Илаһи жетекшілер (32)
Өткен бағдарламамызда имам Хасанның (ғ.с) саяси-әлеуметтік өмірін қарастыра келе, хауаридждердің өз ықпалымен хазіреттің әскерінің жүрегіне күмән мен сенімсіздік ұялатуымен қатар, имамды кәпір атап, соның салдарынан бұл топтың хазіреттің шатырына баса- көктеп кіріп, имам Хасанның (ғ.с) барлық затын тонап, тіпті хазіреттің аяғының астындағы жайнамазын да алып кеткені туралы баяндадық. Бүгінгі бөлімде осы тақырыпты одан әрі жалғастырамыз.
Имам Моджтаба (ғ.с) олардың бұдан да көп наразылықтарынан аман қалу үшін атқа мініп, өзінің адал серіктерінің қорғауымен басқа мекенге кетуге мүдделі болды. Бірақ бір хауаридж қолына қанжар мен найза ұстап, хазіретке шабуыл жасап, қанжар хазіреттің аяқ сүйегіне кіріп, оны қатты жаралады. Жаралы хазіретті серіктері имам Әлидің (ғ.с) серіктерінің бірі Сейіт ибн Масуд Сақафидің Мадаиндегі үйіне алып барады. Сонымен қатар, ру басылар Муавиеге хат жазып, жасырын түрде оны Иракқа баруға ынталандырып, Муавиенің әскері жақындаған сәтте имам Хасанды (ғ.с) ұстап, Муавиеге тапсыруға уәде береді. Муавие осы мүмкіндікті пайдаланып, хаттарды имам Хасанға (ғ.с) жіберіп: "Осындай адамдарға иек артып, қалай менімен соғыспақсың?",- деп жазды.
Муавие халықтың сеніміне кірген сырттай келбетті бірнеше адамын имамға жібереді. Бұл топ Мадаин қосынында имам Хасанмен (ғ.с) кездесіп, хазіреттің шатырынан шыққан сәтте халыққа өтірік айтып: "Құдай пайғамбардың (с.ғ.с) перзенттері арқылы бүлікті басып, соғыс отын өшірді. Хасан ибн Әли Муавиемен бейбіт келісімге келіп, халықтың өмірін сақтап қалды",- дейді. Сондықтан имамның үш қолбасшысы бірінен кейін бірі қоқан-лоққы мен пара беру арқылы Муавиеге қосылып, хауаридждердің ықпалы мен имамға кәпір деп айып тағудың салдарынан әлсіз әскердің жүрегінде сенімсіздік туындап, ру басылардың Муавиеге адалдықтарын жариялауы, өзін дос етіп көрсеткен дұшпандардың психологиялық соғысымен бейбіт келісімге келуден басқа жол қалмады. Муавие өз билігін орнатып, мақсаттарына жету үшін бәрінен бұрын тыныш әрі бейбіт кеңістікті қажет етті. Сол себепті имам Хасанға (ғ.с) тек қол қойылған бос қағазды жіберіп, ол хазіреттің барлық шарттарын қабылдауға әзірлігін мәлімдейді. Имам осы мұрсатты барынша пайдаланып, ең маңызды болған басты мәселелерді бейбіт келісім туралы хатқа жазып, Муавиеден осы шарттарға берік болатындығы жайлы міндеттеме алады.
Бейбітшілік туралы келісім келесі бес тараудан құралған еді: Муавие қасиетті Құран мен Пайғамбардың (с.ғ.с) сүнеттеріне сәйкес амал еткен жағдайда ғана Хасан ибн Әли (ғ.с) биліктен бас тартады. Егер оның басына бір іс түсетін болса, Хосейн ибн Әли (ғ.с) мұсылмандарға жетекшілікті өз қолына алады; Муавиенің өзіне ізбасар таңдауға құқығы жоқ. Мешіттерде мүміндердің әміршісі Әлидің (ғ.с) ар-намысын қорлайтын сөз айту доғарылып, ол ұлы тұлға жайлы тек жақсы сөз айтылуы керек. Куфаның қазынасындағы мал-мүлік Муавиенің билігінен шығып, Хасан ибн Әлидің (ғ.с) бақылауымен мұсылмандар үшін жұмсалуы тиіс. Муавие Дарабарг қаласынан жиналған салықтан белгілі бір соманы «Түйе» және «Сиффин» шайқастарында имам Әлидің (ғ.с) әскері қатарында соғысқан шәһидтердің жақындары арасында таратып беруі керек. Муавие Шам, Ирак, Хиджаз, Йемен тұрғындарын қамтитын барша халықты азаптау мен оның қауіпсіздік күштерінің қудалауынан аман қалдырып, олардың ешқайсысының бұрын Муавиенің билігіне қарсы жасаған істері үшін жауапқа тартылмайтыны туралы сөз беруі тиіс. Бұдан бөлек, Муавие Әлидің жан-жақта жүрген барлық серіктерінің қауіпсіздігіне кепіл беріп, Әлидің шиіттерінің өміріне, мал-мүлкі мен отбасыларына наразылық білдірмеуі керек. Олардың мал-мүліктері бұғатталмай, Муавие мен оның адамдары тарапынан оларға ешқандай қауіп төнбеуі тиіс. Хасан ибн Әли (ғ.с) мен оның бауыры Хосейнге (ғ.с) қоқан-лоққы жасамауы тиіс".
