Иран: Айюб үңгірі (190)
Ақп 12, 2024 23:08 Asia/Almaty
Айюб үңгірі Керман облысының Бабак қаласындағы Аюб тауының үстінде орналасқан. Үңгір Айюб тауының 2876 метр биіктігінде орналасқан.
Үңгір аузының кеңдігі – 50 метр, биіктігі – 40 метр. Бағзы замандарда бұл үңгірде адамдар тұрған. Қазірдің өзінде үңгірден Ашканилер дәуірінің әсерін көруге болады. Үңгірдің шығыс қабырғасының бір бөлігінде төбеден жіңішкелеп су ағып тұр. Су қабырғаның түбіндегі шағын хауызға барып құяды. Үңгір Иранның ұлттық мұра тізіміне тіркелген.
Тегтер