Ақп 18, 2019 11:58 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (32)

Нанотехнология ғылымы жайлы алғаш рет 1959 жылы америкалық физик Ричард Фейнманның баяндамасында сөз қозғалды.

1974 жылы нанотехнология Жапонияда өте ұсақ бөлшектермен жұмыс істейтін технология үшін ойлап табылды. Нано ғылымы саласындағы алғашқы докторлық жұмыс 1991 жылы АҚШ-та молекулярлық машиналар саласында жазылды. Содан 10 жыл өткен соң алғаш рет 2001 жылы Теһранда алғашқы ұлттық нанотехнология форумы өтті. Бұл елдің осы салаға ресми түрде көңіл аударуының бастамасы болды. 2003 жылы арнайы нанотехнологиялық штаб құрылып, елде алғаш рет нанотехнология ғылымы пайда болды. Сол кезден 2017 жылға дейін Иран нано саласында жасалған зерттеулер саны тұрғысынан әлемде төртінші орында болса, ислам әлемінде бірінші орын алды. Бұл әртүрлі кезеңдердегі елдің ғылым саласындағы ең жоғары жетістігі.