Ақп 09, 2019 16:20 Asia/Almaty
  • Иран: Таптапан минералды су көзі

Таптапан минералды су көзі Шығыс Әзірбайжан облысының Азаршахр қаласынан 5 км жерде орналасқан.

Бұл бұлақтың суында көміртек диоксиді газының көп болуы оның өте тереңнен бастау алып, Саханд жанартауымен байланысып жатқанын көрсетеді. Бұлақ суы кальций карбонаты (23 дәрежелі) бар су көздерінің қатарына жатады. Таптапан минералды су көзінің шипалық қасиеттеріне байланысты мұнда турист көп келеді.