Иранның жетістіктері (6)
Иран – әлемде жұлын зақымын емдеуде табысқа жеткен бірінші ел.
Иран – Ислам революциясынан кейін Шванн жасушаларын пайдалану арқылы жұлын зақымдарын емдеуде табысқа жеткен алғашқы ел.
Жұлынның қысылуы деген тіркесті естіген боларсыздар. Ғасырлар бойы омыртқа бағанының зақымдануы мүлдем емделмейтін. Жұлынының белгілі бір бөлігіне зақым тиген адам денесінің содан төмен бөлігі біржолата істен шығатын. Дәрігерлер осы зақымды емдеудің жолын ертеден іздестірумен болған. Діңгекті жасушалар – жаңа шешім жолы. Алдымен ресейліктер, содан соң қытайлар зертханалық сынақтар жасағанымен сәттілікке қол жеткізе алмады. Иран 1996 жылы әлемде жұлын зақымдарын емдеу үшін Шванн жасушаларын (Schwann cells) пайдалануды ұсынған алғашқы ел болды. Шванн жасушалары – жүйке тінін жауып тұратын арнайы жасушалардың тобы. Иран 2000 жылдан бастап жобаны іс жүзінде орындай бастады. Алғашқы сынақтар 2002 жылы жануарларға жасалды. Нәтижесінде Иран 2006 жылы жұлын зақымын емдеу үшін осы тәсілді сынақтан сәтті өткізген әлемдегі алғашқы ел болды.