Шіл 28, 2019 16:52 Asia/Almaty
  • Иранның әуезді әндері (4)

Бүгінгі бағдарламада "Гүл-е гяндом" (Бидай гүлі) деп аталатын музыкалық туындыны назарларыңызға ұсынамыз.

Бұл - Шираз өңірінің жергілікті музыкасы. Онда тар (домбыраға ұқсас), сантур (жетігенге ұқсас), уд (сыбызғыға ұқсас) пен тонбак (барабанға ұқсас) сынды музыкалық аспаптар қолданылған.

Шираз – Иранның оңтүстік-батысындағы Фарс облысының орталығы әрі елдегі мегаполистердің бірі. Бұл қалада Хафиз пен Сағди сынды парсы әдебиетінің ұлы шайырлары дүниеге келген.