Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 4
Халықтың өзіне сенім артуы мен тәуелсіздік – имам Хомейнидің Ислам революциясының басында қуаттаған алғашқы ұрандарының бірі. Қазір Ислам республикасының дұшпанның алдындағы ең жарқын факторларына революцияшыл рухы мен өзіне сенім артуы жатады
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи хижри шамси жыл санағы бойынша Жаңа жылдың бірінші күні имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіне жиналған зияратшылардың алдында сөйлеген сөзінде Ислам революциясының мақсаттары мен армандарын қуаттап, өткен 40 жылдағы Ислам республикасының даму үдерісіне шолу жасап, халықтың өзіне деген сенімі мен ұлттық сенімдерін революцияның тіректерінің бірі деп атап:
«Ислам революциясы айбыны мен рухын, көңіл-күйін, ұрандары мен негіздерін сақтап алға ілгерілеуде. Революцияның 40 жылдығы оның қартаюы мен артқа шегінуі емес, керісінше, тәжірибе жинап, дамуының белгісі»,- деді.
Халықтың өзіне сенім артуы мен тәуелсіздік – имам Хомейнидің Ислам революциясының басында қуаттаған алғашқы ұрандарының бірі. Қазір Ислам республикасының дұшпанның алдындағы ең жарқын факторларына революцияшыл рухы мен өзіне сенім артуы жатады.
Имам Хомейни таңылған соғыстың алғашқы күндеріндегі бомбалау әрекеттері кезінде сан рет халықтың шынайы армандарын баяндап, революцияның үлкен мақсаттары мен перпективаларына тоқталды. Иранның Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейни былай деген: «Сіздер мен сан рет назар аудартқан екі тақырыпқа көңіл бөліңіздер: біріншіден, ұлы Аллаға сенім артыңыздар. Өйткені, жұмыс Алла жолында жасалса, Ол сіздерге көмектеседі; екіншіден, өзімізге сенім артуымыз керек. Сіздер қолдарынан бәрі келетін жастарсыздар»,- деді.
АҚШ басқарған әлемдік үстемшілдік басынан бастап Ислам республикасы жүйесін құлатуға бар күшін салды. Өйткені, Ислам революциясының жеңісі Иран халқын билеу бағытындағы дұшпанның талпыныстарын тоқтатып, Иран халқының тағдыры өзгеріс, ғиззат, тәуелсіздік пен адамгершілік жолына түсті. Американың танымал жазушысы әрі сарапшысы Наум Чамскидің пікірі бойынша, АҚШ пен тағы басқа Батыс үкіметтерінің Иранға дұшпандығы, қастықтары мен қарсылықтары Иранның тәуелсіздігіне, яғни, бұл елдің Батыстың үстемшілдігіне бағынбауына байланысты. Чамски: «Иран тәуелсіз болып, АҚШ-тың билеп-төстеушілігіне бас имей тұрған кезде АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандықтары мен қарсылықтары жалғасады. АҚШ-тың көзқарасы бойынша, ИИР – қабылдауға келмейтін ел. Өйткені, өзінің тәуелсіздігін жасырмайды»,- деген болатын.
Революция ағымында Иран халқы өзін танып, Батыстан енген заңдар мен ой-пікірлерден бас тартып, Ислам дінінің тағылымдарын пайдаланып, әлемдіктерге негіздерін таныстырып, адамзаттың келешегінің ең жақсы үлгісін ұсынды. Ислам революциясының қазіргі жетекшісі ұлттық сенімді нығайтуды имам Хомейнидің ерекшеліктерінің бірі санайды. Себебі, тағұттық билік кезінде ирандықтардың ұлттық мақтанышы мен беделін шетелдіктер басып: «Исламның Иран халқының ғиззатын көтеретін күші жоқ. Сондықтан Батыстың капиталистік немесе Шығыстың коммунистік үлгілеріне сүйенуден басқа жолы жоқ» деген ой-пікір таратылды. Бірақ, имам басқарған Иран революциясы Иран халқының, тіпті мұсылман емес басқа халықтардың өздеріне сенім арту сезімдерін оятты. Сондай-ақ, әлем мұсылмандарының өздеріне сенім артуы мен олар мен әлемдіктердің алпауыт елдер мен Ислам дінінің мүмкіндіктері туралы көзқарастарының өзгеруіне себеп болды.
ИИР өткен қырық жылдағы қарсыласу үдерісінде Батыс пен Шығыстың алдында бас имеді. АҚШ Иранға қарсы тұрған тарихи сезімтал кезеңде Иран бұрынғыдан бетер күшейіп, үстемшіл елдердің қастықтарына қарсы тұруға дайын екенін жариялады. Бұл үлкен өзгерістер қысымдармен қарсыласып, оларға табандылық танытумен бірге Иран мен басқа мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты шынайы өзгертті. Дәл осы өзгерістер Вашингтон мен одақтастарының Иранның жаңадан қадам басқан революцияшыл жүйесіне қарсы әртүрлі қастықты іске асыруына себеп болды. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, қоқан-лоққылардың көптігі исламдық жүйенің құдыретінің белгісі. Өйткені, егер Ислам республикасының ықпалы жоғары болмағанда, Иран халқының дұшпандары осыншама алаңдаушылық білдірмейтін еді.
Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы елдің бетке ұстар жастарымен кездесулерінің бірінде: «Мен дарынды жастарға сенемін. Елдің басшыларв да олардың бар екендігі мен олардың елдің тағдырын өзгерте алатындықтарына сенім артуы керек»,- деген болатын.
Ислам революциясының жетекшісі ислам жүйесінің жоғары мақсаттарын баса айтып, ИИР-ның дамыған, мықты, беделді, абыройы мен ғиззаты, айтатын жаңа сөзі бар, руханият пен иманға толы жаңа исламдық өркениеттің туын көтеруші ел болуын қуаттады.
Қазір Иранның Ислам революциясы өзінің 40 жылдығын тойлау қарсаңында тұр. Бұл революция халықтардың оянуы мен тәуелсіздік пен ғиззат талап етуіне үлкен әсер етті. Революцияның бастапқы жылдары басшылар мен ойшылдар баяндаған «өзіне сенім арту» және «өз болмысына оралу» деген түсініктер «ұлттық сенім» тақырыбы ретіндегі Иран халқының мәдени ерекшелігі болып қалыптасты.
Осыдан қырық жыл бұрын Ислам революциясы рухани революция ретінде өз негіздеріне сүйеніп, адамзаттың өмірі үшін «ұлттық сенімділік» сынды жаңа түсініктерді ұсынды. Қазір де революция жетекшісі ұлттық сенімді қорғау мен оның мәдени тамырларын нығайту сияқты тақырыптардың Ислам революциясы дамуының жаңа кезеңінің басталуын көрсететінін қуаттады. Әртүрлі салаларда, соның ішінде ядролық технологияның дамуы мен дұшпанның саяси-экономикалық салаларда оқшаулануы – ұлттық сенімнің нәтижелерінің бірі. Мұндай нәтиже тек ұлттық деңгеймен шектелмейді. Зорлық-зомбылық көрсететін дұшпандардың қорлануы, Иран халқының әлемдік деңгейде ғиззаттының артуы, мұсылмандардың өз болмысына оралуы, ислам әлемінің өз-өзіне сенім артуы мен Иранның дүниежүзі халықтары үшін үлгі болуы ирандықтардың халықаралық деңгейдегі ұлттық сенімділіктерінің нәтижесі деп айтуға болады.