Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран (1)
(Иранда демократиялық органдардың қалыптасуы мен саяси дамуының инфрақұрылымына шолу)
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи х.ш.ж.с.б. 1397 жылдың бірінші күні имам Резаның кесенесіне келген зияратшылардың алдында жасаған маңызды баяндамасында ИИР жүйесі ғұмырының 40 жыл ішінде орын алған аймақтық өзгерістер мен Иран халқының саяси-экономикалық даму көрсеткіштеріне сараптама жасады.
Аятолла Хаменеи 40 жыл толып отырған революцияның берік сақталғаны мен америкалықтардың аймаққа арналған сұрқия жоспарының залалсыздандырылғанына тоқталып: "Иран университет мамандары мен қуат көздері және өндірісінің жасампаздығы тұрғысынан өте мықты әлеуеттерге ие. Осы мүмкіндіктерге арқа сүйеп, Иран даму жолын бұрынғы қарқынмен және жарқын сәттіліктермен жалғастырады",-деді. Ислам революциясы жетекшісінің баяндамасында демократия мен саяси тәуелсіздік негізінде жүйе қалыптастыратын тақырыптар баса айтылды. Бүгінгі бағдарламада осы көрсеткіштің ИИР жүйесіндегі ішкі беріктік пен саяси дамудағы маңыздылығы мен көлемін талқылаймыз.
ИИР жүйесі ең басынан демократиялық жүйе қалыптастыру параметрлеріне сүйеніп, референдум өткізу арқылы қалыптасты. Өткен 40 жылдың ішінде көптеген сайлау өткізіп, әртүрлі талғам мен танымға ие үкіметтерді билік басына әкелу арқылы ИИР жүйесінде биліктің басты критерийінің халық дауысы екенін көрсетті.
Даму мен саяси даму тақырыбы соңғы бірнеше онжылдықта көптеген зерттеушілердің назарын өзіне аударып, саяси-әлеуметтік ғылымдар саласындағы ойшылдардың талқысына салынған тақырыптардың бірі болды. Бұл тақырып әсіресе үшінші әлем елдерінің оқымыстылары үшін ерекше маңызды. Өйткені, мұндай елдерде даму мен тоқырау үдерісі қоғамның басты түйткілін құрайтындықтан, барлық саяси-экономикалық және әлеуметтік оқиғалар мен өзгерістер лажсыздықтан соның ықпалында болады.
Сипаттама бойынша саяси даму ұлттық дамудың күрделі үдерісінің бір бөлігі болып табылады. Ол саяси белсенділік пен саяси бәсекелестікті дамыту бөліктерінен көрініс табады.
Дамыған елдерде өткен бір жылда саяси даму деп аталатын біртұтас үдерістің әртүрлі көріністері болып табылатын өзгерістер орын алды. Саяси даму бұл аралықта мазмұн тұрғысынан әрқилы түсініктер мен түсіндірмелерге ұшырады. Мысалы, Люсьен Пай осы үш өзек аясында өз сипаттамасында саяси дамуды үш қыры бар құбылыс ретінде ұсынды: теңдік пен саяси белсенділік, қоғам мен экономикада тұрақтылық пен тыныштық орнату үшін саяси жүйенің әлеуеті, әкімшілік құрылымдар мен олардың қолданыс аясын саралау және мамандандыру.
Шамамен барлық сипаттамалар мен классификациялауда "белсенділікті" саяси дамудың басты тірегі деп атауға болады. Осы аяда саяси белсенділік пен бәсекелестікті дамыту мағынасындағы саяси даму көптеген түйткілдер мен кедергілерге қарамастан ақырында ұзақ мерзімге арналған ұлы саяси жоба ретінде қабылданған.
Егер саяси даму іс жүзінде топтардың саяси белсенділігі мен бәсекелестігінің дамуы және әрбір топтың саясаттары мен ұстанымдарына сәйкес саяси билікті қолға алып, елді басқару мақсатындағы ұжымдық мүдде мағынасында екенін қабылдасақ, бұл жағдайда партиялар, сайлаулар мен Парламент демократиялық өмірдің негізгі ошағын құрайды. Саяси белсенділік пен бәсекелестік әдетте осы үш негіздің айналасына шоғырланады.
Әлеуметтік күштер (азаматтық қоғам) арасындағы байланыс пен саяси жаңаруға қоғамтану тұрғысынан жасалған сараптаманың беделді үлгілерінің бірі – Баррингтон Мурдың сараптамасы. Ол саяси даму мен жаңару үдерісінде қоғамдағы ішкі факторларға баса назар аударады.
Мур өзінің зерттеулерінде дамудың бірырғақты әрі қарапайым үдеріс емес екенін, қарама-қайшылықтар, түйткілдер менреволюциялардан тұратын үдеріс екенін көрсетті.
