Илаһи жетекшілер (35)
Назарларыңызға "Илаһи жетекшілер" атты топтамамыздың кезекті бөлімін ұсынамыз. Бүгінгі бөлімде имам Хусейн (ғ.с) өмірінің келесі бір кезеңін қарастырамыз.
Өткен бағдарламамызда имам Хусеннің (ғ.с) Муавие кезіндегі өміріне тоқталып, ол хазіреттің Муавиенің қанаушылығы мен езгісіне ешқашан үнсіз қарап отырмағанын баяндалық. Имам Хусейннің (ғ.с) ағартушылық әрекеттерінің қатарына хазіреттің ғаламат ерлікке толы құтпасы мен х.қ.ж.с.б 58 жылы, яғни Муавиенің қазасынан екі жыл бұрын қажылық күндері Мина жерінде айтқан наразылық сөздері жатады. Құтпаның маңыздылығын оның ансарлардан 700, табиғиндерден 200, Бани Һашем әулетінің 300 адамының алдында айтылуы көрсетеді. Хазіреттің қалқасының астына мыңнан астам адам жиналған сәтте имам Хусейн (ғ.с) Аллаға сансыз мадақ айтқан соң, алдымен Муавиенің саясаттарына тоқталып: "Алайда кейін бұл бүлікші бізге және біздің шиіттерімізге өздеріңіз көзбен көрген, білетін және куә болған әрекетін жасады. Менің дәл қазір сіздерге қоятын бір сұрағым бар, егер дұрыс айтқан болсам, растаңыздар. Ал егер өтірік айтсам, теріске шығарыңыздар. Құдайдың сіздердің алдындағы міндетімен ант етемін! Алла елшісімен (с.ғ.с) туыстық жақындығым негізіндегі міндетіммен сіздерден бүгін айтқан сөзімді жасырмай, басқалардың құлағына жеткізуді сұраймын" деді.
Сол кезде имам Хусейн (ғ.с) Пайғамбар әулеті – Аһле бейттің бойындағы игі қасиеттерді атап: "Құдайдың атымен ант етемін, Пайғамбар (с.ғ.с) серіктерінің арасында бауырластық сертін беруді бұйырғанда Әли ибн Әбуталибтың Пайғамбардың бауыры атанып: "Дүние мен ақыретте де сен менің бауырымсың, мен сенің бауырыңмын", деп айтқанын білесіңдер ме?",- деп сұрайды. Сонда барша жиналған қауым: "Ия, Құдайдың атынмен ант етеміз, дәл солай болды",- деп жауап қайтарады. Сонда хазірет: "Құдайдың атымен ант етемін! Пайғамбар (с.ғ.с) мешітке қараған үйлердің есіктерін жауып, тек менің әкем – Әлидің (ғ.с) үйінің есігін ашық қалдырғанда басқалар наразылық білдіргенде Пайғамбар (с.ғ.с) оларға: "Құдай маған сендердің үйлеріңнің есіктерін жауып, тек Әлидің үйінің есігін ашық қалдыруға бұйрық берді",- деп айтпады ма?",- деп сұрайды. Сол кезде жиналған қауым: "Ия, Құдайдың атымен ант етеміз, дәл солай болды",- деп растайды.
