Жел 01, 2018 20:16 Asia/Almaty

Наным-сенім, қоғамдық жән ахлақи тақырыптарға арналған Құран Кәрімнің таңдамалы аяттарына арналған 150 бөлімнен тұратын бағдарлама.

 

Алла Тағала мен тауһидті түсінуге көмектесетін дұрыс жолдардың бірі наным-сенім мен иманға қатысты бұрыс жолдарды теріске  шығару саналады. Наным-сенім мен иманға  қатысты мәселелерде адам ешкімнің артынан ермейді. Алла Тағала бұл туралы былай деген:

وَإِذَا قِیلَ لَهُمُ اتَّبِعُوا مَا أَنزَلَ اللّهُ قَالُواْ بَلْ نَتَّبِعُ مَا أَلْفَیْنَا عَلَیْهِ آبَاءنَا أَوَلَوْ کَانَ آبَاؤُهُمْ لاَیَعْقِلُونَ شَیْئاً وَلاَیَهْتَدُونَ

"(Мекке мүшріктеріне) Алла түсірген (Құранға) бой ұсыныңдар десе олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз» деді. Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма?" ("Бақара" сүресі, 170-ші аят).