Келісім толық жазылған соң Муавие келісімнің барлық шарттарына құрметпен қарап, оларды бұлжытпай орындауға міндет алып, Құдайдың атымен ант етеді. Шам қаласының ақсақалдары да ант береді. Келісімнің мазмұнына сәйкес, имам Хасан (ғ.с) жолдастары мен қолбасшыларының қиянаттарына қарамастан, келісімнің мазмұнында билік позициясын сақтап, Муавиеге аз ғана да ұпай бермей, бейбіт келісімнің мәтінінде Муавиені ешқашан мүміндердің әміршісі деп атамау туралы шарт қойып, шаһада өрнегінде де оның атының аталмауын талап етті. Сол себепті Муавие бейбіт келісімді бекіткеннен кейін бірден барлық салаларда қарусыз қалғанын сезініп, ешқандай атқарушы билікке ие еместігін түсінеді. Сондықтан қатты өкініп, бұл келісімді бұзуға шешім қабылдайды. Ол Нохайля қосынына қарай жол тартып, жұма намазын оқып, құтпасын бастап: "Құдайдың атымен ант етемін. Сен сендердің намаз оқып, ораза тұтып, қажылық рәсімін орындап, зекет садақасын берулерің үшін соғыспадым. Себебі, сендер бұл ғамалдарды орындайсыңдар. Мен билік тізгінін қолыма алу үшін сендермен шайқастым. Сендер үшін қаншалықты жағымсыз әрі ұнамсыз жағдай болса да, Құдай мені осы қалауыма жеткізді. Менің Хасан ибн Әлиге (ғ.с) бірқатар уәде беріп, онымен келісімге келгенімді білгендерің жөн. Бірақ, енді мен олардың барлығын бұзы, оның ешқайсысын да орындамаймын",- дейді.
Егер Муавие бейбіт келісімнің мазмұнын орындағанда, имам Хасанның (ғ.с) мақсаттары біртіндеп жүзеге асырылатыны белгілі еді. Себебі, Муавиенің көзқарасына қайшы имамның көздегені тек билікке жету ғана болмады. Оның негізгі мақсаты пайғамбарлық көзқарастағы мінсіз қоғаммен тең жүйе құрылып, барлық сұрқия әрі ауытқушылықтар мен Умәйя әулетінің жаңашылдықтарының салдарларының көзін жойып, исламдық заңдарды жүзеге асырып, Мұхаммад (с.ғ.с) пайғамбардың кезіндегі таза Исламның өмірлік тағылымдары негізінде қоғамға жетекшілік ету болды. Сонымен қатар, имам Моджтабаның (ғ.с) бұл бағдары ол хазіреттің бейбітшілік туралы келісімді қабылдап, оған қол қоюындағы дипломатиялық саясаттарын көрсетті. Себебі, бір жағынан Муавиенің шынайы болмысы мен оның билікке қол жеткізудегі мақсаттарын әшкерелесе, басқа жағынан өз заманындағы және адамзат баласының келешек ұрпағының қоғамдық пікірі үшін өзінің негізгі әрі исламдық мақсаттарын ашып, айқындай алды.
Бұған қарамастан, имам Хасанның (ғ.с) өмір сүрген кезінде болсын, қазіргі заманда болсын, бір топ саналы түрде күмән тудыру немесе үстірт әрі таяз пікірлер арқылы имам Хасанның (ғ.с) дана шешіміне нұқсан келтіріп, ол хазіретті енжарлық танытып, соғыстан қашты деп айыптауға талпыныс жасауда. Бұл имам Хасанның (ғ.с) «Түйе» және «Сиффин» шайқастарында ерлікпен майданға шығып, қатысуымен қатар, Әли (ғ.с) шәһид болған соң Муавиемен соғысу үшін бар күшін салып, ойластырған шараларды жүзеге асырған жағдайда орын алып отыр. Егер хазіреттің серіктері адал болып, оған қиянат жасамағанда, ақырғы жеңіске дейін күресті жалғастыратыны күмәнсіз еді.
