Жел 30, 2018 14:03 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 13

АҚШ Ислам республикасы жүйесінің өткен 40 жылдық тарихында Иранның дамуының алдын алу үшін әртүрлі жолдар мен құралдарды пайдаланды. Бұл үдерісте санкция салу АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық саяси құралдарының біріне айналды.

АҚШ-тың Иранға қарсы әділетсіз санкциялары хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1359-шы жылдың хордад айының 22 күні (1980 ж. мамыр айы) АҚШ үкіметінің Иранға санкция салуымен басталды. Сол санкциялар Американың Иранға санкция салу деген «жырының» кіріспесі болды. 1984-ші жылы Бейрутте бомба жарылысы болған кезде АҚШ Иранды айыптап, Иранға санкция салу үшін жағдай жасады. Сол кезде АҚШ Иранды өз көзқарасы бойынша лаңкестікті қолдаушы елдердің тізіміне енгізді. Біраз жылдан кейін инвестиция мен сауда қарым-қатынастарына санкция салынды. 1955-ші жылдың сәуір айының 30 күні сол кездегі АҚШ Президенті   Билл Клинтон  шетелдік инвесторларға   Иранға  инвестиция салуға тыйым салды. 1996-шы жылғы Иран мен Ливияға санкция салуға қатысты заң америкалық емес компанияларға Иранның энергетикалық бөліміне инвестиция салуға тыйым салған келесі дұшпандық әрекет болды.  

2001-ші жылы бұл әрекеттер артып, Иранға қарсы санкция салу үдерісіне жаңадан екі жоба қосылды. Бірінші жоба адамдар мен үкіметтік емес ұйымдарға экономикалық санкция салу болса, екіншісі киберлік саладағы санкцияларды арттыру болды. Бұл әрекеттен кейін Иранның есеп шоттары бұғатталды. 2001-ші жылдың қыркүйек айының 11 күнгі Нью-Йорктегі лаңкестік шабуылдан кейін Джордж Буш лаңкестікті қолдайтын адамдардың мүлкі мен есеп шоттарын бұғаттайтын заң бекітті. Сол заңға сәйкес Иранның іші мен сыртында бірақатар азамат санкциялардың тізіміне тіркелді. Бұл үдерістің жалғасында Иранның ядролық бағдарламасы туралы уәждер айтылып, Қауіпсіздік кеңесінің алты қарарында Иранның ядролық бағдарламасы туралы сөз қозғалды. Қарарлар АҚШ-қа Иранға біржақты санкция салуға мүмкіндік беретін жаңа заң бекіту үшін жағдай тудырды.

АҚШ-тың уәждері және қысымдарымен 2006-шы жылдан бері Қауіпсіздік кеңесінде Иранның ядролық бағдарламасына қарсы жаңа санкцияларды қарастырған  қарарлар бекітілді. 2011-ші жылы АҚШ шетелдік қаржы компанияларына Иранның банктерімен, соның ішінде Орталық банкпен де қарым-қатынас орнатуға тыйым салды. Бұл қастандық жобасы соңында ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы» деп аталған келісім мен Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарымен 2015-ші жылдың шілде айының 20 күні аяқталды.

