Ақп 03, 2019 18:44 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 20

Иран Ислам революциясының жетекшісі хижри шамси күнтізбесі бойынша 1397-ші жылдың басында сөйлеген сөзінде Ислам революциясының өткен қырық жылдағы табандылығына тоқталып, халық демократиясын Ислам республикасы жүйесінің маңызды негіздерінің бірі деп атап: «Өткен 40 жылда әр жылы немесе әрбір екі жылда бір рет сайлау өтіп, сайлауларға халық өз еріктерімен қатысты. Нәтижесінде өткен 40 жылда билік басына әртүрлі саяси ұстанымдарға ие үкіметтер келді» ,- деді.

 

Ислам революциясы өз мақсаттары мен армандарына сай Иран қоғамындағы діни және ұлттық тағылымдардан тамырланған әрі барша қабылдаған деректерді тудырды.  Алға ілгерлеу мен кемелдікке жетуді қалау Ислам революциясының келешегін одан сайын жарқыратқан жетістіктердің бірі болды. Бұл салада дамудың ең маңызды тұрғыларының бірі, яғни саяси даму мен оның Ислам  революциясынан кейінгі жүйе құру саласындағы белсенділігі діни халық демократия жүйе ретінде қалыптасты. Саяси даму мен оның пайдалы болуы діни халық демократия жүйесінің құрылуы үшін ерекше маңызға ие.

Ирандағы  діни халық демократия жүйесіндегі критерийлер саяси дамудың  Ислам  революциясының мақсаттарының бірі екенін көрсетті. Діни халық демократия халықтың ризалығы, құндылық, шындық және заңға негізделеді және тек саяси даму арқылы іске асырылады. Негізінде саяси даму діни халық демократия жүйесінің арнайы қажеттіліктерінің бірі.  Иранда Ислам революциясының жеңісінен  кейін илаһи құндылықтарға сүйенген саяси даму исламдық жүйенің маңызды жетістіктерінің бірі болды. Тарихи құжаттар бойынша, адамның қоғамдық дамуының талпыныстары алғашқы жамағаттардың құрылуы, өмір сүретін мекені мен  азық-түлігін жақсарту, кейінгі кезеңдерде үкімет құрып, қала құрылысымен айналысуға жол ашты. Бұл салада Грекияда және кейін әлемнің түкпір-түкпірінде әртүрлі органдар құрылды. Әртүрлі қоғамдағы қоғамдық, экономикалық және мәдени дамумен  бірге  саяси даму  тақырыбы да маңызды саналады. Сондықтан билік жүргізіп, қоғамның істерін атқаратын ұйымдар құрылады.  Сөйтіп саяси даму қоғамдардың құрылуынан басталды. Кейін жылдамдыққа ие болып, қоғамдардың көбінде басқа салаларды   дамытуға көмектеседі.

Саяси даму үшін әртүрлі институттар қаарстылырып,  үкімет  негіздеріне де басқа ғылымдар сынды ерекше маңыз берілді.  Егер дамуды әртүрлі өзгерістердің әсеріне түсетін үдеріс ретінде қабылдасақ, қоғамдық, саяси, экономикалық және тіпті тарихи  өзгерістерге ие қоғамдардың саяси  дамуы әртүрлі жылдамдық пен   уақытты тәжірибе етті. Кейбір басшылар өз қоғамының мамандарын пайдаланып, саяси саладағы даму оңай алға  ілгерлетін, мыңдық жолды жүз жылда өтті. Басқалар жиырмасыншы ғасырда да бұл дамудың басты негіздерін де дамыта  алмады.

Иранда Ислам революциясының жеңісінен кейін өткен қырық   жылда қоғамда діни халық демократиясын орнату талпынысты байқауға болады. Әр қоғамда діни халық демократиясын кеңейту және демократия негіздерін қалыптастыру үшін халықтың ой-пікірінен бастау керек. Бұл  салада өткен қырық жылда Иран үлкен жетістіктерге жетті деп айтуға  болады.   

 Ирандықтардың ғасырлар бойы хабарсыз  болулары олардың саясат пен  басшыларға сенімсіздік білдірулеріне себеп болды. Бұл кұдіктер саяси дамуға көмектеспеді және Иранның дамымауының  маңызды факторы  болды. Бұл күдік-күмәндер кезеңдердің көбінде үкімет пен халыққа қажет сенімділікке теріс әсерін тигізіп, Иран халқының әлсізденуіне әкелді. Шын мәнінде ирандықтардың көбі саяси даму саласындағы талпыныстардың олар үшін пайдасының жоқ  екенін және тіпті заңға бағынатын басшы билік басына келсе де оларды мүдделерінің зиян көретінін қабылдады.  

Тарихшылар мен Иран танушылардың көбі  географиялық жағдай мен ұлтаралық және мазхабаралық түрлілікті  ең маңызды факторларының бірі  деп санайды. Саяси Исламның құндылықтарына сүйенген көзқарастар бұл  теорияның  қайшылығын дәлелдейді. Уәждерге керісінше  халықтар мен мазхабтар түрлілігі және әртүрлі мәдениеттер Иранның қоғамында қайшылық тудырмас түгіл, саяси дамудың қажеттілігі ретінде  қуатталды.  Негізінде соғыстардың тарихи кезеңдерінің көбі  және бөгделердің араласулары Иранның саяси жағдайының жақсаруына рұқсат бермейді. Басшылардың көбі әртүрлі кезеңдерде соғыстар, сондай-ақ ішкі және сыртқы   қақтығыстармен бетпе-бет келді. Иранның  қауіпсіздігі саяси даму мен ұлттық мүдделерді қамтамасыз етеді.