Муавие де кейбір сарапшылар мен сыншылар секілді имам Хасанды соғыс майданынан қашып құтылу үшін оның бейбіт келісім туралы ұсынысын қабылдады деп ойлады. Ал хауаридждер тобының бүлік көтергенін естігенде имам Куфадан Мединеге кетпес бұрын, оған хат жазып, хазіреттен оларды басып-жаныштауды сұрады. Бұл ұсынысқа қатты ашуланған имам Хасан (ғ.с) Муавие мен онымен бағыттас адамдар бейбіт келісімді дұрыс түсінбей, оны жарамсыз деп танымас үшін оның осындай өтінішіне былай деп жауап қайтарды: "Мен Ислам мен мұсылмандардың өмірін сақтап қалу үшін сенімен соғысудан бас тарттым. Сенің өтінішің бойынша сенің дұшпандарыңмен күресудің маған қажеті жоқ. Ал егер шайқасу керек болса, бәрінен бұрын өзім сенімен соғысамын. Сенімен соғысуды хауариджжермен соғыстан артық санаймын".
Ислам бойынша адами мәдениетте бейбітшілік және мүмкіндігінше соғысудан бас тартудың негізгі қағида саналатынын айтып кеткен жөн. Сол себепті имам Хасан (ғ.с) соғыспен өзінің мақсаттары мен армандарын жүзеге асыра алмайтынын және бейбітшіліктің ең игі таңдау екені туралы шешімге келеді. Әлбетте, имам Моджтабаның (ғ.с) бейбіт келісім мәтінінде Муавиені әлсіз позицияда қалдыратын позицияларды ұстанғаны секілді билік ұстанымына ие бейбітшілік болуы керек. Бұдан бөлек, соғыстың салдарынан ешбір жетістікке жетпестен мыңдаған бейкүнә адамның қаны төгілген тұрақсыз ішкі жағдайдан мұсылман жерлерінде бейберекеттік пен тәртіпсіздік орнап, Ислам дұшпандарына мұсылман жерлеріне шабуыл жасап, ислам мен мұсылмандардың көзін жою үшін қолайлы жағдай тудырды. Алайда имам Хасан (ғ.с) бейбітшілік туралы келісім мен ішкі соғыстың алдын алу арқылы Ислам дұшпандары жоспарының күлін көкке ұшырды. Бұл мәселені дұрыстап түсіндіру үшін Исламның қас дұшпандарының бірінің Исламның қуатты әскерінен ауыр соққы жеп, үлкен зардап шеккен Шығыс Рим империясы болғанын, оның қарымта әрекеттерді жүзеге асырып, кек алу үшін қолайлы сәтті күтіп отырғанын айта кеткен жөн. Әсіресе имам Хасан (ғ.с) мен Муавие әскерлерінің бір-біріне қарсы сап түзегені жайлы сөз Шығыс Рим империясына жеткенде олар өздері тағатсыздана күткен сәттің келгенін сезіп, өздерінің өткен жеңілістерінің орнын толтыру үшін осы мұрсатты пайдалану керектігін түсінді. Осындай маңызды әрі тағдыр шешуші сәтте Ислам дінін сақтап, мұсылмандардың қанын қорғау атты ауыр жауапкершілікті мойнына алған имам Хасан (ғ.с) бейбітшілік туралы келісімді қабылдап, ислам әлемін үлкен қауіптен аман сақтап қалды.
Бірақ Муавие өз мансапқұмарлығына байланысты бейбітішілік туралы келісімді бұзу туралы шешім қабылдап, мүлдем біліксіз әрі лайықсыз Язидті өзінің тақ мұрагері ретінде таңдады. Алайда имам Хасанға (ғ.с) байланысты мұндай сұрқия жоспарды жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сол себепті Муавие алдын ала есептелген жоспар арқылы ол хазіреттің Джада деген жұбайына жүз мың дирхам беріп, имам Хасанды (ғ.с) мазлұмдықпен улап, шәһид етті. Осылайша, илаһи ерікпен жетекшілік пен имамат міндеті Хосейн ибн Әлиге (ғ.с) тапсырылады.