Қаң 26, 2019 21:03 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (18)

Әлем елдерінің Теңіз күштері сүңгуір қайықтарды жою үшін су астында жүзе алатын зымыранды пайдаланады. Мұндай зымыран әскери терминде "аждар" (торпеда) деп аталады.

Әдетте су торпеданың қозғалысына кедергі жасайтындықтан әлемдегі торпедалардың орташа жылдамдығы секундына 25-30 метр. Санаулы ғана елдер торпеда жасау технологиясына ие. Торпеда жасайтын елдердің тобында тек 11 мүше болған: АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Оңтүстік Корея, Германия, Жапония, Италия мен Швеция. Бұл топта 2006 жылдан осы күнге дейін он екінші мүше пайда болды. Иран өз тарихында бірінші рет 2006 жылы "Хут" деп аталатын су асты ауыр торпеданы жасап шығарды. Ирандық инженерлер бұл торпеданы су астында қозғалғанда айналасына көпіршік шығарып, ауада ұшатындай етіп жасады. "Хут" торпедасы әлемнің басқа торпедаларынан 4 есе артық жылдамдықпен ұшатындықтан әлемнің ең жылдам торпедасы саналады.