Бірақ, ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының» бекітілуінен екі жыл өтпей, Трамп Иранға қарсы санкцияларды жалғастыру үшін сылтау іздеп, аталмыш келісімді «жаман келісім» деп атады. Трамп 2018-ші жылдың мамыр айының 8 күні АҚШ-тың ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан» шығу шешіміне қол қойып, Иранға қарсы біржақты санкцияларын қайта салу үшін ядролық мәселеге байланысты санкцияларын тоқтатқан шешімін ұзартудан бас тартты. АҚШ әлемнің әртүрлі мемлекеттерімен кең ауқымды саяси және сауда қарым-қатынастарына ие болғандықтан, Иранға қарсы біржақты санкцияларының көбін басқа елдерге таңуға талпынды. Бұл шешімнің салдарынан акцияларының қомақты бөлімі  америкалық компанияларға немесе америкалық инвесторларға тиесілі болған компаниялар іс жүзінде АҚШ-тың санкцияларына бағынуға мәжбүр болды. Сондай-ақ, көптеген банктер мен экономикалық ұйымдар, кеме қатынастарын сақтандыратын компаниялар АҚШ-тың араласушылық әрекеттерінен қорқып, санкцияларды қолдады. Сөйтіп, АҚШ-тың өткен қырық жылдағы дұшпандық мақсаттары аймақ пен халықаралық бөлімдерге шоғырланды. Халықаралық деңгейдегі санкциялар ядролық мәселе, Ираннан үркіту, санкция салып, оларды басқа елдерге тарату секілді тақырыптарға қатысты болды. Ираннан үркіту жобасы Американың аймақтағы негізгі мәселелерінің бірі ретіндегі АҚШ-тың бұрынғы үкіметтері де ұстанған көзқарас болды. Иран жүйесін «жұмсақ құралдар» арқылы іштен құлату АҚШ-тың Иранға қарсы стратегияларының бірі болып табылады. 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи елінің жас ғалымдарымен кездесуінде АҚШ режимінің Иран халқына қарсы дұшпандығының ислам революциясының жеңіске жетуінің алғашқы күнінен басталғанын еске салып, АҚШ-тың зұлым режимін имам Хомейни айтқандай «Үлкен шайтан» деп атап: «АҚШ жүйесі халықаралық қауіпті сионизмді құрып, тәуелсіз халықтардың дұшпаны әрі аймақ пен әлемдегі соғыстардың көбінің факторы болып, халықтардың қанын сүліктей сорып жатыр»,- деп қуаттады.   

Трамп бүгінде АҚШ-тың бұрынғы басшыларының жолын жалғастыруда. Трамп ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан» шығу сияқты ақымақ әрекеттерімен АҚШ пен Иранның бұрынғы қатынасын дұрыс түсінбейтінін көрсетті. Ислам революциясы жетекшісінің айтуы бойынша, «Обама АҚШ-тың «темір жұдырығын» «мақпал қолғабында» жасырып, өзгеріс туралы сөйлеген» кезде,  Иран оны естігенде қуанған жоқ. Енді қазір де Трамптың қоқан-лоққылары мен уәждерінен қорықпайды.

Иранның АҚШ-қа сенімсіздік білдіруі тек ұран емес. Бұл сенімсіздік Американың үстемшіл саясаты мен бұрынғы және қазіргі әрекеттерімен байланысты. АҚШ-тың ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына» қатысты саясатын бір мақсатымен-ақ қысқартып айтуға болады. АҚШ Иранды ұпайлар мен басымдықтарды Америкаға бергізуге мәжбүрлемек. АҚШ Иранның Вашингтонның қулығына түспейтінін де түсінеді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 1394-ші жылдың меһр айының 29 күні Иран Президенті Хасан Рухани мен Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысына жолдаған хатында: «АҚШ үкіметі ядролық және басқа да мәселелер бойынша Иранға тек дұшпандық білдірді»,- деді. Аятолла Хаменеи сонымен бірге қасиетті кесенелер мен шекараны қорғап, шәһид болған азаматтардың отбасыларымен кездесуінде де АҚШ-тың Иранға қарсы қоқан-лоққыларын негізсіз деп атап: «АҚШ Президентінің сөздері жаңа тақырып емес. Ислам жүйесі басынан бастап, әртүрлі қастықтармен бетпе-бет келді. Бірақ, Иран халқының дұшпандары ешбір мақсаттарына жете алмайды»,- деді. Хазірет АҚШ басшыларының ислам жүйесін өзгерту туралы жуырдағы сөздеріне тоқталып: «Сіздердің ислам жүйесін өзгерту туралы ойламаған  күндеріңіз болған жоқ. Бірақ, әрқашан маңдайларыңіз тасқа тиді. Бұдан кейін де ешбір нәтижеге жетпейсіздер»,- деді.