Қаң 24, 2019 19:59 Asia/Almaty
  • Иран: Харанақ ауылы

Харанақ – Язд облысының Ардакан ауданында орналасқан ауыл. Бұл ауылды тарихта "Хоуранақ", яғни "Күннің отаны" деп атаған. Харанақ ауылында 4500 жылдық тарихы бар көне қамал орналасқан. Харанақ қамалы – екі немесе көп қабатты үйлер салынған әлемдегі санаулы қамалдардың бірі. Бұл қамал кірпіш пен балшықтан салынған көрме павильонына ұқсайды.

Ауылдың келесі тарихи ескерткіштерінің қатарында "Менаре Джамбон" теңселмелі мұнарасын, Харанақ керуен сарайын, Машһадак құрылысын, Баба Хадемнің қабірін, су тасымалдайтын көпірді, Шоторгәлу ғимаратын, Шамсабад ауылын, Харанақ моншасын, диірмен мен т.б. құрылыстарды атауға болады.

Харанақ ауылының негізгі туристік тартымдылықтарының бірі ауылда орналасқан тарихи көпір саналады. Бұл көпір арнайы жыл мезгілдерінде суды көпірдің астынан да, үстінен де өткізетіндей етіп салынған. Бұл көпір су тамсымалдайтын ең көне көпірлердің бірі. Аталмыш көпір сасанилік және римдік стильдерде салынғандықтан бірегей сәулетке ие. Бастапқыда көпір құрылысы үшін тас, құрылыс ерітіндісі, әктас пен күлден жасалған ерітінді пайдаланылған. Көпірдің саңылаулары римдік стильде салынған. Оның аркасы тас пен гипстен жасалған.

Көпірдің жоғарғы бөлігі – 1,5 метр, ұзындығы – 40 метр, биіктігі өзеннің түбінен санағанда 7,5 метр. Көпірді салудағы мақсат су құбыры арқылы суды өзеннің бір жағасынан екінші жағасына көпірдің үстінен тасымалдау болған. Себебі, Харанақтағы су құбыры торабы өзеннің бір жағасында, егістік алқаптар мен бақтар өзеннің басқа жағалауында орналасқан.

Харанақ ауылын тарихта "Хоуранақ", яғни "Күннің отаны" деп атаған.
 Харанақ қамалы екі және көп қабатты үйлер салынған әлемдегі санаулы қамалдардың бірі саналады
Харанақ қамалының 4500 жылдық тарихы бар
Харанақ көпірі
Харанақ көпірі бірегей сәулетке ие су тасымалдайтын ең көне көпірлердің бірі саналады
Харанақ көпірі
Харанақ көпірі
Харанақ көпірі
"Менаре Джанбон" - Харанақ ауылындағы теңселмелі мұнара
Харанақ қамалы екі және көп қабатты үйлер салынған әлемдегі санаулы қамалдардың бірі саналады
Харанақ ауылының әуеден түсірілген көрінісі