Қаң 28, 2019 17:05 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (21)

Ислам революциясынан кейін Иран адами даму бойынша әлемдегі бірінші елге айналды.

Адами даму – сауаттылық, өмір сүруге үміт, денсаулық сақтау жүйесі, емдеу және жанұялардың табысының арту деңгейін өлшеу арқылы алынатын көрсеткіш.

Иранның жағдайы Ислам революциясынан кейінгі жылдары аса мәз емес еді.  1979 жылы өмір сүруге үміт, яғни адам өмірінің орташа ұзақтығы 54 жас болған. Келесі жылы Иранда адами даму көрсеткіші жоғарылай бастап, жалпы сақтандыру, сауаттылық деңгейінің артуы сияқты мәселелер 41 пайыздан 85 пайызға жетіп, өмір сүруге үміт 54 жастан 75 жасқа көтерілді. Бұдан басқа көрсеткіштер Иранды соңғы 40 жылда алғаш рет адами даму көрсеткіші тұрғысынан әлемдегі ең үздік елге айналдырды. Бұл көрсеткіштің әлем бойынша орташа көрсеткіші 0,69-0,73 пайыз. Бұл көрсеткіш Иранда жыл сайын 1,6 пайызға, яғни әлемдік көрсеткіштен екі есе артып отыр.