Қаң 27, 2019 16:50 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 26

Өткен қырық жылда Ислам республикасы жүйесінің дұшпандары Ислам революциясын бұрыс көрсетуге күш салды. Олар Ираннан үркітуді мақсат етті.

Бұл ағымның бір бөлімі Ислам революциясының төртінші онжылдығының басталуымен Иранды «аймақтың тұрақтылығын бұзушы, аймақтың тынышсыздықтарының факторы» деп көрсетуге шоғырланды. Бірақ, олардың бұл қастықтары Иранның аймақ пен әлемнің қауіпсіздігін сақтап, нығайту рөлі алдында сәтсіздікке ұшырады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жүз мың адам сиятын «Азади» спорт кешенінде басидждердің-ерікті күштердің алдында сөйлеген сөзінде: "Үстемшілердің мақсаты – исламдық Иранның күш-қуатына соққы беру. Қоғамдық тұрақтылық, қауіпсіздік пен ұлттық бірлік, революцияның негіздеріне табандылық, ғылыми даму, революцияшыл және исламдық мәдениетін тереңдету, қорғаныс пен зымырандық даму мен аймақ мәселелерін шешу ісіне белсенді атсалысу – Ислам республикасы күш-құдыретінің факторлары. Сондықтан дұшпандар осы факторларға соққы беруді көздеуде. 

Иран өзінің Ислам революциясының жеңісіне дейін патшалық режимнің аймақ пен әлемдік саясатының осалдығынан Құдай берген геополитикалық жағдайын дұрыс пайдаланбай, ықтиярсыз әлемдік алпауыт елдерге бағынды. Алайда бүгін Иран жеңіске жеткен Ислам революциясының берекесімен аймақ пен әлемдік өзгерістерде маңызды рөл атқарып, аймақтық, тіпті трансаймақтық ешбір мәселе Ислам республикасының қатысуынсыз шешілмейтін болды. Өткен екі ғасырда Батыс Азия аймағындағы ең маңызды оқиға саналатын Иранның Ислам революциясы Батыс пен оның аймақтағы өкілі – сионистік режимнің адамзатқа қарсы әрекеттерімен қарсыласуды өзінің стратегиялық мақсаттарының басты мәселесі етіп қалыптастырды. Иранның аймақ мәселелеріне гегемониялық емес, әрі Батыстың билеп-төстеу әдістерінен өзгеше келіссөздер арқылы қатысуы Батыс Азия стратегиялық аймағын өз бақылауына алу үшін миллиардтаған доллар жұмсаған америкалықтардың алаңдаушылығына себеп болды. Вашингтон басшыларының Иранның аймақтағы ықпалы туралы уәждері қате әрі ойдан шығарған мәліметтерге сүйенеді. Иран Ислам республикасы жүйесінің тұрақты күш-құдыреті мен геополитикалық жағдайы және экономикалық жетістіктерін пайдаланып, аймақта маңызды рөл атқарып, үлгі бола алғанына күмән тумайды. Иранның Ислам революциясы да аймақ халықтарының ықыласына бөленіп, олардың қарсыласу рухтарының нығаюына себеп болды. Бұл көңіл-күй қазір олардың қарсыласу  топтарын құрып, АҚШ пен сионистік режимнің аймақтағы билеп-төстеушілік саясатына кедергі болды. ИИР өзінің стратегиялық неіздеріне сай әрқашан әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуды көздейді. Иран белсенді әрі тәуелсіз саясатқа ие ойыншы ретінде аймақ пен әлемдік оқиғаларға белсене қатысады.

Ислам республикасы жүйесінің ықпалы мен бейбітшілік болмысы және осы негізді Иранның сыртқы саясатына енгізуі бұл елдің әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнатылуына белсенді қатысуына себеп болды. 

ИИР аймақтағы Йемен дағдарыстары және Мьянмадағы Рохинья мұсылмандарына көмектесу бойынша өткен халықаралық отырыстарда маңызды рөл атқарды. Иран әрқашан соғыс пен жаппай қырып-жоятын қарулардан ада қауіпсіз әлем құру мақсатындағы шараларға сындарлы түрде қатысуда.

ИИР-ның пікірінше, бірігіп, лаңкестік сиықты ортақ қоқан-лоққыға қарсы тұруға болады. Иран Мәжілісінің зерттеу орталығының басшысы, Шаһруд пен Миами халқының өкілі Казем Джалили бұл туралы: «Бүгін ислам әлемі «лаңкестік» деген проблемамен бетпе-бет келіп отыр. Парламентаралық одақ  қазіргі жағдайда ДАИШ пен аймақтағы Исламға қарсы басқа лаңкестік топтарға қатаң ұстаным білдіріп, көбірек әсер ете алады»,- деді.  Аймақтың әсіресе өткен онжылдықтағы жағдайы аймақта бейбітшілік орнату үшін басқыншылық пен зорлық-зомбылықты тоқтату қажет екенін көрсетті.

ИИР-ның өткен жылдардағы ұстанымы дәл осы негіздерді қуаттады.

Иран аймақтың, әсіресе Палестина мәселесін шешуді халықтардың құқығы санайды. Соның ішінде Таяу Шығыстағы бейбітшілік тағдырын анықтау құқығы мен барлық босқындардың туған жерлеріне оралу құқығы сол жердің мұсылман, христиан мен еврей тұрғындары қатысатын референдум арқылы астанасы қасиетті Құдс қаласы болатын біржақты үкімет құрудың арқасында ғана мүмкін болады. Бірақ, сионистер әлемдіктерді «босқын палестиналықтардың қайтып оралу құқығы жоқ» деп сендіруге, сондай-ақ  қарсыласуды лаңкестік деп көрсетуге талпынуда.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи ислам елдерінің парламентаралық  13-ші жиналысына қатысқан қонақтармен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Сионистік режиммен қарсыласудың пайдасы жоқ деп ойламау кеерк. Өйткені, күрескерлер Алланың көмегімен сионистік режимге қарсы нәтижеге жетеді. Қарсыласу қозғалысы бұрынғы жылдарға қарағанда ілгерілей түсті»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Палестина мәселесінде жерлерді басып алу, миллиондаған халықты ұжымдық қудалау және жаппай қырып-жою мен адамзатқа қарсы қылмыстар секілді үш тарихи оқиғаға тоқталды. Хазірет үлкен тарихи зорлық-зомбылықты дәлелдейтін үш жеке оқиға ислам әлемінің ұмытылған міндеттемелерін еске салады деп санайды. Аятолла Хаменеи көбінесе сионистер басқаратын, ислам әлемінің маңызды мәселелеріне немқұрайдылық танытып, ислам үмбетінің негізгі мәселелерін ұмыттыруды көздейтін Батыстың қатерлі үгіт-насихатына жол бермеуді қуаттайды. ИИР әлемге ешбір жағдайда өз жауапкершілігінен бас тартпайтынын және Ислам республикасы жүйесінің қырық жылдығында Палестина халқының құқықтарын қорғауды жалғастыратынын мәлімдейді.