Қаз 15, 2019 17:52 Asia/Almaty

Аятолла Хаменеи "Революцияның екінші қадамы" атты баяндамасында Батыстың өмір салтын сынап: "Батыс мәдениеті адамның ой-санасын материалдық дүниелерге байлап, өмірдің мақсатын ақша тауып, байлық жинау деп түсіндіріп, рухани арман-мақсаттар мен рухтың өрлеуін шетке қойып, күнә жасауды қалыпты істей көрсетіп, жанұялардың бұзылуына себеп болады",-деді.

"Батыстың өмір салты" атты бағдарламаның екінші бөлімінде Батыс өмір салтының басты ерекшеліктерінің бірі шектен тыс тұтынушылықты сынап, талдаймыз. Бізбен бірге болыңыздар!

Шектен тыс тұтынушылық – Батыс өмір салтының басты көрсеткіштерінің бірі. Бұл құбылыс капиталистік экономиканың өндірісіне қарқын сыйлап, өткен онжылдықтарда әртүрлі қоғамдарда мәдени-әлеуметтік өзгерістердің жасалуына себеп болды. Қазір қалыптасқан жағдай мен тұтыну мен тұтынушылықты пайда көздеген экономикалық  ағым ғана емес, мәдени нышандар мен символдардан тұратын мәдени-әлеуметтік ағым деп қарау керек. Өйткені айғақтар көрсеткендей, шектен тұтынушылық әрекетсіздік, өз-өзінен жеру, болмыстан айырылу, тіпті қоғамдардың бақылауға алынуына ұласуы мүмкін. Капиталистік жүйеде тұтыну мен тұтынушылықтың салдарлары және соңғы онжылдықтарда тұтынуға маңыздылық беру қоғамтану, адамтану, мәдениет, экономика мен психология сияқты зерттеулер саласында маңызды тақырыпқа айналды.

Осыдан біраз бұрын  Тим де Шанттың (Tim De Chant)  мақаласы шықты. Автор елдердің өмір салтын инфографикалық жобалар арқылы көрсетті: егер әлемдегі 7 млрд адам америкалық тәсілмен өмір сүретін болса, Жер шарынан 4 есе үлкен кеңістік пен аудан қажет болады. Тим де Шант: "Ақпараттар, статистикалық мәліметтер, баяндамалар, мақалалар мен осы саладағы хабарлар адамдардың жанайқайына қарамастан, халықтың өз өмір салтына, яғни тұтынушылық стиліне назар аудармайтынын, ешқандай өзгеріс жасамайтынын көрсетіп отыр. Бұл стиль бір күні оларды құрдымға жеткізеді. Олар мәселені естумен ғана шектеліп отыр, бірақ ешқандай жауапкершілік сезінбейді.  Біз жылына 10 млрд малдың етін жейміз, жылына 16 млрд-тан астам киім-кешек пен бір рет тұтынатын заттарды пайдаланып, лақтырамыз. Бұл нені білдіреді? Осы айқын инфографикалық жобалар әлем халықтарына тек қана тұтынушы болудың апатты салдары барын түсуіне қажет әсер ететін болар",-деп жазды.

 

Егер әлемдегі 7 млрд адам америкалық стильмен өмір сүргісі келсе, бізге Жер шарынан 4 есе үлкен кеңістік пен аудан қажет.

 

Егер әлемдегі 7 млрд адам америкалық стильмен өмір сүргісі келсе, бізге Жер шарынан 4 есе үлкен кеңістік пен аудан қажет.

Әртүрлі елдердің тұтыну үлгілері арасында Батыстың өмір салты – ең көп тұтынатын үлгі. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, америкалықтар әлемде тұтыну заттарын мөлшерден тыс, асыра пайдаланады. Жалпы олар әлем тұрғындарының тек 5 пайызын құрайтынына қарамастан, әлемдегі қуат көздерінің 20 пайыздан астамын, ет өнімдерінің 15 пайызын тұтынып, бүкіл қоқыстың 40 пайызын қалыптастырады.