Кейбір ғалымдар мен теоретиктер саяси қоғамтану саласында демократияны ойлау мен әрекет ету тәсілінің белгілі бір аясы санайды.Ол қоғамның мүддесіне орай қоғамның ерік-жігерін тәпсірлеп, басқаратындай қызмет етеді. Осы сипаттама бойынша демократиялық билік органдарын жазылған немесе әртүрлі Конституцияның болуы, заңды билікті жақтау, жеке бостандықтарды қолдау, дауыс беру құқығы, көпшіліктің басқаруы және өкілдердің билік жүргізуі сияқты құқықтық демократиялық құрылымның болуымен сипаттауға болады.
Демократиялық жүйелердің ережелеріне сәйкес, адамдар ұжымдық өмір сүру тәсілдерін белгілеуге және біртұтас саясат қалыптастыруда рационалды әрі практикалық жол табуға жауапты. Егер таным құралдары олардың ықтиярына дұрыс түрде берілетін болса, олар сайлау үшін ең жақсы тәсілдерді таңдайды.
Иранда ислам республикасының жүйесі орнағаннан кейін және саяси-әлеуметтік салаларда исламдық ойлауды билікке енгізуге талпыныс жасалған соң исламдағы саяси ойлау тақырыбы ерекше орынға ие болды.
ИИР жүйесінің заңдылығы мен айбыны халыққа арқа сүйеген. Бұл үдеріс республикада кеңестерге ерікті түрде сайлау және саяси белсенділік арқылы көрініс табады.
ИИР-да адамдардың көзқарасы аса маңызды. Саяси жүйе халықтың талап-тілектерін орындау жолында әрекет етеді. Республикашылдық пен исламдықты бір-біріне жақындата түсетін нәрсе Президент, Мәжіліс өкілдерін тікелей сайлау және жүйе жетекшісін жанама түрде сайлау болып табылады.
Араб сарапшысы Насер Қандил: "Иран өзінің әрбір сайлауында нақтылық пен тыныштықты сақтай отырып арнайы жолдау жібереді. Жолдауды жеткізіп, нығайту үшін барлық жағдайды дайындап қояды. Иран Ислам революциясы – жеңіске жеткеннен кейінгі кезеңде өзінің тұрақтылығын, құндылықтары мен билік көздерін сақтап қалған, сонымен бір мезгілде қоғамдық пікірдің рөлі мен олардың басымдықтарына, әртүрлі топтар арасында билікті бөлуге негізделген бірегей жүйе",-деді.
Иран көптеген адамдар үшін әртүрлі тайпалар мен мазхабтарды саясына жинаған азаматтық рухтың көрінісі болып табылады. Иранда еркін саяси белсенділіктерде әйелдердің құқығына, олардың партияларға тағайындалуы мен әртүрлі миссияларды орындауына құрмет көрсетіледі. Басқа елдерде, соның ішінде Сауд Арабиясында әйелдерге мұндай мүмкіндіктер берілмеген. Бұл тақырып Ирандағы демократиялық көрсеткіштердің аймақтағы кейбір елдермен салыстырғанда өзгеше екенін білдіреді.
Ливанның «әл-Бана» газетінің халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшысы Розана Ромал осы жайында: «Ислам революциясы Иранды жаңа таңға жеткізген бетбұрыс нүктесі болды. Онымен бірге барлық нәрсе өзгерді. Кейбіреулер бұл бетбұрысты Иранның оқшаулануының бастамасы санаса, басқа біреулер оны АҚШ пен Батысқа тәуелділіктен арылған Иранның қайта тууы дедң. Бұл жүйенің орнауы – әділет негіздерінің бірі. Соның негізінде Иранның ауқымды географиялық аумағында өмір сүретін қауымдар мен діндер арасында айырмашылық жоқ. Бұл жүйеде адамдардың құқығы бұзылмайды. Заң оны қорғайды. Араб және ислам елдері осы салада Иран сияқты әрекет ете алмады, сондықтан, егер менің түсінігім дұрыс болса, Иран аймақ пен әлемдегі жалғыз өркениетті исламдық үлгі болып табылады»,-деді.
ИИР жүйесі – әлеуметтік ерік-жігер негізінде құрылған қоғам. Оның болмысы кеңестер өткізіп, тиісті тағайындаулар жасап, лауазымдарды тұлғаларды белгілеп, заңдық үдерістер мен саясаттарды анықтау барысында айқындалады. Сондықтан, ИИР демократиялық жүйеге қатысты негізгі қағидалардың барлығында қоғамдық пікірді білдіру құралдарының, соның ішінде референдум, партиялар мен сайлаулардың дұрыс қолданылуын әрдайым қуаттайды. Иран өз таңдауымен шын мәнінде демократияның бір түрін ұсынды. Сол себепті Ислам революциясының жетекшісі: «Сайлауда жауапкершілікті мойнына алатын адам емес, жүйе мен халық жеңіске жетеді»,-деп сан рет қуаттады.