Қаң 28, 2019 19:59 Asia/Almaty
  • Иран: Тебриздің көк мешіті

Тебриздің көк мешіті – Иранның тарихи мешіттерінің бірі. Ол х.қ.ж.с.б. 9 ғасырда Иранда Қара қойлылар әулеті басқарып тұрған кезде Джаһаншаһ бен шаһ Юсефтің бұйрығымен салынған.

Оның үлкен күмбезі Илханилер дәуіріндегі сәулет өнерінің кірпіштен салынған ең ірі құрылыстарының бірі саналады. "Исламның көк ақығы" (Фирузе-е ислам) деген атпен танымал бұл мешіт толығымен көк және көгілдір түсті керамикалық тақташалармен жабылған. Онда қолданылған керамикалық тақташалар аспан пен теңіз түсті. Бұл көк тақташаларға қараған кезде бойыңызды ерекше тыныштық жайлайды.

Мешіттің үлкен ауласы төрт бұрышты пішінде салынған. Оның ортасында вузу алатын хауыз орналасқан. Осы көк түстің арасынан ақ және қара түсті тақташалар да көзге түседі. Бұл тақташалардың түстерінің қарама-қайшылығы "муаррақ" стилінде белгілі бір тәртіппен бір-бірінің жанына орналастырылған. Мешітке аяқ басқанда онда қолданылған ирандық-исламдық сәулет өнері бойымызға шабыттандыратын теңдессіз сезім сыйлайды.   

Тебриздің көк мешіті 
Тебриздің көк мешіті 
Тебриздің көк мешіті 
Тебриздің көк мешіті 
Тебриздің көк мешіті 
Тебриздің көк мешіті 
Тебриздің көк мешіті 
Тебриздің көк мешіті 
Тебриздің көк мешіті 
Тебриздің көк мешіті