Ақп 10, 2019 13:45 Asia/Almaty
  • Иран:

«Ойи» жерасты қаласы – әлемнің ең таңғажайып қалаларының бірі.

Ол Кашан ауданының Нушабад қаласында орналасқан. Оның тарихы шамамен 1500 жыл бұрын Сасани билігі заманынан басталады. Бұл қала Ануширван билік құрған кезде Сасан үкіметінің астанасы болған деседі. Қаланың тереңдігі 4 метрден 16 метрге дейін жетеді. Ауданы шамамен 4 км‑ді құрайды. Бұл 3 қабатты қала қолмен қазылған шағын бөлмелерден, дәліздер мен құдықтардан және тағы басқа әртүрлі желілерден тұрады.