Бұрынғы замандарда адамдардың экономикалық қатынастары қарапайым болған. Өндіріс аз болған, адамдар өз қажеттіліктерін назарға ала отырып, тауарлар шығарып, қызмет көрсеткен. Қажетсіз және аса бағалы тауарлар сатып алу сирек болатын. Көбінесе қоғамдағы ауқатты адамдар ғана мұндай заттарды сатып алатын. Батыста Ренессанс пен индустриялық революция болғаннан кейін өндіріс өнеркәсіптік тәсілмен жүргізіле бастады. Бұл тәсілде өнім көптеп өндіріледі, сондықтан әлемнің бай тобынан үлкенірек нарық қажет болды. Батыстық өндірушілер тұрғысынан тұтынушылық көбірек өндіріп, көбірек пайда табуды көздейді. Сондықтан капиталистік жүйе халықтың тұтыну туралы ойын өзгерту арқылы өзі қалаған нарықты қалыптастыруды көздеді. Бұл мақсат ауқымды жарнама арқылы көбірек тұтынуға қажеттілік сезімін тудырумен жүзеге асырылды. Осылайша тұтынушылық құбылысы қалыптасты.

Бұл құбылыстың белгілері 19 ғасырдың аяғында Батыста пайда болды. Буып-түю индустриясы, жарнама мен сауда брендтері пайда болған соң сату нарығында өзгеріс болып, заманауи тұтынушылыққа жағдай жасалды. Бұл қатынаста тұтынушылық қажеттілікті өтеу үшін ғана емес, адамдардың талап-тілектері негізінде қалыптасты. Халық теле және радио арналар арқылы жарнамаланып, ой-санасында қалып қойған заттарды алуға тырысады. Руже Гаруди "Тірілерге ескерту" атты кітабында: "Батыс стиліндегі еркін экономика нарықтың қажеттілігін өтеу үшін емес, керісінше қажеттілік тудыру үшін жұмыс істейді",-деп жазған.

Walmart америкалық көтерме сауда компаниясы – әлемдегі ең ірі азық-түлік дүкендері, супермаркет мен гибермаркет желілерінің бірі. Бұл компания 2012 жылы Royal Dutch Shell мен Exxon Mobil компанияларынан кейін әлемнің ең ірі үшінші компаниясы атанды. 2013 қаржы жылы Walmart компаниясы 469 млрд доллар табыспен әлемдегі табысы мол ең ірі компания деп танылды. Яғни тек тауар тарататын компания әлемнің қуат көздерін өндіретін ең ірі компаниялардан кейін әлемнің азық-түлік себетінен ең көп пайда көретіндердің қатарына енгізілді. Бұл таңданыс тудыратын статистика қоғамды шектен тыс тұтынушылыққа одан ары кіріптар ету саясатының маңыздылығын көрсетеді.

Шектен тыс тұтынушылық дегеніміз адамның алуға қаражаты жетпейтін тауарлар мен қызметтерді тұтынуға қызығушылығы. Халық қазір мұндай тауарлар мен қызметтерді пайдаланудың адамның индивидуалдық құндылығы мен орнын көрсететін қоғамда өмір сүреді. Француз теоретигі Жан Будриар "Витрина астындағы жарнама шектен тыс тұтынушылық қатынасты қалыптастырады. Осылайша адамдардың индивидуалдығы қалыптасады" деп санайды. Оның айтуынша, "Адамдар өз болмысын өздері тұтынатын заттар арқылы қалыптастырады". Бүгінде көптеген қоғамдарда адамдардың болмысы тұтыну деңгейімен анықталады. Үйге қажет заттар, спорт құралдары, киім-кешек пен азық-түліктің маркасы мен бренді олардың болмысын анықтап, бағыт береді. Осы жерде тұтынушылық әлеуметтік және мәдени мәселеге айналады. Ол адамдардың болмыстық кеңістігімен және олардың өмірдегі күнделікті белсендігімен байланысып, қоғамның ерекше тобымен реңктес болып, белгілі бір орын алудың символына, ақырында өмір салтына айналады. Университеттің ұстазы әрі ирандық қоғамтанушы доктор Мұртаза Қалич: "Тұтынуға құмар адамдардың көбі әлеуметтік статус алу және өз-өзін қоғамға көрсету үшін тұтынуға бет бұрады. Сөйтіп, капиталистік жүйенің құмарлықтарына душар болады",-дейді.

