Сәу 28, 2018 17:35 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 154

Исламның ұлық пайғамбары түндердің бірінде Меккедегі әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне сапар шегіп, сол мешіттен аспанға көтеріліп, жеті аспанды аралап, ешбір періште жете алмайтын биіктікке жетіп, Алланың елшісі мен Жаратушы құпия сұхбаттасқан. Алла елшісі бұл сұхбаттың бір бөлігін сахабаларына айтып берген. Олар «Миғраж» хадисі деп танымал болды.

Құдай Құран Кәрімнің «Исра» сүресінің бірінші аятында Исламның ұлық пайғамбарының мұғжиза түрінде Мекке қаласындағы әл-Харам мешіті мен Бейт әл-Мұқаддастағы әл-Ақса мешітіне дейінгі ұзақ қашықтықты Алланың көмегімен бір түнде өткені және одан кейін аспандарды аралап, илаһи белгілерді көргенін хабарлады.

"Исра" сүресі, 1-ші аят

Хазірет Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде Алла елшісінің Миғраж түні Жаратушының оған: «Уа, Ахмад! Дүние мен дүниеқұмарларды дұшпан, ақырет пен ол туралы ойлаушыларды дос деп сана» дегені туралы айтылған.

Дүниеқұмар

Пайғамбар: «Уа, Жаратушым! Дүние мен ақырет туралы ойлайтындар кімдер?»- деп сұраған кезде: «Дүние туралы ойлаушылар көп жейтін, көп күлетін және көп ашуланатындар»,- деп жауап берген. Жалғасында Алла Тағала дүниеқұмарлардың басқа ерекшеліктері туралы: «Олар әрқашан өздеріне риза болып, басқаларға риза болмайды. Біреудің құқығына зұлымдық жасаса, одан кешірім сұрамайды. Одан кешірім сұраған адамды кешірмейді. Ғибадат жасаған кезде шаршап, көңіл-күйлері болмайды. Бірақ дүниенің ләззаттарына жету үшін басқалардың алдына шығады. Олардың арманы көп. Қысқа өмірде ол басқаларға қызмет етудің орнына келешекке байлық жинау туралы ойлайды. Илаһи азаптан қорықпайды, алаңдамайды, дүние туралы ғана ойлап, дастарханы қуаныш пен мастыққа толы. Алланың оларға берген нығметтеріне шүкіршілік білдірмейді, нығметтерді берген Жаратушыға немқұрайдылық танытып, оған өз талпыныстарыммен ие болдым деп санайды. Қиындықтармен кезіккен кезде сабыр сақтамайды. Мүмін бетпе-бет келген әр қиындығын хикмет деп санайтындықтан, оған төзеді. Дүниеқұмарлардың  алдында халықтың көптеген қызметі бағаланбайды. Сондықтан ол алғыс айтпайды. Олар өздерін мадақтап, тіпті  жасамаған істерді өздері жасағандай көрсетеді. Армандары туралы айтып, басқалардың кемшіліктерін таратып, жақсылықтарын жасырады. Халықтың алдында өздерін басқалардан артық көрсетіп, бәсекелестерін алыстатады. Сол кезде Исламның ұлық пайғамбарының кеудесі естіген нәрселерінен қысылып, Алла Тағаладан: «Дүниеқұмарлардың сондай кемшіліктері бар ма?»- деп сұрайды. Жаратушы: «Дүниеқұмарлардың кемшіліктері көп. Олардың ең үлкен кемшілігі – надандық. Білуге тиіс нәрселерді білмейді, іске асыруға міндетті жасқы жұмыстарды орындау туралы ойламайды. Керісінше, адами болмысқа қайшы тәкаппарлық білдіріп, өз ұстаздарының алдында қарапайымдылық білдірмейді, оның еңбегін қадірлемейді. Рауаятта «дүниеқұмарларға дұшпан бол» деп айтылғаны дүниеқұмарлардың кейбір ерекшеліктеріне ие кез келген адамға дұшпандық білдіру емес. Мәселен, адам көп тамақ ішеді деп, онымен жауласамыз ба? Мұсылман мен мүмінге дұшпандық білдіруге болмайды. Рауаяттардың бірінде: «Алла адамды жақсы көрсе, еш уақытта онымен дұшпан болмайды. Егер ол жаман іс жасаса, тек істі ғана жаман деп санайды. Алла Тағала кәпірге дұшпан, сондықтан ол мыңдаған жақсылық жасаса да оның өзін дұшпан, тек ісін ғана жақсы деп санайды. Исламның көзқарасы бойынша адамның беделі оның иманы мен күпірлігіне байланысты. Егер кейде іс жүзінде мүмін қателессе немесе кәпір жақсы іс жасаса, оның екеуінің болмысы өзгермейді. Сондықтан «Миғраж» хадисінде пайғамбарға дүниқұмарды дұшпан санау керек деп айтылған. Сондықтан барлығымыз жағымсыз сипаттардан айырылуға талпынуымыз керек.