Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 19
Иран Ислам революциясының жетекшісі Ислам республикасы жүйесінің өткен 40 жылда Ислам революциясының құндылықтарына табандылық таныту дәлелдерінің бірі ретінде революцияның армандарына адалдықты атады.
Бұл армандардың бір бөлімі зорлық-зомбылық көрген халықтарды қолдап, зұлымдыққа қарсы тұрып, зұлымдықтарды айыптау болып табылады. Ислам революциясының 40 жылдығында бұл тақырыптар Ислам революциясының мақтан тұтатын тақырыптары саналады. Бүгінде жылдар бойы зорлық-зомбылық көрген халықтардың құқықтары бұзылып жатыр. Бұл зұлымдық тек Палестина халқына ғана қатысты емес. ИИР азапталып, қорлық көрген халықтардың құқықтарын қорғап, әрқашан зорлық-зомбылықты айыптады. Ислам революциясының басынан Иранның зорлық-зомбылық көрген халықтарды айыптауы өткен 40 жылда бұл елдің негізі ретінде қалыптасты. Иранның Бахрейннің мазлұм халқын қолдауы – бұл тақырыпқа қатысты мысалдардың бірі.
Бахрейнде 2011-ші жылдың ақпан айының он төртінен бері әл-Халифа режиміне қарсы халықтық наразылықтар өтіп жатыр. Наразылықтардың жалыны осы уақытқа дейін басылған жоқ. 2011-ші жылдың ақпан айының 14 – Бахрейн үкіметіне наразылардың ашу-ызасы шегіне жеткен күн. Бұл күні наразылыққа шыққандарға қатігездік жасалып, олардың бірақатары өліп, біразы жараланды. Сол кездегі АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гейтстің Бахрейнге келуімен тұспа-тұс Сауд Арабиясының, бірнеше күннен кейін Біріккен Араб Әмірлігінің күштері Бахрейнге аттанып, халықты басып-жаныштады. Қақтығыстардың салдарынан көптеген адам қаза болып, жараланды. Бахрейн үкіметі "Меруерт көтерілісі" болған Лулу аланын қиратып, Бахрейн халқының революцияшыл әрекетінің символын жермен- жексен етіп, наразылық дауыстарын жойғысы келді. Бахрейндегі халықтық наразылықтардың басталуынан бері 8 өтті. Бахрейнннің деспоттық режимі жылдар бойы қауіпсіздік мәселесін сылтауратып, наразыларды айыптап келеді. Бұл режим жылдар бойы басып-жаншу, абақтыға қамау, өлім жазасына кесу, қудалау және наразыларды азаматтықтан айыру әрекеттерімен айналысуда. Бахрейн басшылары Сауд Арабиясын арандатып, темір жұдырығымен биліктің әлсіреген негіздерін нығайтуды ойлады. Бірақ, жеті жылға созылған басып-жаншу әрекеттері мен бос сөздер және «темір жұдырық» саясаты халықтың наразылық даусын өшіре алмады. Бахрейн бұл тұйықтан шығу үшін негізсіз сөздерімен қазіргі ішкі жағдайына Иранды кінәлі деп көрсету үшін әрекет жасап жатыр. Негізінде Манама өзін Сауд Арабиясының араласушылық саясаттарының құрбаны етіп отыр. Бахрейн басшылары Иранды Бахрейнге араласты деп айыптап, өтіріктеріне басқаларды сендіргісі келеді. Бірақ, қисынсыз уәждер мен «темір жұдырық» саясаттары Бахрейн халқының заңды талаптарына тосқауыл бола ала алмады. Бахрейннің Әл-Вафақ жамағатының Бас хатшысы шейх Әли Салман бұл туралы: "Бахрейн халқының талаптарының саяси жолмен шешілетіні айқын. Шешімді кешіктіру Бахрейннің шығынын арттыра түседі",- деді.
