Аптаның экономикалық журналы
АҚШ үкіметі мен қаржы министрлігі соңғы бірнеше айда санкциялардың тоқтатылуы туралы уәж айтқанымен, басқа елдерге Иранға қатысты мәселенің аяқталмағаны туралы ескерту жасап, тіпті жаңа санкциялардың жобаларын ұсынды.
АҚШ Президенті Барак Обама Вшингтондағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі отырыста Иранмен ядролық келісімді тарихи жетістік деп бағалап, Иранның доллар валютасы мен АҚШ-тың кейбір банктік жүйесін қолдану ықтималдығы туралы хабарлады. Алайда шынайы өмірде орын алып жатқан оқиғалар АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты әрекеттерінің жалғасып жатқанын көрсетеді.
АҚШ Президенті осы аяда Иранның аймақтың жағдайын тұрақсыздандыратын іс-әрекеттері деп атаған іс-шаралары туралы: «АҚШ үкіметі Иранның лаңкестікті қолдауы, адам құқығын бұзуы және баллистикалық зымырандар бағдарламасы мәселелеріне қатысты санкциялар салмақ. Бұл америкалық саясаттың бір бөлігі» деді.
Вашингтон «Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан кейін түрлі сылтаулармен Иранға қарсы жаңа санкциялар салуға күш салуда. Осы аядағы жаңа сылтау Иранның зымырандық сынағына қатысты болды. Бұл сынақ Иранға қарсы жаңа санкция салу үшін жағдай тудыру мақсатында АҚШ-тың ақпараттық кеңістігінде 2231-ші қарарға қайшы деп көрсетілді.
Ислам Революциясының жетекшісі жаңа жылдың басталуына орай Мешхед қаласындағы имам Резаның кесенесінде сөйлеген сөзінде Иранның АҚШ-қа қатысты сенімсіздігіне тоқталып, қазіргі жағдайда америкалықтардың қоғамның таңдаулыларының арасында және қоғамдық пікірде Иран халқының жолайрықта тұрғаны және осы екі жолдың бірін таңдаудан басқа жолы жоқ екеніндіге сендіретін белгілі бір ой ағымын тудыруды көздеп отырғанын айтты.
Хазірет аятолла Хаменеи: «Олардың өз уәждерінде ұсынып отырған екі жол дегені – Иран халқы не АҚШ-пен бірге болады, немесе әрдайым АҚШ-тың қыспағында болып, соның салдарынан зардап шегеді. Иран халқының бір тобы жалған жолайрық туралы қауіпті ой ағымын қабылдап, соны басқаларға таңуға тырысып жатыр. Бұл адамдардың айтуынша, Иран экономикасы көптеген мүмкіндіктерге ие болғандықтан бұл мүмкіндіктерді пайдалану тек ядролық келісімге ғана байланысты емес, мұнымен қатар, АҚШ-пен арада тағы басқа да мәселелер бар. Сол себепті Иран халқы мен басшылары бұл жайында шешім қабылдап әрекет етуі керек. Ядролық келісімнің жасалғанына қарамастан біздің банктік мәмлілеріміз қиыншылықтармен бетпе-бет келіп отыр. Иранның ақшасы? (активтері) де қайтарылған жоқ. Себебі батыс елдері мен олардың ықпалындағы мемлекеттер америкалықтардан қорқады» деді.
Ислам Революциясының жетекшісі дұшпанның бар назарын санкцияларға шоғырландыруына тоқталып: «Бұл жерде шынында жолайрық бар. Алайда шынайы жолайрық санкциялардың қысымдарына төзу немесе қарсыласу экономикасына сүйеніп, ішкі мүмкіндіктерге көңіл бөліп, санкцияларға қарсы табандылық көрсету болып табылады» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи осы аяда қарсыласу экономикасын іске асыру үшін бірнеше маңызды ұсыныс жасады. Иран Ислам революциясының жетекшісі жаңа жылдың ұраны, яғни, «Қарсыласу экономикасы: іс-әрекет» ұранын жүзеге асыру үшін басшыларға ұсынған жолдардың қатарын экономикалық басымдылыққа ие жұмыстарды анықтап, соларға шоғырлану, ішкі өнімді жандандыру, импорттың салдарынан ішкі өнімнің әлсіремеуіне назар аудару, ядролық келіссөздердің нәтижесі бойынша азат етілу ықтималына ие қаржы көздерін дұрыс басқару, мұнай бөлімі сынды экономиканың маңызды салаларын ғылымиландыру, шетелдік мәмілелер жасаған кезде технологиямен алмасуды шарт етіп қою, экономикалық бұзақылықпен күресу, энергетикалық ресурстарды пайдалануды арттыру, жұмыс орындарын ашу үшін орташа және шағын өнеркәсіптерді нығайту сынды тақырыптар құрады.