Шәһидтердің көшбасшысы Хусейн ибн Әли (ғ.с) сөзінің келесі бір бөлігінде: "Құдайдың атымен ант етемін! Пайғамбар (с.ғ.с) Ғадир Хом күні Әлиді имам әрі жетекші етіп тағайындап, оның халифатқа билік етуін барша халыққа ашық түрде мәлімдеп: "Осында жиналғандар бұл жолдауды мұнда жоқ адамдарға жеткізіңдер",- деп айтпады ма?",- деп сұрайды. Сонда халық: "Ия, Құдайдың атымен ант етеміз, біз мұны растаймыз",- деп жауап береді. Имам Хусейн (ғ.с) сөзінің жалғасында: "Пайғамбар (с.ғ.с) Тәбук шайқасында: "Һарун Мұсаның ізбасары болғаны секілді Әли, сен менен кейін әрбір мүміннің жетекшісі болып қаласың",- деп айтпады ма? Пайғамбар (с.ғ.с) Хайбар шайқасынан бір күн бұрын "Туды Құдай мен оның елшісі жақсы көретін және оның өзі де Құдай мен оның пайғамбарын сүйетін адамға ұсынамын",- деп айтқан жағдайда Хайбар шайқасында туды Әлиге тапсырмады ма? Ол үсті-үстіне жалғасқан түрде қайтпас қайсарлықпен шабуыл жасайды. Оның сөздік қорында "дұшпаннан қашу" деген ұғым жоқ. Құдай «Хайбар» деген алынбайтын қамалды оған бағындырады",- деп айтпады ма? Пайғамбар (с.ғ.с): "Бұл үндеуді мен тарапымнан өзім немесе менің сенімді адамымнан басқа ешкім жеткізе алмайды",- деп айтқан жағдайда «Тәубе» (Барат) сүресін Меккенің мүшіріктеріне Әли (ғ.с) арқылы жеткізгенінен хабарларың бар ма?",- деп сұрайды.
Осы жайттардың барлығында жиналған қауым: "Құдайдың атымен ант етеміз, айтқаныңның бәрі рас",- деп жауап қайтарады. Хазірет соңында Әлидің (ғ.с) бойындағы басқа да игі қасиеттерді атап: "Пайғамбардың (с.ғ.с) өзінің соңғы айтқан құтпасында "Мен сендердің араларыңда екі бағалы нәрсені қалдырамын: Құран Кәрім мен менің әулетім. Егер осы екі нәрседен айрылмасаңдар, ешқашан дұрыс жолдан таймайсыңдар",- деп айтқанын мойындайсыңдар ма?",- деп сұрайды. Сонда барлығы бірауыздан: "Ия, Құдайдың атымен ант етеміз, айтқаныңның бәрі рас",- деп құптайды. Содан соң хазірет Құдайдың атымен ант етіп, пайғамбардың (с.ғ.с): "Әлиді дұшпан көрген жағдайда мені жақсы көреді деп ойлайтын адам өтірік айтады. Әлимен дұшпан болған адамның мені жақсы көруі мүмкін емес",- деп айтқанда, бір кісі пайғамбардан: "Неге мүмкін емес?",- деп сұрайды. Сонда пайғамбар: "Себебі, Әли – менен, мен – Әлиденмін. Әлиді жақсы көрген адам мені де жақсы көреді. Мені сүйген адам Құдайды жақсы көреді. Әлимен дұшпан, менімен дұшпан, сәйкесінше менімен дұшпан болған адамның Құдаймен дұшпан болғаны",- деп айтқанын естідіңдер ме?",- деп сұрағанда жиналған халықтың барлығы: "Құдайдың атымен ант етеміз, бұл сөздерді өз құлағымызбен естідік",- деп жауап қайтарады.
Құрметті тыңдармандар, шәһидтердің көшбасшысы Хусейн ибн Әлидің (ғ.с) Мина жерінде сахабалар, табиғиндер мен Бани Һашем әулеті өкілдерінің алдында айтқан маңызды құтпасына байланысты мынадай сұрақ туындайды: хазірет неліктен Әлидің (ғ.с) бойындағы игі қасиеттерге иек артып, жиналғандардың барлығынан сөзінің растығын мойындауды сұрады?
