Иранның жетістіктері (8)
Иранның алғашқы эсминеці Бүгінде эсминецтер әлемде теңіз күштерінің ең маңызды кемелері саналады.
Бүкіл әлемде эсминецке ие тек 13 ел бар. Эсминецтер әлемде Теңіз күштері кемелерінің ең маңызды түрі саналады. Алайда әлемде барлық ел оны жасай алмайды. Бірінші рет шах Мұхаммадреза Пехлеви АҚШ-тан бірнеше эсминец сатып алуға шешім қабылдады. Алайда Ислам революциясынан кейін АҚШ эсминецтерді беруден бас тартты. 1997 жылы Ислам революциясының жетекшісі отандық мамандарға елде жергілікті эсминец жасауға бұйрық берді. Ирандық мамандардың жылдар бойғы талпыныстарынан кейін ел тарихындағы алғашқы эсминец 2009 жылы "Джамаран" деген атпен қолданысқа берілді. Батыстықтар өздерінің сараптамаларында бұл эсминецті «шағын кеме» деп атады. Иранды әлемдегі эсминецке ие 13 елдің қатарына қосу қиын болды. "Джамаран-2" кемесі 2012 жылы Парсы шығанағы суларына жіберілді. Мұнымен бір мезгілде Иранда "Парсы шығанағы" деген атпен әскери кемелердің жаңа түрі жобаланды. Тіпті, батыстықтардың өзі оны «шағын кеме» деп айта алмады. "Парсы шығанағы" кемесі – бүкіл Таяу Шығыс суларындағы ең үлкен әскери кеме.