Ислам Революциясының жетекшісі: «Осы қисынды әрі революцяшыл әрекет жүзеге асырылған жағдайда ешкім санкциялардан қорықпайтын болады, сондай-ақ, АҚШ-тың санкцияларының алдын алу үшін Иранның принциптері, құндылықтары мен «қызыл сызықтарынан» кері шегіну қажет болмайды» деп баса айтты.
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Иранның мұнай өндірісі мен экспортының мөлшері санкцияларға дейінгі деңгейге жеткенге дейін артатынын айтты.
Иранның Мұнай министрі ұсыныс және өндірісті басқару арқылы мұнай нарығына бағаның тұрақтылығын қайтаруға болатындығына сенімді.
Зангане осыдан бұрын Ресейдің Энергетика министрі Александр Новакпен кездесуінде мұнай нарығының жағдайы бақыланбаса, нарыққа тұрақтылықты қайтару 1,5-2 жылға созылуы мүмкін екенін қуаттап, мұнай өндіруші ірі елдер араласқан жағдайда 1 жылдан аз уақыт ішінде нарыққа тұрақтылықты қайтаруға болатынын айтқан болатын.
Иранның Мұнай министрі «Өндірісті уақытша тоқтату» жобасын нарықтың жағдайын жақсартуға қарай жасалған алғашқы қадам деп атап, бұл әрекеттің оң қадам екенін және Ресей мен ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер тарапынан қолдау тапқанын айтты.
Осы уақытқа дейін Ресей, Оман мен Нигерия сынды елдердің ресми түрде Иранның «Өндірісті уақытша тоқтату» жобасына қосылмауын қолдап отырған жағдайда кейбір араб елдері Иранның бұл жобаға қосылуын талап етіп отыр.
Reuters-тің жуырда жасаған зерттеуіне сәйкес, наурыз айында Иран өзіне қарсы салынған санкциялар алынып, өз экспортын арттырғаннан кейін Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК-тің өндірісі де артты. Бұл зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ОПЕК-тің мұнай ұсынысының мөлшері ақпан айындағы күніне 32 миллион 370 мың баррель деңгейінен наурыз айында 32 миллион 470 мың баррельге артқан. Өндіріс деңгейін ең көп арттырған ел санкциялар құрсауынан тек қаңтар айында ғана босаған Иран болды.
Reuters-тің жасаған зерттеуіне сәйкес, Иран өз өндірісін желтоқсан айынан бүгінге дейін күніне 230 мың баррельге арттырып отырған.
Иран санкциялардан бұрын күніне 3 миллион 600 мың баррель мұнай өндірген. Алайда соңғы жылдары бұл мөлшер 2 миллион 800 мың баррельге дейін түсті. 2 миллион баррельді құраған экспорт та тең жартыға азайған. Бүгінде санкциялардың күші жойылғаннан кейін Иранның мұнай өндірісінің мөлшері қайтадан артып келеді.
Иран Президенті Хасан Рухани осы аяда жексенбі күні Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің жоғары басшыларымен өткізген отырысында үкіметтің шикі мұнай экспортын кеңейтуге бағытталған талпыныстарына тоқталып, шикі мұнай экспортын күніне 2 миллион баррельге дейін жеткізіп, үлесті арттыруға талпыныс жасайтынын айтты.
Рухани осындай жағдайда үкіметтің мұнай кірістеріне тәуелділікті азайту талпыныстарын еске салып: «Биылғы жылғы бюджетте мұнайға тәуелділікті азайттық. Біздің 1394 жылғы мұнайдан тыс экспортымыз өткен жылдармен салыстырғанда алғаш рет мұнайдан тыс импорттан басым болды. Өткен жылы мұнайдан тыс экспорт мөлшері 42 миллиард долларды, ал мұнайдан тыс тауарлар импортының мөлшері 41 миллиард долларды құрады» деді.
