қуаттап: «Мүмкіндіктерді шынайы мағынасында пайдаланып, қауіп-қатерлерді де мүмкіндікке айналдыра алсақ, бұл – нағыз өнер. Елде жыл соңында түбегейлі өзгерістер орын алып, мақсаттар жүзеге асырылу үшін талпыныс пен тәулік бойы жұмыс жасалуы керек» деді.  
Ислам Революциясының жетекшісі экономиканы осы маңызды әрекеттегі ең басты бағдар ретінде көрсетіп, ішкі өндіріс, жұмыспен қамту және жұмыссыздықты тоқтату, экономиканы қарқындату және тоқыраумен күресуді осы бағыттағы ең басты мәселелер ретінде атап өтті.
Хазірет аталмыш жетістіктерге қол жеткізудің басты шартын қарсыласу экономикасы алаңындағы еңбек пен талпыныс деп атап, басшыларды қарсыласу экономикасы сахнасында іс-жүзінде әрекет етуге міндеттеді.
ИИР Президенті Хасан Рухани өткен сейсенбі күні Киш еркін сауда аймағының бас директорлары және жоғарғы кеңесімен отырысында экономиканың осал тұстарын азайту және оның ауыр жағдайдалардың алдындағы төзімділігін нығайтуды қарсыласу экономикасының басты принциптері деп атап: «Қарсыласу экономикасы саясаттарындағы маңызды бөлімдердің бірі әлеммен сындарлы қатынас жасау болып табылады. 11-ші үкіметтің басты бағдары қарсыласу экономикасы болған күйінде қалады» деді.
Рухани үкіметтің 1395 жылдағы экономиканы дамытудағы мақсатын 5 пайыздық өсуге қол жеткізу деп атап: «Экономикалық тоқыраудан толығымен шығып, экономиканың дамуы мен өсуіне жету үшін талпыныс жасалуы керек» деп қуаттады.
Иран «Ортақ қадам» бағдарламасынан кейінгі кезеңдерде басқа елдермен қарым-қатынасын теңдестірілген түрде кеңейтуді көздеп отыр. Соңғы бірнеше айда Иранға түрлі сауда делегациялары келіп кетті. Иранның осы ынтымақтастықтардағы басты назары қарсыласу экономикасы шеңберіндегі экономикалық инфрақұрылымдарды кеңейту және Иранға инвестиция, жаңа технологиялар мен ғылымды тартуға бағытталған.
Осы аяда ИИР Президенті Хасан Рухани Аустрия Президенті Хайнц Фишердің ресми шақыруымен жоғары дәрежелі саяси және экономикалық делегацияны бастап, 30 наурыз күні сол елдің астанасы Венаға сапармен барды.
Иран Президентінің Аустрияға сапарында бірнеше құжатқа, соның ішінде, Иран мен Аустрияның экономикалық ынтымақтастықтарының жол картасына қол қойылды.
Иран мен Пәкістан түрлі сауда және мұнай мен газ бөлімдерінде лайықты әріптестіктер жасады.
Иран Президенті Хасан Рухани өткен аптада ресми сапармен Пәкістанға барып, осы елдің премьер-министрі Наваз Шариф және басқа да жоғары қайраткерлерімен түрлі экономикалық мәселелер, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынас туралы сұхбаттасты.
Екі елдің қайраткерлері екі күндік сапар аясында өткен келіссөздерде екіжақты ынтымақтастықтарды нығайту, соның ішінде, түрлі сауда бөлімдері мен қаржы істері бойынша әріптестіктерді нығайту мақсатында 6 құжатқа қол қойды. Екі тарап сондай-ақ сауданы дамыту үшін алдағы бес жылға арналған өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Бұл меморандумға Пәкістанның Сауда министрі Хоррам Дастгир мен оның ирандық әріптесі Мұхаммад Реза Нематзаде қол қойды.
Пәкістанның Сауд министрі Хоррам Дастгир өз еліне ирандық кәсіпкерлер мен инвесторлардың инвестиция салуын қалайтынын айтты. Ол екі ел үкіметінің екіжақты сауда мөлшерін алдағы 5 жыл ішінде 5 миллиард долларға жеткізуге келіскенін мәлімдеді.
