Қаң 17, 2019 22:07 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (11)

ИИР-да алғаш рет Конституцияға жалпыхалықтық дауыс берілді.

Иранның мыңдаған жылдық тарихында 1979 жылғы Ислам революциясына дейін елдің саяси жүйесі жеке бір сайлау арқылы анықталған жоқ. Конституциялық жүйе қалыбындағы «Машрутият» конституциясын халықтың өкілдері жазбаған. Оны батысшыл көзқарастағы саяси қайраткерлердің бір тобы өз пікірлестерінің өкілдері ретінде жазып шыққан. Сонымен қатар бұл заң жазылғаннан кейін ешқашан қоғамдық талқыға салынбаған. Ислам революциясынан кейін Иран тарихында бірінші рет бір жылдың ішінде, яғни 1980 жылы бөлек үш сайлау барысында елдің саяси жүйесінің формасы анықталып, Конституцияның қорытынды мәтіні  жалпыхалықтық дауысқа салынды. Сонымен қатар елдің көптеген органы Иранның мыңжылдық тарихында алғаш рет халықтың талқысына салынды.  Әрдайым мұрагерлік жолмен беріліп отырған мемлекеттің бірінші лауазымы алғаш рет халықтың жанама сайлауы, ал елдің атқарушы билік басшысы алғаш рет халықтың тура сайлауы арқылы таңдалды.