Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісіндегі Құранның көрінісі 6
Күн сайын Кербалада азанның дауысы екі жақтан естілді.
Күн сайын Кербалада азанның дауысы екі жақтан естілді. Екі топ қыбылаға қарап намаз оқыды. Айта кететін жайт, Умар Саадтың әскері шындықтың басшысына қарсы шыққандары туралы ойламай, намаздарында Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті мен хазіреттің отбасына сәлем айтатын. Білімнің жоқтығы мен надандық күн сайын Евфраттың суынан ғұсыл алып, имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерін өлтіріп, жаннат пен илаһи сыйға ие болғысы келген 30 мың сарбазды алаңға шығарды. Келесі топта терең білімге ие имам Хусейннің (ғ.с.) серіктері орналасты. Олар қайда, не үшін келгендері және кімді қорғайтындарын жақсы білді. Олар дұшпанды да, басшыларын да жақсы таныды.
Имам Хусейн (ғ.с.) Кербала жолында Құранның жүрекке қонымды аяттарын оқыған кезде адамдардың жүректерін ерлік пен махаббат кернейтін. Бишар бен Ғалиб Асади деген адам имамға келіп, Куфенің жағдайын қолайсыз деп бағалады. Имам оның сөзін растады. Ол имамнан "Қиямет күні бүкіл адам баласын бастықтарымен бірге шақырамыз" ("Исра" сүресі, 71-ші аят) деген аяттың тәпсірін айтып беруді сұрады. Имам бұл сұраққа берген жауабында Құранның екі қайшы топ және екі түрлі басшы туралы екі аятына сүйеніп, екі топтың әрқайсының бір басшыға бағынып, өз басшысының бұйрықтарын орындайтыны туралы айтты. Хазірет өмірде әрқашан бұл топтар мен басшылардың болғанына, келешекте де болатындығына, сондай-ақ, басшылар мен олардың бағдарламаларын танып, адами бақытқа шақыратын басшыны қолдау қажеттігіне тоқталып: "Басшылар екі түрлі: халықты дұрыс жолға нұсқап, бақытты болуға нұқсайтын басшылар мен имамдар; бір топ оларға оң жауап беріп, оларды қолдайды; келесі басшылар дұрыс жолдан тайдырып, бақытсыздыққа шақырады; бір топ оларға оң жауап береді. Сондықтан бірінші топ жаннатқа, екінші топ тозаққа барады",- деді. Содан соң "Шура" сүресінің 7-ші аятының "Ол күні бір топ жаннатта, бір топ тозақта" деген үзіндісін оқыды. Куфенің басшысы Ибн Зияд Хорға имам Хусейннің (ғ.с.) жолын қалың әскерімен жабу туралы ресми хат жолдады. Хор әскерімен имамға жеткен кезде тал түс еді. Әскердің көбі шөлдеген болатын. Имам олардың өздері мен аттарына су беруді бұйырды. Хор имамға оған қарсы тұру үшін келгені туралы хат бергенде имам "Қасас" сүресінің 41-ші аятын оқып, язидшілерді адасып, отқа түсуге шақыратын перғауындық басшылар сияқты деп атады: "Оларды тозаққа шақыратын бастық қылдық. Сондай-ақ, олар қиямет күні, жәрдем көрмейді". Язид әскерінің зорлық-зомбылықтары мен қатыгездіктері артқан кезде имам Хусейннің (ғ.с.) қызы Сакине қайғыға батып, көз жасын тыя алмай отырды. Имам Хусейн (ғ.с.) оны құшақтап, жұбатып, "Муджаделе" сүресінің 19-шы аятын оқыды: "Оларға шайтан үстем келіп, өздеріне Алланы еске алуды ұмыттырды. Олар шайтанның тобы. Байқандар! Расында шайтанның жамағаты солар – зиян тартушылар". Имам Хусейннің (ғ.с.) ағартушылық жұмыстарының аясында Ашура қозғалысы жалғандықты әшкерелеп, шындықты жарқыратып, шындық пен жалғандықтың шекарасын көрсетті.