Там 16, 2019 22:33 Asia/Almaty
  • Теһранда

Кеше, 15 тамызда Теһранның шығысындағы "Ешрақ" мәдениет үйінде "Табиғат сұлулығы-7" (The Beauty of Nature-7) атты фотосурет көрмесі басталды.

Ирандық фотограф Джавад Елминианың ұйымдастыруымен өтіп жатқан көрменің осы кезеңінде 17 әуесқой фотографтың 50 туындысы (50х70) жұрт назарына ұсынылды. Макрография және лэндскейп тәсілімен түсірілген фотосуреттерде  Иранның тың табиғаты бейнеленген.

Image Caption

Көрмеге Иранның түкпір-түкпірінен келген талантты фотографтар қатысып жатыр. Солардың ішінде Сұлмаз Асади, Сейіт Алиреза Хиджази, Сепиде Рәджаби, Сиавуш Банаи, Маджид Хейри, Арефе Садат Заранди, Разия Шахбазисадр, Мұхаммад Мехди Эхтерами, Бехнам Насери, Атена Гүлмұхаммади, Мариям Хасанпур, Атефе Болури, Михраб Пакният, Разия Анбари және Амир Насерхани бар.

Айта кету керек, көрменің осы кезеңіне қазақстандық әуесқой фотограф Гаухар Омарханова да "Бурабай" атты фотосуретпен қатысып жатыр.  

 

دریاچه بورابای در قزاقستان

Көрме 21 тамызға дейін жалғасын табады. Көрме соңында қатысушыларға Теһран әкімшілігінің Өнер және мәдениет ұйымының сертификаты табыс етіледі.