Рухани сөзінің жалғасында «Ортақ қадам» бағдарламасынан кейін туындаған кеңістікке тоқталып, бұл кеңістікті инвестицияларды тарту үшін қолдану қажеттігін қуаттады.
Парсы шығанағындағы Иранның мұнай қорының мөлшері 100 миллиард баррельге жетті.
Mehr агенттігінің хабарлауынша, соңғы есептеулерге сәйкес қазіргі кезде Иранның Парсы шығанағындағы мұнай қорының мөлшері шамамен 100 миллиард баррельге жетті.
Иранның оффшорлық мұнай компаниясының бас директоры Саид Хафизи шикі мұнай өндіруге болатын қатпардағы мұнай қорының мөлшері бұл аймақта шамамен 16 миллиард баррельді құрайтынын мәлімдеп, соған қарамастан, шикі мұнайды өндіруде қалпына келтіру коэффициентін арттыру мақсатында жаңа технологияларды қолдануды көздеп отырғанын айтты.
Осы уақытқа дейін Иранның Парсы шығанағындағы өндіруге болатын қордың жалпы мөлшері шамамен 8 миллиард 800 мың баррель деп есептелінді.
Саид Хафизи Иранның Парсы шығанағы аймағындағы шикі мұнай мен табиғи газ қорының мөлшері туралы айтқан сөзінде Оңтүстік Парс алаңын қоспағанда, газ қоры 187 миллиард текше метрді құрайтынын мәлімдеді.
Хафизи Парсы шығанағында Оңтүстік Парстан басқа жерлерде шикі мұнай мен табиғи газды өндіру мөлшерін арттыру мақсатында алдымен 20 миллиард доллар көлемінде инвестиция қажет екенін айтып: «Бұл арада Соруш, Ноуруз, Абузар, Дарвуд, Хангам және геологиялық барлау блоктары Иранның Парсы шығанағындағы мұнай және газ өнеркәсібінің ең басты инвестициялық мүмкіндіктеріне ие кешендер болып табылады» деді.
Иран мен Аустрия осы аптада банкаралық қатынастың орнатылғанын хабарлады.
ИИР-ның Орталық банкінің халықаралық істер жөніндегі бас директоры Аустрияға сапары барысында банктік, қаржылық және сақтандыру бөлімдері бойныша үш маңызды жетістікке қол жеткізілгенін айтты.
ИИР-ның Орталық банкінің халықаралық істер жөніндегі бас директоры Хосейн Яғуби Венада Иран Телерадио ұйымының арнайы тілшісіне берген сұхбатында осы келісім туралы: «Бұл келісімнің бір бөлігі Аустрияның экспортты сақтандыру ұйымымен жасалды. Соның негізінде Иран мақсатында экспортталатын барлық тауарларды сақтандыруға қатысты санкциялар ресми түрде жойылып, төленбеген қарыздар мәселесі де шешілді» деді.
Ол осы аустриялық ұйымның бұдан былай Иранның экономикалық тараптарымен әріптестік жасайтын Аустрияның банктері, қаржы ұйымдары және экономика саласындағы белсенділеріне экспортты сақтандыру полюстерін бере бастайтынын мәлімдеді. Бұл келісім екі елдің экономикалық қарым-қатынастарының деңгейін көтеру жолын реттеп, екі елдің экономикалық жобаларының жүзеге асырылуын жеңілдетеді. Аустриялық тарап бұл мәселе бойынша ешқандай санкцияның жоқ екенін мәлімдеді.
RZB деп аталатын аустриялық ең ірі банк әрі әлемдік ірі жүйемен келіссөздерде алдағы екі апта ішінде Аустрия осы банктің бөлімшелерінде ИИР-ның Орталық банкінің атына қажетті есеп-шот ашатын болып келісілді.
Осы есеп-шотқа мұнай мен газ конденсаттары саудасынан түскен табыс аударылады.
Аустрия ИИР-ның Орталық банкінің атына еуролық есеп-шот ашу туралы мағлұматты растаумен қатар, ирандық сауда банктерінің аустриялық тараптармен жұмыстарын қолдауға әзірлік танытты.