Иранның жетістіктері (29)
Иран – әлем бойынша Ресейден кейін ең ірі табиғи газ қорына ие екінші ел.
Иран газы әлемдегі бүкіл қордың 16 пайызын құрайды. Иранда газ алғаш рет 1908 жылы мұнаймен бірге анықталды. Алайда ол тек 1965 жылы қолданыла бастады. Тура сол жылы алғаш рет Кеңес одағының әріптестігімен Иранның Ұлттық газ компаниясы құрылды. Алайда Үкімет революцияға дейін газды қалаларға жеткізу үшін шара қолданбады. Адамдар ол кезде мұнай мен мұнай шырақтарын қолданды. Революция кезінде елдің 5 қаласында тек 50 мыңға жуық үйде ғана табиғи газ болған. Елдің бір ауылында ғана газ болды, бірақ басқа ешбір ауылда газ құбыры тартылмады. Революциядан кейінгі жылдары газ тарту елдің энергетика саласындағы басшыларының басты мәселесі болды. Газ 50 мың жанұядан 14 млн жанұяға жеткізілді, яғни 280 есе өсті. Иран тарихында бірінші рет ауылдарға да газ тарту жұмыстары басталды. Қазір 10 мыңнан астам ауылға газ тартылған. Иран газ көздерін пайдалану деңгейі тұрғысынан АҚШ пен Ресейден кейін әлем бойынша үшінші орында. Катар, Канада, Қытай мен Норвегия Ираннан кейінгі орындарда тұр.