Ислам революциясының жетекшісі жүйе басшылары және ислам елдері елшілерімен 2016-шы жылдың шілде айындағы кездесуде сөйлеген сөзінде: "Біз Бахрейн мәселесіне араласқан жоқпыз, келешекте де араласпаймыз. Біз ақыл-кеңес береміз. Бұл – саяси пікірталас. Олар бұл саяси пікірталасты азамат соғысына айналдырғысы келеді. Кез келген мемлекетте саяси қарсылықтар мен саяси пікірталастар болуы мүмкін. Неліктен халықтарды бір-біріне қарсы тұруға мәжбүрлейтін іс жасау керек? Бұл – кейбір ислам елдерінен байқалатын қателік»,- деді.
Әл-Халифе режимі аадм құқығын қорғау туралы өтірік уәж айтатын елдердің қолдауы мен саудиялық басып-жаншу әрекеттерге сүйеніп, Бахрейннің қорғансыз әрі зорлық-зомбылық көрген халқына қарсы ең қатерлі қылмысты іске асырып, елдің таныма ғұламаларының бірі шейх Иса Қасемді азаматтығынан айырды. Халифе режимінің шейх Иса Қасемді азаматтығынан айыру туралы шешім азаматтық құқықтарға қатысты халықаралық заңды бұзу болды. Бұл оқиғадан кейін Бахрейн халқының күші мен рухы екі есе артты. Бірақ, адам құқығын қорғау туралы уәж айтатын Батыс мемлекеттері бұл әрекетке реакция ретінде тек алаңдаушылық білдірумен шектелді.
Басқыншылық – бөгделердің мұсылмандардың тағдырын басқаратын құралдардың бірі. Өкінішке орай, кейбір деспоттық режимдер бұл қозғалыста араласушы мемлекеттермен одақтас болды. Бірақ, көбі шиіттер саналатын Бахрейн халқын қорғайтын ИИР сүннит мазхабты Палестина халқын да 40 жыл бойы қолдап, бұл жолда көптеген қаржы жұмсады. Иран Мысыр, Тунис пен басқа аймақтардың халықтарының әділет талап етуін қуаттағандай, Бахрейн мен Сауд Арабиясы және әлемнің басқа аймақтарындағы халықтардың құқықтарының бұзылуына алаңдаушылық білдірді.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл туралы жүйе басшылары, 30-шы Исламдық бірлік конференциясының қонақтары және ислам елдерінің елшілерімен кездесуінде Шығыс Азиядағы Мьянмадан Африканың батысындағы Нигерия мұсылмандарына қарсы шабуылдар мен оларды қырып-жоюшылықты және Батыс Азияның өте маңызды аймақтарындағы мұсылмандардың бетпе-бет келуін үстемшілдердің мұсылмандардың арасына іріткі салып, әлсіретуді көздейтін қастықтарының салдары деп атап: «Ислам әлемі бүгінде көптеген қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Бірлік, ымырашылық, исламдық көптеген ортақ тақырыптарға сүйеніп, діни және идеологиялық қайшылықтардан алыстау –қиындықтарды шешетін жолдардың бірі»,- деді.
Зорлық-зомбылық көрген халықтар Иранның Ислам революциясын үлгі етіп, билеп-төстеушілермен қарсыласатын мүмкіндік бар деген нәтижеге жетті. Сол себепті ислам әлеміндегі исламдық қозғалыстар түріндегі қарсыласу мәдениеті мен зұлымдыпен қарсыласу мәдениеті бірте-бірте нығайды.
Ислам революциясы өзінің 40 жылдығы қарсаңында әлемнің революцияшыл халықтары үшін үлгіге айналды. Қарсыласу мәдениетінің дамуын қорлық көрген халықтардың билікқұмар жүйелерге қарсы тұратын ағымдардан байқауға болады. Ислам революциясының құндылықтарының әлемге таралуымен ұрандар мен әрекеттер АҚШ пен оған тәуелді жүйелердің билеп-төстеушілігіне қарсы тұратын құралға айналды.