Пәкістанның Қаржы министрі Исхақдар мен Иранның Ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли Иранның Орталық сақтандыру ұйымы мен Пәкістанның құнды қағаздар комиссиясы арасындағы ынтымақтастық және ақпарат алмасу бойынша тағы бір әріптестік құжатына қол қойды. Сонымен қатар Пәкістанның Сауда және өнеркәсіп палаталарының федерациясы мен Иранның Сауда, өнеркәсіп, тау-кен және ауылшаруашылық палатасы арасындағы ынтымақтастық бойынша да құжатқа қол қойылды.
Иран Президентінің Пәкістанға сапарымен бір мезгілде екі елдің мұнай министрлері кездесіп, екі ел арасында мұнай мен газ алмасулар жөнінде сұхбаттасты. Екі елдің мұнай министрлері пәкістандық делегацияның Иранға жақында жасайтын сапары аясында Пәкістанға газ жөнелту жобасын жүзеге асырудың нақты уақытын белгілеу және осы мәселеге қатысты басқа да істер, сондай-ақ, екі тараптың назарындағы басқа да мәселелер бойынша қорытынды келісімдер жасауға келісті.
Осы келіссөздерде екі тарап Гвадар және Чабаһар порттарының көмегімен теңіз жолдары арқылы сауда жасау мүмкіндігін қарастырды.
ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Исламабадта Иран мен Пәкістанның экономика саласындағы белсенділерінің ортақ отырысында Иранның Пәкістанмен сауда айналымының мөлшерін алдағы бірнеше жыл ішінде қазіргі деңгейден 5 миллиард долларға жеткізуге әзір екенін мәлімдеді.
Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шариф та осы отырыста Пәкістанның Иранмен сауда деңгейін арттыруды көздейтінін мәлімдеді.
Иран қазір әлемдік экономикаға қосылу арқылы өзінің бұрынғы кездегі жоғарғы деңгейіне қайта оралып, аймақтық экономикалық алпауыттарының біріне айнала алатындай жағдайға ие. Бұл – NewsAsia деп аталатын Сингапурға қарасты арнаның Иранның санкциялардан кейінгі кезеңдегі экономикасына қатысты пікірі.
NewsAsia арнасы сейсенбі күні бір экономикалық бағдарламада Иран мен «алтылық» топтың келісімі және елдердің «Ортақ қадам» бағдарламасынан кейінгі кезеңде Иранға қайта оралуға қатысты қызығушылығына тоқталып: «Иранда туындаған жағдай осы елдің әлемдік қауымдастыққа қосылып, бұрынғы жоғарғы деңгейіне қайта оралуына себеп бола алады» деді.
Осы мәліметте Ислам революциясының жеңісіне сілтеме жасалып, АҚШ пен Батыстың Иран халқы мен экономикасын тізе бүктіруге қатысты талпыныстары талқыланғаннан кейін дұшпандардың қастықтарына қарамастан Иранның даму үдерісінің жалғасып жатқандығы қуатталды.
Осы телеарна Батыстың біржақты әділетсіз санкциялары кезінде де Иранның айтарлықтай мөлшерде дамығанына тоқталып, санкциялардан кейінгі кезеңнің де Иран үшін көптеген мүмкіндіктерді қалыптастырғанын айтты.
Аталмыш арна бағдарламаның жалғасында түрлі елдердің Иранның нарығына кіруге деген ынтасы туралы баяндап: «Көптеген елдер Иранмен сауда қатынасын орнатып, қайта жандандыру мақсатында Теһранға өздерінің сауда делегацияларын жіберді. Сингапур да делегация жіберіп, Иранмен сауда қатынастарын кеңейуге өтініш жасаған елдердің қатарында» деді.
Мәскеудің халықаралық туризм көрмесінде Иранның туристік қызмет көрсету павильоны ең озық деп танылды.
Туризм саласындағы бесінші ірі көрме саналатын Мәскеу халықаралық туризм көрмесі өткен аптада 192 аймақ пен елден жиналған 1800 компанияның қатысуымен Мәскеудің көрме орталығында өтті.
Иран екінші жыл қатарынан Мәскеудің халықаралық туризм көрмесіне қатысты.
Иранның жолаушыларға қызмет көрсететін 10 компаниясынан құралған туристік қызмет көрсету павильоны осы көрмеде ең озық танылып, Қешм еркін сауда аймағын басқару ұйымына мақтау грамотасы беріліп, мүсін сыйланды.