Сенімді тарихи деректерге сәйкес, мұның дәлелі мынада: Муавие кейбір хадисшілерге пара беріп, Әли (ғ.с) жайлы көптеген рауаяттарды қолдан жаздыртып, ол хазіреттің бейнесіне нұқсан келтіріп, есімін қаралаған. Содан соң Муавие Мекке, Мәдине мен басқа да көптеген маңызды исламдық қалалардың барша мешіттері мен қауымдастықтарында сол хазіретті қарғап, лағынет айтуға бұйырған. Алданған қарапайым халық күнделікті намаздары мен жұма намазынан соң Әлиді (ғ.с) қарғап-сілеп, оған тіл тигізді. Мүміндердің әміршісіне Куфадағы мешіттің михрабында намаз оқып тұрғанда қастандық жасалып, соның салдарынан шәһид болған кезде кейбіреулер: "Әли мешітте шәһид болатындай намаз оқитын ба еді?",- деп сұрайтын е ді. Сондықтан имам Хусейннің (ғ.с) сахабалар мен табиғиндердің бір тобының алдында Әлидің (ғ.с) бойындағы ізгі қасиеттерін баяндаудағы мақсаты Әлидің (ғ.с) жарқын бейнесін жапқан пердені ашып, Муавиенің өтіріктерін ашып көрсету болды.
Сонымен қатар имам Хусейн (ғ.с) өзінің ағартушылық әрекеттерімен ешкімнің Аһле бейтті қорғауға сылтауы болмай, "Біз білмедік, егер білгенде сіздің жаныңыздан табылатын едік" деп айтпауы үшін сахабалар, табиғиндер мен Бани Һашем әулетінің бір топ өкілінің алдында дәлелдерді тізіп келтіргісі келді. Дәл кейбір ойшылдар мен Исламның басындағы тарих пен Ашура оқиғасын зерттеушілердің Муавиенің кезінде өмір сүрген халық Ислам пайғамбарының дәуірін көрмегенін, Әлидің (ғ.с) әділ билігінен айтарлықтай хабары болмағанын, ал Муавиенің сырттай мұсылман болып көрініп, Әлиге (ғ.с) қарсы ауқымды үгіт-насихаттарымен халықты хабарсыздықта ұстап, олардың жүрегінде пайғамбар (с.ғ.с) әулетіне деген кекшілдік дәнін сепкеніне сілтеме жасаған қате әрі негізсіз дәлелдеріне ұқсас. Сондықтан халық Әли (ғ.с) мен оның перзенттерін айтарлықтай жақсы танымағандықтан Умәйя әулеті басшыларының жанында болып, Әли (ғ.с) мен имам Хусейнге (ғ.с) қарсы соғысқан. Бұл адамдар өздерінің негізсіз көзқарастарымен имам Хусейннің (ғ.с) таңған бейбіт келісімі мен Ашура оқиғасын қарапайым жағдай етіп көрсету мақсатында Пайғамбар (с.ғ.с) әулетіне қарсы көтеріліп, Сиффиндегі сәтсіздігінің ащы уын Әлидің (ғ.с) еркіне төгу үшін Умәйя әулетінің, әсіресе Абу Суфиян, Муавие, Язид пен көрегенсіз халықтың қатыгездік әрекеттерін ақтап шыққысы келетін секілді. Бұл сол ғасырда халықтың арасында болған сахабалар мен табағиндердің хабардарлығынан бөлек, Ирак халқы тарапынан 30 000-ға жуық хат жіберіліп, ол хазіреттен Шамға қарай жол тартып, соның көмегімен Умәйя әулетін биліктен тайдырып, талқандауды өтінеді. Сол себепті келісімді бұзу және Аһле бейттен (ғ.с) теріс айналып, Умәйя әулеті басшыларының жанынан пана тапқан адамдардың жолдан таюын ақтап шығатын ешбір себеп пен сылтау жоқ. Хазірет Зейнеп (ғ.с) пен имам Саджадтың (ғ.с) құтпалары мен ағартушылық әрекеттерінен кейін хабарсыздық ұйқысынан оянып, қиянаттарының орнын толтыру үшін дәл сол байлық пен өздерінің жеке мүддесін көздеген халық «Тәууәбин» және «Мұхтар» деген төңкерістерді жасады.