• Иран: Алашт ауылы (191)

    Иран: Алашт ауылы (191)

    Нау 09, 2024 19:14

    Алашт – Мазандеранның Савадкуһ ауданындағы ең маңызды ауылдардың бірі.

  • Иран: Айюб үңгірі (190)

    Иран: Айюб үңгірі (190)

    Ақп 12, 2024 23:08

    Айюб үңгірі Керман облысының Бабак қаласындағы Аюб тауының үстінде орналасқан. Үңгір Айюб тауының 2876 метр биіктігінде орналасқан.

  • Time Lapse: Иран (2): Гилан - Хоргам

    Time Lapse: Иран (2): Гилан - Хоргам

    Қаң 28, 2024 19:00

    "Хоргам" сөзі күннің соңы деген мағынаны білдіреді. Хоргам - жазғы демалыс орны Иранның солтүстігіндегі Гилан облысының Рудбар қаласында орналасқан.

  • Time Lapse: Иран (1):   Ардабил-Капаз

    Time Lapse: Иран (1): Ардабил-Капаз

    Қаң 25, 2024 22:27

    «Time Lapse: Иран» сериясында iFilm желісімен ынтымақтастық арқылы қамтамасыз етілген Иранның әртүрлі аймақтарынан 115 қысқа жылдам қозғалатын бейнені ұсынамыз.

  • Иран:

    Иран: "Қури қалле" үңгірі (188)

    Жел 05, 2023 23:33

    "Қури қалле" (Quri Qaleh) үңгірі – Таяу Шығыстағы ең ірі су үңгірі. Оның 64 млн жылдық тарихы бар. Үңгір Керманшах қаласынан 86 км жерде Равансар ауданындағы Раванруд қаласының солтүстігіндегі Паве тас жолы бойында орналасқан. Үңгірдің ұзындығы – 12 км, тереңдігі – 3140 метр. Қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша үңгірдің айналасын шамамен 50 мың жылдан 12 жылға дейін тас ғасырының аңшылары мекендеген.

  • Иран: Деһбакри ауылы (186)

    Иран: Деһбакри ауылы (186)

    Қар 11, 2023 19:15

    Деһбакри (Dehbakri) ауылы Керман облысындағы Бам қаласынан 55 км қашықтықта орналасқан. Бұл ауыл ауа райына байланысты Бам ауданының жазғы жайлауы болып саналады. Жергілікті дереккөздерге сәйкес, Бакр тайпа ақсақалдарының бірі болған. Ауыл осы кісінің атымен аталған. Ауылдың 2 ғасырлық тарихы бар.

  • Иран: Ширван сайы (183)

    Иран: Ширван сайы (183)

    Қыр 02, 2023 21:23

    Ширван сайы (Shirvan Valley) – Ардебиль облысының Сабалан ауданындағы әдемі аймақтардың бірі. Сайға баратын жол болмағандықтан оның табиғаты тың қалпында сақталған. Иранның он бірінші қорығы болып саналатын бұл табиғи саябақ Таяу Шығыстағы екінші геопарк ретінде ЮНЕСКО-ға тіркелді. Бұл аймақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тұрғысынан теңдессіз ерекшеліктерге ие.

  • Иран: Тоубирун сайы (181)

    Иран: Тоубирун сайы (181)

    Маусым 20, 2023 15:05

    Тоубирун сайы (Towbiroun Valley) Дезфул қаласының солтүстігінен 20 км жердегі Сәрдәшт ауданында орналасқан.

  • Иран:

    Иран: "Жаһаннама" қорығы (176)

    Сәу 09, 2023 22:10

    "Жаһаннама" қорығы Иранның солтүстік-шығысындағы Гүлістан облысында орналасқан. 31747 га ауданды алып жатқан қорық теңіз деңгейінен 600-3086 метр биіктікте орналасқан. Бұл қорық облыс бойынша Гүлістан ұлттық саябағынан кейінгі екінші ірі қорғалған аудан болып саналады. Бұл жер жолбарыстар емін-еркін тіршілік ете алатын елдегі жалғыз мекен деседі. Қорықтағы Гиркан орманы әлемнің ең көне ормандарының қатарына жатады. Жаһаннама ауылы да осы әдемі ауданда орналасқан.

  • Иран: Лейлей шатқалы (168)

    Иран: Лейлей шатқалы (168)

    Жел 03, 2022 22:41

    Лейлей шатқалы – Луристанның ең әдемі туристік аудандарының бірі. Шатқал Дуруд ауданы орталығының батысынан 20 км қашықтықта Сейре және Чамнар ауылдары арасында орналасқан. Шатқалда ағып жатқан суы сұп-суық өзеннің жолында әдемі хауызшалар бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Луристанның бұл ауданында шие ағаштары көп өседі. Мұндағы шие басқа шие түрлерінен ұсақ. Жергілікті тұрғындар оны "лейлей" деп атайды. Сол себепті шатқал "Лейлей" деп аталып кеткен.