Тұтыну мәдениеті индивидуалдану сияқты ұғымдарды қамтиды. Ол өзін мәдени стиль қалыбында көрсетеді. Киім-кешек түрі, сұхбаттасу тәсілі, демалыс уақытын өткізу түрі, сусындар мен тағамдар таңдау, үй мен архитектуралық стиль таңдау, автокөлік моделі сияқты жайттар индивидуализмнің көрсеткіштері мен тұтыну талғамы болып саналады. Бұл жайттар шын мәнінде тұтыну арқылы белгіленетін өмір салтының бір бөлігі болып табылады. Батыстың өмір салты – индивидуализм. Индивидуалистердің сенімі бойынша, адамдарға барынша азаттық пен ықтияр берілгенде олардың мүдделері жақсы сақталынады. Адам ешқандай жауапкершілік сезінбейтін еркін жағдайда мақсаттар мен мүдделерге жету құралын таңдайды. Басқа сөзбен айтқанда адам – өз мүдделерінің ең жақсы төрешісі. Осындай индивидуализмнің нәтижесі – эгоизм. Ретсіз тұтынушылық әралуан әлеуметтік мәселелердің, соның ішінде қоршаған орта мен келесі ұрпаққа қатысты жауапсыздықтың ең маңызды факторы болып табылады.  

Жил Липоветски  "Тұтыну көбігінің ар жағында" атты кітабында асыра тұтынушы қоғам жайлы сөз қозғаған. Онда жанұяның әрбір мүшесінің бөлмесінде жеке телевизор мен аулада жеке көлік бар. Жаңа заттар, соның ішінде ұялы телефон, сым телефон, ноутбук, видео, қысқа толқынды пеш пен тағы басқалар жеке заттар болып есептеледі.  Ол мұндай заттарды сатып алудың бұдан былай байлықтың белгісі емес екенін айтып, капиталистік жүйенің келес бір принципі – ләззат іздеу принципіне тоқталды. Оның ойынша, көп тұтынатын адамдар жаңа сезім мен ләззат іздейді.

 

Материалдық дүниелерден ләззат іздеу, әсіресе жылдам ләззат талап ету –  дамыған елдерде бақытты өмірге берілетін жаңа сипаттама. Көп тұтыну оның табиғи қажеттіліктерінің бірі саналады. Заманауи адам – табыс табу мен ләззат іздеудің көрінісі. Капиталистік жүйенің қисынында табыс пен ләззат даму мен әл-ауқат әкеледі деп саналады. Мынадай сауал туындайды: Батыс адамы көбірек дамып, әл-ауқатқа жетсе, көбірек ризалық пен бақыт сезіне ме? Бір экономист: "Технология бізді тұрмыстық қажеттіліктер ғасырынан құтқарады, қазір бізде бос уақыт көп деп уәж айтамыз. Бірақ адам 8 сағат немесе одан да көп уақытты жұмыста өткізетіндей қоғам құрдық. Адам тіпті тамақ ішуге уақыт таппайды. Үнемі үлгермей жүреді. Өйткені оған қажеттілік көп тудырып, әралуан және ауқымды алаң бергеніміз соншалықты,  алуандықтың көбінен басы айналып, тыныштық пен қуаныш сезімінен айырылды. Біз жайлырақ қоғам қалыптастырған жоқпыз, ауырқ әрі күрделі қоғам тудырдық",-деді.  

Келесі бағдарламада да бізбен бірге болыңыздар!