Қаң 29, 2019 14:58 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (22)

Иранның әйелдер командасы 1958 жылы Азия ойындарына қатысқанымен, ешқандай жүлде алмады.

Иранның әйелдер командасының алғаш алған медалі 1965 жылы волейболдан қола жүлде болды. Ирандық әйелдер Ислам революциясына дейінгі кезеңде жеке сайыста семсерлесуден бір рет алтын алды. Алайда ирандық әйелдер Ислам революциясынан кейінгі жылдары Азия ойындарында ең көп медаль алды. Иранның әйелдер командасы 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында бірінші рет 16 медаль алды. Бұл ойындардағы әйелдер сайысы тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Тура осы жылы дәл осы ойындарда ирандық әйелдер ел тарихында бірінші рет командалық сайыста 1 алтын алып, "кабадди" ойынында Үндістан командасын жеңген алғашқы азиялық команда болды.