Қаң 15, 2019 22:44 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (9)

Иран спортшыларының ел тарихында ең көп жүлде алған олимпиадасы

Иран алғаш рет олимпиадға 1900 жылы, Қаджарлар заманында қатысты. Ол кезде ирандық спортшылар Париж олимпиадасына семсерлесу бойынша қатысқан болатын. Сол заманнан бастап бүгінге дейін Иран 17 рет олимпиада ойындарына қатысты. Соның 8-і Ислам революциясынан кейінгі кезеңге тиесілі. Ислам революциясына дейін Иран спортшылар керуені олимпиадада көп дегенде 7 медаль алған. Иран 2012 жылы Лондонда өткен олимпиадада ең көп медаль алды. ИИР-ның 53 адамдық спортшылар керуені алғаш рет 5 алтын, 6 күміс және 2 қола алып, әлем бойынша 15-ші орынға, ерлер арасындағы жарыстар бойынша 11-ші орынға шықты. Иран спортшылар керуені олимпиадада жалпы 13 медаль алып, өз тарихындағы ең көп медаль алған жарысты бастан өткерді.