Иранның жетістіктері (4)
Хамид Сориан — Иран тарихындағы мықты балуан
Иранда күрестің бірнеше ғасырлық тарихы бар. Бұл спорт түрінің дамуы Насыреддин шахтың кезеңінен басталады. Кейін дәстүрлі спорт түрімен айналысатын "зурханалардың" жанынан заманауи спорт кешендері салынды. Иранда еркін және грек-рим күресін үйрету 1939 жылы басталды. Алғашқы шетелдік күрес командасы Иранға 1948 жылы келді. Иранның күрес командасы алғаш рет 1949 жылы олимпиадаға қатысты. Алайда Иранда халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысатын балуандар дайындау соңғы жылдары ең жоғары деңгейге жетті. 1986 жылы Рейде дүниеге келген Хамид Сориан Иранның күрес тарихындағы ең үздік балуан саналады. Ол 59 кг салмақпен әлемдік жарыстарда грек-рим күресінен 6 алтын және 2012 жылғы олимпиадада 1 алтын жүлде алды. Хамид Сориан – Иран тарихында 7 алтын иеленген алғашқы және жалғыз спортшы.