Қар 17, 2018 17:53 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 29

Тәкфиршіл топтардың әрекеттері мен қылмыстарының маңызды салдарларының бірі бейбітшілік, әділет, тек бір Аллаға құлшылық етіп, әртүрлі діндердің жақтастарымен тату өмір сүруге негізделген Ислам дінінің жүзін бұрмалап көрсетуі болып табылады.

 

 Негізінде тәкфиршіл топтардың қылмыстары мен зорлық-зомбылықтарының салдарлары Батыс үкіметтерінің өткен бірнеше онжылдықтағы Исламды қатыгез, экстремистік дін ретінде көрсету мақсаттарымен үндес. Лаңкестердің Исламның атымен зорлық-зомбылық жасауы Батыс үкіметтерінің  әлемнің қоғамдық пікіріне Исламды бұрыс көрсету үшіг мұрсат тудырып отыр.

Батыс басшылары мен ақпарат құралдары ДАИШ туралы сөйлеген немесе мәлімдеме жасаған кезде «Ислам үкіметі» деген сөзтіркесін қуаттап, әлемдіктерге ДАИШ-ты Исламның өзі, Исламның саяси өкілі деп көрсетуге талпыныс жасап жатыр. Бұл – Батыстың Исламнан үркіту саясатының бір бөлігі. Тәкфиршіл топтар зорлық-зомбылықтары және экстремизмімен әлемнің әртүрлі аймақтарының жастарын өзіне қалай тартады деген сұрақ тууы мүмкін. Тәкфиршілер Құран мен рауаяттарды құрал ретінде пайдаланып, діни тағылымдарды қате сараптауларына қарамастан, оларды Ислам дінімен байланыстыруға күш салуда. Тәкфиршіл топтардың ДАИШ сияқты төмен,  тіпті орта деңгейдегі мүшелері дін жолында белсенділік танытып жатырмыз деп ойлайтын болар. Олар дінді толығымен қате түсінеді.

Тәкфиршіл және лаңкестік топтар мен олардың көшбасшысы ДАИШ мүшелері әртүрлі елдерде кісі өлтіру мен кек алу сияқты қылмыстарды іске асырды. Кейбір адамдар қаржы және жыныстық қажеттіліктеріне байланысты «никаһ жиһады» пәтуасын пайдаланып, лаңкестік топтарға қосылды. Бірақ, тәкфиршіл ағымдардың жоғары басшылары алпауыт елдер  мен аймақтың кейбір мемлекеттерінің тыңшылық және қауіпсіздік ұйымдарымен жақын қарым-қатынас орнатып, солардың саясаттары мен мүдделеріне сай әрекет етіп отыр. Олардың стратегиялары Батыстың алпауыт елдері мен аймақтағы олардың кейбір одақтастарының саяси, әскери және қауіпсіздік мақсаттарына сай қарастырылады. ДАИШ басшыларының бірқатар қолбасшысы құлатылған Саддам режимінің БААС партиясының бұрынғы қолбасшылары болғандықтан, олар қырып-жоюмен айналысты. Олардың жазықсыз халықты қырып-жоюы мен «никаһ жиһадының», әйелдер мен қыздарға қарсы шабуыл жасауы мен адамдарды құлдыққа алып, халықтың мал-мүлкін талан-таражға салуының Ислам тағылымдарына ешбір қатысы жоқ. Бұл топтардың дағдарыстары діни мәселе емес. Лаңкестердің діни ұрандары көбінесе аңқау жастарды алдап, оларды лаңкестік ұйымдардың қатарына тарту немесе хабарсыз халықтың қолдауына ие болуды көздейді. Олар – дінді өз ойларындағы құрал ретінде пайдаланып, саяси-және әскери мақсаттарына жету үшін рақымсыз жолдарды қолданатын лаңкестік топтар. Бұл топтардың негізгі мақсаты әлемдіктерге Исламның шынайы пәк жүзін бұрмалап көрсету болып табылады.   

Тәкфиршіл топтардың ислам тағылымдарын қате тәпсірлеуіне қарамастан, Ислам діні – оңай дін. Алланың соңғы елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.): «Дін – оңай, кешірімді әрі сындарлы. Яғни, Алла Тағала заңдарын халық үшін оңай етіп шығарып, ахкамды да қиындық тудырмайтындай қалыптастырды. Исламның тағылымдары қиын емес. Бұл туралы Алла Тағала «Қажы» сүресінің 78-ші аятында: «...Сендерге дінде қиындық қылған емес...»,- деді. Бірақ уаһабшылар мен тәкфиршілер ұсынған дін қиын, әрі харам нәрселерге толы. Олардың сөздері барлық нәрселерге тыйым салуға сүйенеді. Бұл Құран мен Алла елшісінің негіздеріне қайшы. Уаһабшылар мен тәкфиршілердің келесі мәселесіне Исламның көзқарасындағы теңдікті сақтамауы жатады. Сондықтан діннің бір бөлімін Алла мен Оның елшісі анықтаған мөлшерден артық немесе басқа бөлімдерін мөлшерден төмен көрсетуге болмайды. Сондай-ақ, діннің бір бөлімі үшін басқа бөлімдерінне назар аудармауға да болмайды. Тәкфиршіл топтардың көзқарасы бойынша, жиһад негіздеріне ерекше көңіл бөліп, оларды бұрмалау аясында діннің басқа бөлімдерінің көбіне немқұрайдылық таныту керек.   

Тәкфиршілердің идеологиясында жиһад мәселесі екі дәлел бойынша өзінің негізгі түсінгінен бұрмаланды. Олар жиһадты сылтауратып, ахлақ, қайырымдылық, адамгершілік және тағы басқа барлық үлгі-өнегелік және діни ережелерді таптады. Олар адамдарды рақымсыздықпен өлтіріп, олардың үйлерін қиратып, мүліктерін талан-таражға салуда. Тәкфиршілер Құран негіздерінен ауытқып, кәпірлер мен мүшіріктерге қарсы соғыс туралы аяттарды мұсылмандарға қарсы соғыс және оларды қырып-жою деп сараптап, адасуда. Тәкфиршілердің жиһад туралы сараптамалары мұсылмандарды өлтіруге негізделген. Шынтуайтында, Алла Тағала Құранда мұсылмандарды мұсылман еместерге жақсылық жасауға шақырып, олармен соғысуға рұқсат бермейді. Дұшпандық білдірмейтін мұсылман еместермен соғысуға рұқсат етілмеді. Олардың наным-сенімдерін қабылдамайтын мұсылмандарды өлтіру тәкфиршіл топтардің діни міндеті саналады. Құран мен пайғамбар (с.ғ.с.) кіммен және қандай жағдайда соғысу керек екенін ашып көрсеткен. Бірақ, тәкфиршілердің соғыстары мен адамдарды қырып-жоюының Құран мен пайғамбар анықтап көрсеткен негіздермен ешбір ұқсастығы жоқ. ДАИШ кейбір жалған рауаяттарға сүйеніп, ақырзаманның қара тулардың желбіреуі сияқты кейбір белгілерін өз мүдделеріне теріс пайдаланып, өздері туралы хикаялар ойлап шығарып, өздерін ақырзаман өзгерістерінің ықпалды ойыншысы ретінде көрсетуге талпыны жасап жатыр. ДАИШ көбінесе жалған рауаяттарды пайдаланады. Рауаяттар дұрыс болған жағдайдың өзінде де ДАИШ-тың үгіт-насихатшылары оларды өздерінің мүдделеріне сай сараптайды.